«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан



бет71/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Заңдылықтың сипаттамасы

Заңдылық — заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің Республика аумағында мүлтіксіз жөне дəлме-дəл орындалуы. Заңдарды сақтайтын, орындайтын, жүзеге асыратын мемлекет органдары, ұйымдары, мекемелері, кəсіпорындары, лауазым иелері, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер. Егер аталған субъектілер заңдарды мүлтіксіз орындаса қоғамда, мемлекетте заңдылық үстемдік етеді деп айтуға болады. Егер заңдар орындалмаса, бұзылса қоғамда заңдылық бұзылды деп айтады. Заңдылықтың сақталуы, үстем болуы — қоғам өмірінің тұрақтылығының алғы шарты. Заңдылық бұзылса демократияға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына зор нұқсан, зиян келтіріледі, қоғамдық тəртіп бұзылады. Заңдылық қағидаттары (принциптері) - заңдылықтың мазмұнын ашатын, білдіретін негізгі идеялар, негіздер (бастаулар). Бұларға жататындар:

а) заң үстемдігі - ең жоғарғы акт ретінде бүкіл нормативтік актілердің жəне құқықты жүзеге асырудың бүкіл актілерінің заңға бағыныштылығы;

ə) заңдылықтың тұтастығы (жалпыға бірдей міндеттілігі) — белгілі бір мемлекеттік бүкіл аумағында құқық шығармашылығы мен құқықты жүзеге асырудың құқықтық қатынастардың субъектілері қызмет атқаруларының бірыңғай бағыттылығы.

б) заңдылықтың мақсаттылығы - қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, өзі ең қолайлы əрі қатал түрде заң аясынан шықпайтын құқықтық əрекеттер нұсқасын таңдап алудың қажеттілігі;

в) заңдылықтың іске асатындығы - барлық қызметтердің түрлерінде құқықтық нормалардың орындалуына шын мəнісінде жету жəне қандай да болсын құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен құтылмайтындықтың орнығуы.

Заңдылық Қазақстан аумағының барлық жерінде біртүтас құбылыс болып орнауы қажет. Мемлекеттің өр жерінде өр түрлі заңдылық болмайды. Алматының өз заңдылығы, Семейдің өз заңдылығы - бірінен-бірінің ерекшелігі болуы мүмкін емес. Егер олай болса, қоғамда тəртіпсіздік, бассыздық орын алатын болады. Заңдылық барлық Республика аумағында тұтас орнатылуы тиіс. Заң Батыс Қазақстанда сақталып, Шығыс Қазақстанда

сақталмайтын, мойындалмайтын болса, ол заңдылықты бұзған болып саналады. Заңдылықты мақсаттылыққа қарсы қоюға болмайды. Себебі кез келген заң бір мақсатқа жету үшін жасалады. Заңдылықтың бұзылуының бір себебі — оны мақсаттылыққа қарсы қою. Жергілікті жердің ерекшелігін немесе басқа жағдайларды сылтауратып заңды бұзушылыққа жол берілмеуі керек.

Заңдылықты нығайту үшін кепілдіктер қажет. Олар: а) экономикалық кепілдік — қоғам шаруашылығының деңгейі жоғары болып, заңды жүзеге асыру үшін қаражат жеткілікті болуы керек; ə) саяси кепілдік — мемлекет органдары заңға сүйене отырып, өзіне тапсырған қызметті оралымды, тиімді істеуі қажет; б) құқықтық кепілдік — заңдарды үнемі жетілдіріп отыру, заңды бұзушылықтың алдын алу, сот əділдігін жүзеге асыру, жауаптылықтан бұлтартқызбау, əлеуметтік бақылау, т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет