Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Қаз дауысты Қазыбек би туралы баяндаңыз



бет34/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

70. Қаз дауысты Қазыбек би туралы баяндаңыз Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан Қазыбек би 1665 жылы Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. Оның әкесі — Келдібек би. Қазыбек бидің ақыл-ес қабілеттері жоғары болып, халық үшін бәрін істеуге дайын болған. Ол атақты шешен, халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы болып, шын мәнінде Орта Жүзіндегі мемлекеттілік пен заңның қорғаушысы болып табылған екен. Бірақ та қазақ даласында тек өзінің би қызметтілігінің арқасында ғана емес белгілі тұлға болып саналған. Сөзге шешен, вербалды таласқа түсіп, ұтымды сөзді пайдаланып, өз қарсыласының ойынан озып кете беретін болды. Оның бойындағы осындай қасиеттер би ретіндегі және елшілік қызметі үшін-де өте пайдалы болған. 
Билердің ерлігі әйгілі батырларлар көрсеткен ерлігінен кем емес болып, мемлекет саясатының барысын анықтаған еді. Осылай, Қазыбек бидің ақылы мен күшінің арқасында қалмық пен қазақ халықтары арасында тыныштық орнатылған.
Қазыбек би Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді, сондықтан да Жоңғар әміршісіне барған алғашқы елшіліктің құрамында болған.
71. Шоң би Едіге ұлы туралы не білесіз? Шоң ЕдігеұлыШоң би (1754, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1836, сонда) – төбе би, аға сұлтан. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бұтағынан шыққан.
Шоң Би Едігеұлы (1764-1836)- Орта жүздің атақты биі. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 ж. "Төрт ұлы" (Төртуыл) одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Ш. б-ді бір ауыздан "Төбе би" деп таниды. 1833 - 1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. А.Янушкевич өзінің 1946 ж. Парижде шығарған "Дневники и письма" деген еңбегінде : "Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген", - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. [1
72. Торайғыр би Едіге ұлы туралы айтыңыз Торайғыр Едігеұлы (1772 – 1825) – белгілі би, шешен. Шыққан тегі арғын ішіндегі сүйіндік руының айдабол[1]. Павлодар облысы, Баянауыл өңірінде туып өскен. Әкесі Едіге Төлебайұлы Тәуке хан тұсында би болған. Торайғыр орысқа бағынудан бас тартты. Орта жүзде Ғұбайдолла Уәлиұлының хандық билігін орнықтыруға әрекет жасады. Орыс отаршылығына қарсы ақыл-парасатымен, айбынды сөзімен күрескен Торайғыр Ресей құжаттарында империяға қарулы қарсылық жасаған Саржан Қасымұлымен теңестірілген (1825). Торайғырдың адамның қоғамдағы орны туралы түсінігі мен нақылдарына, жақсы мен жаманды безбендеген көркем әрі бейнелі сөздеріне дала даналығы, халық философиясы тән. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы замана қайшылықтарын терең таныған Торайғыр бидің нақыл сөздерін (“Аспан, жер және адам жаратылысы туралы”) өзінің тіршіліктің бастау сөздері жөніндегі ой-пікірлеріне дәлел ретінде пайдаланған. Баянауыл өңірінде “Торайғыр көлі”, “Торайғыр ауылы” атты жер-су аттары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет