Зерттеудің көкейкестілігі


Білім алушылардың өздік жұмысы



бет4/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Дип парасат

Білім алушылардың өздік жұмысы – дидактикалық міндеттерді өздігінен орындауға бағытталған, танымдық әрекеттерге қызығуын қалыптастыруға, ғылымның белгілі бір саласы бойынша білімдерін толықтыруға бағытталған білім алушының ерекше оқу әрекеті.
Білім алушының оқытушының жетекшілігімен жасайтын өздік жұмысы – сабақ кестесінде көрсетілген, оқытушының жетекшілігімен жасайтын білім алушының өздік жұмысы.
Білім алушының оқудағы жетістігі – оқу үдерісінде білім алушылардың алатын білімі, білігі мен дағдысы, құзыреті және жеке тұлғаның дамуындағы қол жеткізген деңгейінің көрінісі.
Өзіндік бақылау – қол жеткізген нәтижелерін және оған жету жолындағы қиын тұстарын алдын-ала болжау, түзету және реттеу арқылы көрінетін білім алушының өз оқу-танымдық әрекетін саналы түрде басқаруы.
Іскер ойындар – нақты болмысқа өте жақын ойын түрінде жүргізілетін тәжірибе, жаттығулар, жаттықтырғыштар, яғни кәсіби немесе басқа да әрекеті берілген ойын тәртібі бойынша үлгілейтін жағдайларды имитациялау әдісі. Іскер ойындар оқыту әдісі түрінде, зерттеу жұмысы ретінде де қолданылады.
Құзыреттілік - білімге, тәжірибеге, құндылыққа, бейімділікке негізделген оқудың арқасында алған білім алушының жалпы қабілеті.
Білім алушылардың білімін модульдік-рейтингтік тексеру – бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың білімін тестілеу және басқа түрдегі нысандар негізінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру рәсімі.
Пән бағдарламасы – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттері, оның қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, коллоквиум кестесін, оқуытушы талаптарын, бағалау өлшемдері мен ережелерін қамтитын оқу бағдарламасы.
Оқу жоспары – білім беру деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің тізілімі мен көлемін, оларды игеру реті мен бақылау формаларын реттейтін негізгі құжат.
Өзіндік бақылау – қол жеткізетін нәтижелерін және оған жету жолындағы қиын тұстарын алдын-ала болжау, өзінің оқу әрекетінің барлық кезеңдерінде жоспарлау, бақылау, бағалау, түзету және реттеу арқылы көрінетін білім алушының өз оқу-танымдық әрекетін саналы түрде басқаруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет