Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Тәуке хан Әбілмәмбет хан ұлы баяндаңыз



бет31/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

64. Тәуке хан Әбілмәмбет хан ұлы баяндаңыз Әбілмәмбет ханның (1690–1771 жж.) ұлы, Болат ханның немересі Тәуке сұлтан Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдіктен тараған. Тарихшы-ғалым И.Ерофеева, оның Орта жүз қаракерей найман руына, ұлы жүздегі сіргелі және сарыүйсін руларына билік жүргізгендігі туралы деректер келтіреді. Сонымен қатар, Тәуке Әбілмәмбетұлы туралы орыс деректік құжаттарында біршама мәліметтер кездеседі. Орта жүз сұлтаны Тәукенің орыс генерал-поручигі И.Деколонгқа 1765 жылы 14 қазанында Ресейге қосылуға ниет білдіруі туралы хат (Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках, 1961: 115) жазғандығы жайында деректер сақталған. Ал, И.Г. Андреев дерегінде Тәуке сұлтан туралы оның көшетін жайлауларының Ертіс өзенінің бойы, Ямышев бекінісі маңы, тұщы көлі, мол қарағайлы орманы бар Баянауылдың тауларында екені туралы айтылады (Андреев, 2007: 137). Тәуке сұлтанның сол кездегі Ресей, Қытаймен байланыстарда өзіндік орны бар. Содан болса керек, 1783 жылы оған Цин империясы «ван» титулын береді. Оның 1797 жылы қайтыс болғандығы жайында деректер сақталған. Мүрдесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойылған (Қазақ хандары, 2015: 176).
65. Есім хан Сәмеке хан ұлы баяндаңыз Сәмеке ханның кіші ұлы Тәуке ханның немересі Есім хан – XVIII ғасырдың екінші жартысында билік құрған қазақ хандарының бірі. Есім Сәмекеұлының туған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Оның ұлдарының арасында тарихта есімдері белгілілері Шаңхай, Айшуақ, Қодайменде сұлтандар. Ол 1756–1798 жылдары билік құрды. Түркістан айналасындағы шағын елдімекендер және осылардың айналасындағы көшпелі қазақ ауылдары басшыларының қолдауымен Әбілмәмбет ханға қарсы әрекет ретінде хан етіп сайланған. XVIII ғасырдың 50–60 жылдары Әбілмәмбет ханмен Түркістан үшін таласып 1758 жылы күзде өз қарсыласын қалаға кіргізбейді. 1762 жылы Абылай сұлтанмен Орта жүздің әйгілі биі Қаз дауысты Қазыбектің ара-ағайындығы арасында бәсекелес жақтар арасында келісім жасалып Түркістан қаласы мен оның аймағындағы басқа да қалашықтарға Әбілмәмбет пен Есімнің билігі жүретін болды. Бейбіт келісімге сай екі ханға Түркістан қаласы және оған қарасты елдімекендер екіге бөлініп берілді. Түркістан қаласының бір бөлігі белгілі бір қақпаларымен және осы бағытта орналасқан елдімекендер Әбілмәмбет ханға тиесілі болды. Қаланың екінші бөлігі және оған тиесілі қақпалар, сыртқы қалашықтар Есімге қарады. Әбілмәмбет 1769 жылы қайтыс болған соң, оның бөлігін баласы Болат иеленгенде Есім Түркістан қаласын сонымен бөлісіп басқарды (Қазақ хандары, 2015: 176). 1798 жылы Ташкент билеушісі Жүнісқожаның Оңтүстік Қазақстан аймағын өзіне бағындыруына орай Есім ханның Түркістан қаласы мен оның айналасындағы отырықшы елдімекендерге жүргізген билігі тоқтайды (История Казахстана в русских источниках, 2005: 161).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет