«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені



бет70/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені

Мамандығ0201000

Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері

пәнінен

15 ТАҚЫРЫП Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауапкершілік. Заңдылық және құқықтық тәртіп

Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.

Негізгі сұрақтар: Құқық бұзушылық жəне заң алдындағы жауаптылық.

Заңдылық сипаттамасы. Құқықтық жəне қоғамдық тəртіп.



Құқық бұзушылық жəне заң алдындағы жауаптылық

Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы əрекеттер (əрекеттіліктер немесе əрекетсіздіктер). Адамдардың қандай да əрекеттері (əрекеттіліктері немесе əрекетсіздіктері) қоғамға қауіп тудырған немесе туындататын болса ондай əрекеттілік немесе əрекетсіздік құқық бұзушылық деп бағаланады. Адамның əрекеті (əрекеттілігі немесе əрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай əрекеттілік немесе əрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Əрекеттің (əрекеттілік немесе əрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сəттен тұрады, олар: зиянның болуы жəне оның қоғам тарабынан бағалануы. Құқық бұзушылық дегеніміз, адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін кінəлі, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы əрекеті немесе əрекетсіздігі. Құқық бұзушылықтың белгілері (нышандары):

а) қоғамға зияндылығы, қауіптілігі - құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, айырымдық белгісі жəне оның заңнан құқыққа қайшы болу шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияны мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады; б) кұқыққа қайшы келушілік - əрекеттің немесе əрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы (қарсы) келудің жəне ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды, əрі оны бекітеді де;

в) кінəлілік - басқаша айтқанда - құқық бұзушылыққа бару құқық бұзушының тысқарыдан ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік-ықтиярын əлгіндей түрде білдіруі, ал мұның өзі кінəлі жүріс-тұрыс (мінез-құлық). Егер де жеке адамды таңдау еркі (ықтияры) болмаса, егер ол өзінің жүріс-тұрысының құқыққа қайшы келетінін жете түсінуге қабілеті болмаса, онда оның кінəлі əрекеті құқық бұзушылық болмайды да, ол объективті түрдегі құқыққа қайшы əрекеттік болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындағы жауаптылыққа тартылмайды;

г) əрекеттілік немесе əрекетсіздік түріндегі əрекеттер. Мұндағы əрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық - тұлға заңдық талаптарды орындауға міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайда болады;

д) жазаланушылық - мемлекет тарапынан мəжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі.

Құқық бұзушылықтар əлеуметтік қауіптілігіне байланысты жəне зиян келтіру дəрежелеріне қарай қылмыстар жəне теріс қылықтар деп жіктеледі. Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары дəрежеде болатындығымен ерекшеленеді. Олар қоғамның ең маңызды, едəуір мəнді мүдделеріне нұқсан келтіреді. Мұндай ең маңызды, едəуір мəнді мүдделерге нұқсан келтірулер мен қол сұғулардан қылмыстық заңдар қорғайды. Жасалған қылмыстар үшін заң аса қатал жазалау шараларын белгілейді, Формалды түрде қылмыстың барлық белгілері бар болса да қайсы бір қылмыстар қылмыс болып саналмайды. Олай болатын себебі кейбір жағдайларда əлгі қылмыстардың коғамдық қауіптілігі мен зияндылығының маңызы мардымсыз болып келеді. Теріс құқықтар - əлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптілігі төмен дəрежеде болатындығымен ерекшеленетін құқық бұзушылықтар. Бұлардың нұқсан келтіретін объектілері мен заңдық салдары да түрлі- түрлі болып келеді жөне де олар қоғам болмысының əр түрлі салаларында болып жатады.

Теріс қылықтардың қоғамдық қауіптілік дəрежесін анықтауда төмендегідей айырымдық белгілері ескеріледі:

а) нұқсан келтірілген қоғамдық қатынастардың объект түріндегі маңыздылығының дəрежесі;

ə) келтірілген зиянның мөлшері;

б) құқыққа қарсы (қайшы) əрекеттің жасалу тəсілі, уақыты мен орны;

г) құқық бұзушының өз басы.

Теріс қылықтардың жіктелуі:

1. Мүліктік жəне кейбір жекелік мүліктік емес қатынастар аясындағы құқық нормаларын бұзу азаматтық-құқықтық нормаларды бұзушылықтар деп аталады;

2. Заң белгілеген қоғамдық тəртіпке, мемлекет органдарының атқару- орындау саласындағы қатынастарға нұқсан келтіруін əкімшілік құқық бұзушылықтар деп аталады;

3. Еңбек қатынастары аясындағы кəсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың ішкі еңбек ұйымдастыру тəртібіне нұқсан келтіруін тəртіптік құқық бұзушылықтар деп аталады;

4. Заң арқылы белгіленген рəсімдерді əділсоттың жүзеге асыруына (куəлардың сотқа келмей қалуы) нұқсан келтіруін жүргізу қатынастарындағы құқық бұзушылықтар деп аталады.

Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы:

1. Құқық бұзушылықтың субъектісі – кінəлі, құқыққа қайшы (қарсы) əрекет жасаған адам. Мұндай субъект ретінде деликт қабілеттілігі бар адам жəне заңды тұлға танылады.

2. Құқық бұзушылықтың объектісі - қандай затқа құқық бұзушылық бағытталып, оған нұқсан келтірілсе сол зат аталған объект болып табылады. Мұндағы тектік объекті - қоғамдық қатынастар, ал түрлік объект - өмір, ар- намыс, денсаулық, т.б.

3. Объективтік жағы - құқыққа қайшы (қарсы) əрекеттің (əрекетсіздіктің) сыртқы көрінісі.

Объективтік жақтың элементтеріне сол əрекеттің (əрекетсіздіктің) өзі, одан туындаған зиянды нəтиже жəне осы əрекетсіздіктен пайда болған зиянды нəтижесінің себеп-салдарлық байланысы жатады. Əрекет (əрекеттілік, əрекетсіздік) - адамның ерік-ықтияры мен ақыл- парасатының қадағалауы мен бақылауындағы жүрісі-тұрысы (мінез-құлқы) жəне ол адамның əрекеттілігі немесе əрекетсіздігінен көрінеді. Ерік-ықтияр еместігіне қарамастан адамды күштеу арқылы құқық бұзуға итермелеп көндіруден туындаған əрекет құқық бұзушылыққа жатпайды. Əрекеттің құқыққа қайшы келушілігі - тікелей, жанама тыйымдар мен жарасымды (оңды) заңды жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) құқық нормасында жіктелуінен көрінеді. Зиян - қолайсыз салдар, бұлар мүліктік, мүліктік емес, ұйымдық, жекелік (дербес) жəне басқалай да сипаттар түрінде болуы мүмкін. Зиянның объективтік жағына сондай-ақ құқық бұзушылықтың болған орны мен уақыты да кіреді.

4. Субъективтік жағы - бұған өзінің жасаған əрекетіне жəне оның салдарына сол тұлғаның субъективтік қатынасын (қарауын) сипаттайтын үлгілердің (нышандардың) жиынтығы жатады. Мұнда басты категориялары болып – кінə, себеп жəне мақсаттар көрінеді. Кінəнің - қасақаналық жəне абайсыздық деген екі түрі ажыратылып көрсетіледі. Құқық бұзуға ниеттенген адам өз əрекетінің құқыққа қайшы жəне оның зиянды салдарын біле тұра сондай əрекетке баруы қасақаналық деп бағаланады. Құқыққа қайшы əрекетке баруда адам оның зияндылығын жете түсініп тұрып сондай салдардың болуын тілеген болса бұл тікелей (əдейі) қасақаналық болып шығады. Ал енді сондай əрекетке баруда құқық бұзушы адам сол əрекетінің нəтижесінде зиянды салдардың болуын болжалдаған болса, онда бұл əрекет жанама қасақаналық болады. Абайсыздық қылмыс астамшылдық жəне қылмыстық астамшылық (менменсу) деп жіктеледі. Қылмыстық ұқыпсыздық болғанда адам өз əрекетінің құқыққа қайшы екендігіне мəн бермейді, ол əрекетінің салдары қандай болатындығын да болжай алмайды. Қылмыстық астамшылықта адам өз əрекетінің құқыққа қайшы келетіндігін түсінеді, оның қандай салдарға апарып соқтыратынын да, оның қауіпті нəтиже беретінін де болжайды, дегенмен жеңілтектік жасап ондай салдарды болдырмауға тырысады, үміттенеді. Себеп - құқық бұзуға іштей талаптану. Мақсат - құқыққа қайшы əрекетке барудағы құқық бұзушының ұмтылыс жасап жетсем, алсам деген түпкілікті ойындағы көздеген нəтижесі. Кінə жəне казус - факт ұғымы тығыз байланысты, ол адамның ерік- ықтияры қалауына байланысты туындамайды.

4. Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мəжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.

Заң алдындағы жауаптылық белгілері:

а) құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді;

ə) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді;

б) мемлекеттің мəжбүрлеуіне негізделеді;

в) құқық бұзушылықтың жасалуын нəтижесінде ғана туындайды;

г) құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде қолданылады;

д) міндет жүктеумен байланысты болады;

е) іс жүргізу нысанында (түрінде) жүзеге асырылады;

ж) мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады.

5. Заң алдындағы жауаптылық қай салаға жататындығына байланыстымынадай түрлерге бөлінеді.

- əкімшілік – əкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды жəне шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде

болады;


- азаматтық — заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу нəтижесінде туындайды;

- қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нəтижесінде ғана қолданылады;

- материалдық (дүниемен байланысты) – қандай бір мемлекеттік кəсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды;

- тəртіптік — заң алдындағы жауаптылық əскери, еңбек, оқу орнындағы тəртіптер бұзылған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады. Заң алдындағы жауаптылықты, оны анықтап жүктейтін органдарға байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

- сот арқылы анықталып жүктелетіндері;

- мемлекеттік басқару органдары арқылы анықталып жүктелетіндері;

- басқа құрылымдар арқылы жүктелетіндері.

Заңдық жауапкершілік жүктеудің мақсатын, қызметтері (функциялары) мен қағидаттарын қарастырайық. Заңды жауапкершіліктің мақсаты осы құқықтық амал, тəсіл арқылы кайсындай нəтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетеді, анықтайды. Жəне де осы нəтижелердің қандай болатынын анықтайды. Сөйтіп олардың мəнін терең ұғынуға мүмкіндік береді. Заңдық жауапкершіліктің негізгі мақсаты субъектілердің құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету жəне қоғамдық тəртіпті сақтау əрі қорғау болып табылады. Атап айтқанда осы заңдық жауапкершілік аспабы құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жəне əлеуметтік байланыстардың əділетті түрде реттелінуіне

бола белгіленеді. Заңды жауаптылықтың қызметтерін оның алдына қойылған мақсаттар анықтайды, əрі содан туындайды. Жазалау қызметі (функциясы) - орын алып отырған құқық бұзушылыққа мемлекеттік жаза қолдану түріндегі жауабы. Бұл жаза түріндегі жауап кінəлі адамға, оның жеке басына мүліктік немесе ұйымдық тауқымет тартқызу немесе мұқтаждыққа ұшырату, сөйтіп қолайсыз зардаптар шектіру арқылы сазайын беру түрінде білдіріледі. Құқықты қалпыңа келтіру қызметі (функциясы) - құқыққа өкілетті субъектінің мүддесін қамтамасыз етудің барысында кінəліден келтірілген зиянды өндіріп алуға, шыққан шығынды, шеккен залалды өткізуге, жоғалған мүліктің орнын толтыртқызуға мүмкіндік береді. Тəрбиелік қызметі (функциясын) – заңға теріс жүріс-тұрыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алудың, ондайларды болдырмаудың қажеттілігі дəлелдерін субъектілердің саналарында қалыптастыру, күнделікті болмыстағы қызметтерінде əдетке айналуын қамтамасыз етуге күш салу болып табылады.

Осы қызметтер заңдық жауапкершілік белгілеген мақсаттарға жетуге қолғабыс етіп көмектеседі. Заңдық жауапкершілік қағидаттары (принциптері) - осы институттың іргетасын құрайтын ең басты негіздері, идеялары, тезистері болып табылады. Заңдық жауапкершіліктің қағидаттарын төмендегідей етіп бөліп көрсетуге болады.

а) əділеттілік - мұның өзі тағайындалатын жазаның болған құқық

бұзушылыққа мөлшерлестігі арқылы, теріс кылық үшін қылмыстық

санкцияның белгіленуін болдырмау арқылы, жауапкершілікті бекітетін

немесе оны күшейте түсетін заңның кері күшін жоққа шығару арқылы,

кінəлыға бір бұзықшылығы үшін тек бір ғана жаза түрінің жүктеліп

(қолданылуы) арқылы білдіріледі.

ə) заңдылық — заңдық жауаптылық кінəлы адамға қатал түрде заң бойынша жөне заңда көзделген əрекеттері немесе əрекетсіздіктері) үшін жүктеледі (қолданылады).

б) дəлелділік - істің нақты жағдайын жан-жақты жəне əділдікпен қарап, əрі тек жинақталған дəлелдемелер байынша шешудің қажеттілігін, адамның құқық бұзушылық жасаудағы айғақтарын, құқық бұзушылығының нақты түрін, соған сəйкес келетін құқық нормасын анықтау бойынша білдіріледі.

в) жазадан құтылмайтындық - құқық бұзушылық үшін заң алдындағы жауаптылықтың болмай қоймайтындығы; құқық бұзушылықтың ашылуының ұтымдылығы, сапалылығы жəне толықтығы, кінəлы адамдарға мемлекет

тарапынан жазалау түріндегі жауаптылықтың міндетті жəне ұтымды түрде жүктелетіндігінің сөзсіз болатындығы.

г) мақсатқа лайықтылық - жазаның заңдық жауаптылық мақсаттарына сəйкестігі, санкцияларды даярлау; жасалған əрекеттердің (əрекетсіздіктердің) түрлі жағдайларын есепке алуда оны жұмсартатын да, ауырлататын да жақтарын ескеру.

Заңдық жауаптылықпен қатар құқық негізімен соның шегінде жүзеге асырылатын мемлекеттік ырықтандырудың басқа да түрлері атқарылады, оларға қорғау шаралары, бұлтартқызбау шаралары, тəрбиелік ырықтандыру шаралары, медициналық сипаттағы ырықтандыру шаралары жатады. Егер заңдық жауаптылық, қосымша заңдық міндет жүктеумен байланысты болса (мысалы: еркінен айырумен), онда қорғау шарасы "ескі" яғни, "бұрынғы" осы субъектіге жүктелген міндетті орындаумен байланысты болады. Қорғау шарасының мақсаты - жазалау емес, тек құлық бұзушылық жасаған адамды жауаптылыққа тартпай, бұзылған құқықты қалпына келтіру болып табылады (мысалы, балаларын бағып-қағу үшін оның əкесінен нəпақа өндіруді заң жолымен еріксіз түрде алу.

Қылмыстық, əкімшілік, азаматтық істер бойынша өндірістің қалыпты жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған бұлтартпау шаралары (ешқайда кетпейтіндік қолхаты, ұстау), сондай-ақ бұлардан басқа іс жүргізу шараларында (дербес тексеріс, куəландыру, күш қолданып тінту жəне т.б.) заңдық жауапкершілік шараларына қарағандағы айырмашылығы, олар тек құқық бұзушылықтың алдын алып болдырмау мақсатында қолданылады. Осы айтылып (жоғарыда мысал түрінде келтірілген) отырған жағдайда құқық бұзушылықтың орын алмауы себебінен жазалаудың да болуы орын алмайды. Жаза қолданумен сипатталмайтын ырықтандыру шараларына: еріксіз түрде сақтандыру (алдын алу) шаралары (мысалы, карантин жағдайында жүріп-тұру еркіндігін шектеу); қоғамға қауіпті əрекеттерге (əрекеттіліктерге немесе əрекетсіздіктерге) барғаны үшін кəмелет жасына толмаған жастарға (əрекет қабілеттігі жоқ) қолданылатын тəрбиелік ырықтандыру шаралары; мемлекеттің немесе қоғамның мүддесіне бола құнының өтемін төлеп меншік иесінен мүліктерін төтенше, шұғыл жағдайларда (апатты ауыр жағдайларда, аварияларда, эпидемия-эпизоотия таралғанда) жəне басқа да төтенше сипаттағы жағдайларда қолданылатын алып қою шаралары жатады. Сонымен, қоғамға, тұлғаға немесе мемлекеттік зиян келтіретін жағдайлар да бар. Бірақ мұнда зиян, залал келтірген тұлға заңдық жауаптылыққа тартылмайды. Міне осы жағдайлар əрекеттің құқықтық қайшылықтарын жоққа шығаратын жағдайлар деп аталады. Бұларға мына

жағдайлар жатады: 1) қабілетсіздік - тұлғаның өз əрекеттеріне есеп бере алмайтын ессіздік

күйі; 2) қажетті қорғану - бұл жағдайда қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер телімін жəне басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан сол қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса (ҚР ҚК-нің 32-бабы);

3) қылмыс жасаған адамды ұстау — қылмыс жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу жəне оның жаңа қол сұғушылыққа бару мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса жəне бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе;

4) аса қажеттілік - заң арқылы қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса жəне бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмеген жағдайында (ҚР ҚК-нің 34-бабы);

5) күштеп жəне психикалық мəжбүрлеу (жүйкесіне зақым ету) – егер күштеп мəжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-əрекетіне (əрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мəжбүрлеудің нəтижесінде заңдармен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайында (ҚР ҚК-нің 36-бабы);

6) орынды тəуекелге бару - қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тəуекел еткен ретте заң арқылы қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы (ҚР ҚК-нің 35-бабы);

7) бұйрықты немесе өкімді орындау - адамның өзі үшін міндетті болып табылатын бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-əрекет жасағанда оның заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы - көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау жағдайы (ҚР ҚК 37-бабы);

8) елеулі маңызы болмайтын құқық бұзушылық - коғамға мемлекетке зиян келтірмеген жəне зиян келтіру қаупін туындатпаған жағдай (ҚР ҚК-нің

9-бабы); 9) казус (уақиға, шытырман қиын жағдай) жəне тағы басқалар.

Құқық бұзып, кінəлы болған субъектіге мемлекет өзінің мəжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кінəлы субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі.

Заң алдындағы жауаптылық бірнеше түрге бөлінеді — қылмыстық, əкімшілік, азаматтық, тəртіпсіздік жəне материалдық жауаптылық. Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық орын алған жағдайда ғана туындайды. Мемлекеттің құқық бұзушыны жауапқа тартуға хақысы бар, ал құқық бұзушы мемлекеттің мəжбүрлеу шарасын мойындауы тиіс. Жауапқа тартылушы тұлға, мемлекеттің мəжбүрлеу шарасы тек қана құқық

бұзушылықтың бар екендігі анықталғанда жəне ол заңға сай келсе ғана мойынсұнуға құқылы. Жауапқа тартылушы адам, өзін заңсыз түрде жауапқа тартудан қорғауды талап етуге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет