Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Болат хан Әбілмәмбет хан ұлы баяндаңыз



бет32/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

66. Болат хан Әбілмәмбет хан ұлы баяндаңыз (туған жылы белгісіз - 1723 жылы шамасы) (1718-1729) — билік құрған - қазақ ханы. Ұйымдастырушылық, қолбасшылық қабілетімен ерекшеленбеген Болат мұрагерлік жолмен хан сайланған.
Болат билік еткен тұста Орта жүз қазақтары бірнеше рет (1716, 1717, 1722, 1723) ойраттардың шапқыншылығына ұшырады. Болат жоңғар басқыншылары, башқұрттар мен Еділ бойы қалмақтарына карсы қазақ жасақтарын ортақ күш етіп жұмылдыра алмады. Болат жөнінде тарихи деректер аз кездеседі. Оның балаларының ішіндегі белгілісі — Әбілмәмбет хан.[1][2]
67. Тоғай хан Қарабас сұлтан ұлы баяндаңыз Түркістан қаласына билік жүргізген қазақ ханы. Туылған жылы белгісіз, қайтыс болған жылы – 1826 жыл. Тоғай хан Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдіктен тарайтын әулетке жатады. Тоғай ханның әкесі XVIII ғасырдың соңғы ширегінде қоңырат тайпаларын басқарған Қарабас Мұхаммед сұлтан. Міржақып Дулатовтың жазуынша, Тоқай төре (Дулатов, 1998: 42), Майлықожа бойынша – Тоғай хан (Сұлтанқожаұлы, 2010: 203), қоқандық деректе – Токай торе (Бейсембиев, 2010: 102) деген атпен белгілі болған. Бұл есім кейбір деректерде Токай, Тугай, Тукай үлгісінде жазылады. Қарабас сұлтанның екі баласының аты тарихта мәлім. А.Г. Оловинцов пен Г.Ж. Табулдин шежіресі бойынша Тұрсын хан – Көшек хан – Сынқай сұлтан – Қарабас сұлтаннан Тоғай хан мен Әліақбар (Әликен) хан. Тоғай ханның әкесі Қарабас сұлтан XVIII ғасырдың соңғы ширегінде қоңыраттарды басқарды. Әкесі қайтыс болған соң шамамен XIX ғасырдың басында әкесінің орнын басады. Қай уақытта хан болып көтерілгені туралы нақты мәлімет жоқ. Міржақып Дулаттың айтуынша, «сол кезде Бұқара үкіметінің сайлауы бойынша Түркістанды қазақ төресі Тоқай төре билеп тұр екен…» (Дулатов, 1998: 42). Тоғай ханның әмірі Түркістан қаласымен қатар оның айналасындағы елдімекендерге, Ұлы жүздің сарыүйсін тайпасының бір бөлігіне және Орта жүздің қоңыраттарына жүрді. 1816 жылы кенеттен соғыс бастаған Қоқан хандығының әскеріне Тоғай хан қатты қарсылық көрсеткен деген пікір бар (Ерофеева, 1997: 87,129). Қоқандықтар Түркістанды жаулап алғанда қала қатты өртенген деген пікір әдебиетте кездеседі. Тоғай хан Бұқара әмірінен көмекке әскер алса да Түркістан қаласын қайтара алмаған, Түркістан қаласынан қуылғанымен қоңыраттарға хан болып қала берген. Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен Арынғазы ханмен достық қатынаста болған. Оған кек алу үшін Хиуамен соғысқан жағдайда көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген. XIX ғасырдың 20-жылдары қоқандықтар Тоғай ханның соңына түсіп алған соң ол Бұқара қаласына кетуге мәжбүр болып, онда Бұқара әмірі Хайдардан саяси баспана тапты. Бұдан кейін ол Бұқара хандығының ішкі саяси өміріне араласқан. Әмір Хайдар қайтыс болған соң хандықтың ішкі тартысына араласып, билік үшін күресіп жатқан топтардың біріне қосылған. 1826 жылы хан сарайын болашақтағы Бұқара хандығының әмірі Насрулла жақтастарымен басып алуы барысында Тоқай төре оққа ұшып қайтыс болды деген мәлімет бар (Ерофеева, 1997: 87, 129). Ұрпақтары арасынан алынған мәліметтерге қарағанда хан қазіргі Отырар ауданы Қарақоңыр ауылына жақын жерде, Шейбан тоғай деген жерде дүниеден өткен деседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет