«Деректану теориясы»



бет49/85
Дата03.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#450508
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
derektan teor umkd

4.Ауыл шаруашылығының санағы.

Ауыл шаруашылығының санағы елдің азық-түлік қорларын есепке алу, оның жоспарлануын тәртіпке келтіру және шаруалардың әлеуметтік-таптық жағдайын талдау үшін жүргізілді. Кеңестік ауыл шаруашылық санағының тарихын екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі 1930 жылға дейінгі уақытты қамтыса, екіншісі ауылды жаппай коллективтендіруден басталады. Бірінші кезеңде санақтық мекемелер жүйесі қалыптасты, біртіңдеп ауыл мен селоны зерттеудің әдістемесі жасалды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты селодағы өндіргіш күштер мен шаруалардың әр түрлі экономикалық топтарының шаруашылық құрылысын және егіншілік пен мал шаруашылығының даму қарқынын зерттеу бодды. Ауыл шаруашылығының көптеген ұсақ шаруашылықтардан тұрған кезеңінде оны зерттеудің кең таралған тәсілі — шаруашылықтарды тұтас емес, оның кейбір түрін ғана ішінара тексеру болды,

Елдің ауыл шаруашылығының алғашқы санағын РСФСР-дің Орталық санақ басқармасы 1920 жылы өткізді. Бұл санақтың басты мақсаты ауыл шаруашылығының өндіргіш күштерін есепке алу еді. Әр жанұяның құрамы, оның мүшелерінің жынысы, шаруашылығы, мал-мүлкі т.б. ескерілді. Санақ РСФСР-дің еуропалық бөлігінің 25 губерниясында (Украина, Солтустік Кавказ бен Күнгей Кавказды қоспағанда) өткізіліп, Қазақстан қамтылмады. Оның қорытынды мәліметтері 1920 жылы "Труды ЦСУ" жинағында жарияланды.

1920 — жылдары ауыл шаруашылығы санағында іріктеп тексерудің екі түрі қолданылды. 1921-1927 жылдары табиғи-шаруашылық аймақтары ортақ белгілі мекен орындарының өсу санағы мен ішінара санағы өткізіліп отырды.



1921-1929 жылдары ішінара өткізілген санақ жұмыстары егістіктер, мал шаруашылығы мен жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің есебін алу мақсатына арналды. Олардың кейбір мәліметтері Орталық санақ басқармасының соңғы уақытта шыққан басылымдарында жарияланды.

1930 жылы еддің санақ мекемелері қайта құрыдды. Орталық санақ басқармасы КСРО-ның мемлекеттік жоспаркомының (Госплан СССР) халық шаруашылық есебінің Орталық басқармасы болып қайта құрылды. Жаппай коллективтендіруге байланысты ауыл шаруашылығының санақ тәсілдері өзгерді. Осыған байланысты санақ негізіне енді ішінара зерттеулер емес, ауыл шаруашылық мекемелерінің шаруашылығын есепке алумен олардың мезгіл-мезгіл есептері алынатын болды. Көптеген құжаттардың ішінен колхоздардың, совхоздардың және МТС-тердің шаруашылық жұмыстарының қорытыңдылары корсетілген жылдық есептерінің мөні артты. Колхоз есептерінде ұжымның құрамы, жалпы жер көлемі мен егістіктер, егін өнімі, мал мен құстың саны, дақылдарды белу, кірістер, жоспардың орындалуы, еңбеккүн есебі, қаржы көрсеткіштері, колхоздың ба­лансы туралы және т.т. мәліметтері берілді. Сонымен қатар мал басының жыл сайынғы өсімі анықталып отырды.



Социалистік құралыстың ауыл шарашылығын коллективтендіру қозғалысы мен колхоздардың ұйымдық-шаруашылық нығаюы деген дәуірде санақ мәселесіне үлкен мән берілді. Әсіресе 30- жылдары коллективтендіру қарқыны Наркомзем мен колхоз центрдің ведомстволық есептерінде баяндалып отыр­ды. 1929 жылдың жазынан 1930 жылдың ортасына дейінгі колхоз қозғалысы дамуын талдауда 1930 жылдың 1 мамырына дейінгі колхоздардың жалпы есебі материалдарьшың өзіндік мәні бар. Олардың қорытындысы 30-жылдардың басында басылымдарда жарияланды. Бұл мәліметтер 1956 жылы "Народное хозяйство СССР" деген жинақтың баспадан шығуымен қайтадан жарияланды. 1957 жылдан бастап "Народное хозяйство в ... году" деген жинақ жыл сайын, ал "Советское хозяйство СССР" жинағы 1960 және 1971 жылдары баспадан шықты.
5.Демографиялық жалпы санақ.

Демографиялық санақтың үш түрі бар: халықтың жаппай санағы, күңделікті санағы және ішінара санағы. Бұлардың материалдары демографиялық жалпы санақтың деректері болып саналады.

Халық санақтары бірнеше ерекшеліктермен сипатталады. Соның ішінде, ішінара жүргізілген зерттеулердей емес, халықтың жалпы санағы бүкіл халықты қамтиды. Және санақ мақсаты тек халықтың санын анықтау ғана емес, сонымен бірге олардың құрамы жөнінде де мәліметтер алу болады. Зерттеу нысанына (объектілеріне) әрбір адам алынады. Кейде санақта жанұя немесе үй шаруашылығы ескеріледі. Санақ жүргізуде жиналған мәліметтер қүжаттардан емес, халықтың тікелей өзінен белгіленген уақытта алынады.

Ресей халқының, сонымен бірге Қазақсатан халқының, бірінші санағы 1897 ж. қаңтар айыңда откізідді. 1895 жыддың 5-маусымындағы заң бойынша, бүкіл империя халқы жынысына, жасына, тұрмысына, діни көзқарасына, ұлтына, қай елдің азаматы екеніне байланыссыз түрде санаққа қатысуға тиісті болды.

Санақ төмендегі сұрақтарды қамтыды: аты, әкесінің аты, фамилиясы, жанұя жағдайы (бойдақ, үйленген, жесір, ажырасқан), шаруашылық басшысы-на қатынасы (ағайыны, жегжаты, асыраңды бала не­месе бірге тұрушы, үй қызметшісі немесе малайы, жүмысшы және т.б.), жынысы, жасы, хал-жайы немесе сословиесі. діни көзқарасы, туған жері, тізімге алынған жері, тұрақты мекен-жайы, ана тілі, сауаттылығы, кәсібі (негізгі жөне қосымша).

Санақ материалдары жалпы империялык мәліметтер түрінде, сонымен катар жеке губерниялардың, облыстардың 89 баспа меліметтерінде жарияланды.

Кеңес дәуірінде халықтың бірнеше санағы: 1920, 1923 (қалалық), 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары — өткізілді. Осы санақтарды өткізілу уақытының кеңес мемлекеті тарихының белгілі кезеңдеріне байланысты екені байқалады. Мысалы, азамат соғысының аяқталуы мен жаңа экономикалык, саясатқа өтуі; халық шаруашылығын қалпына келтіру процесін аяқтау мен халык шаруашылығын социа­ли­сте жолмен реконструкциялау; КСРО-да негізінен "социалистік қоғам құру" мен "социализмді толық және түпкілікті" орнату жене т.т. деп аталатын деуірлерге байланысты.

Әр санақты жүргізудің езінің бағдарламасы болды. 1920 жылы 18 сұрақтың негізіңде жүргізілген санақ халықтың жасын, жынысын, ұлтын, ана тілін, туған жерін, бұл жерде қашаннан тұратынын, білімін, кәсібін, өндірістегі орнын, жанұя жағдайын, мамандығын, денсаулығының кемшілігі мен психикалык ауруларын анықтайтын мәліметтер жинады. Сонымен бірге санақ бланктерінде 1914-1917 және 1918-1920 жылдардағы соғыстарға қатысы жене соғыстын ауыл шаруашылығы мен кесібіне есері, ез мамандығымен еңбекке жарамдылығы туралы сұрақтар да болды. 1920 жылғы санақ Ресейдің бүкіл аудандарын қамти алмаса да, оның материалдары халықтардың құрамы жөніңде едеуір мағлұматтар берді. Бұл санақтың қорытындылары в 1920-1925 жыддары "Труды ЦСУ-да" жарияланды.

1923 жылы жаңа экономикалық саясатты жүргізу мен халықты еңбек салаларына қайта белуге байланысты, КСРО халқының әлеуметтік-өндірістік белгілерін анықтау мақсатымен тек қана қала тұрғындары арасында тағы да санақ жүргізілді.

Бірінші бүкілодақтық санақ КСРО халықтарының саны мен құрамын анықтау мақсатымен 1926 жылы өткізілді. Санақ сонымен бірге адамдардың жынысын, жасын, ұлтын, ана тілін, туған жерін, бұл жерде қашаннан тұратынын, жанұя жағдайын, сауатын, денсаулық кемшілігін, психикалық науқасын, кәсібін, еңбек саласындағы қызмет жағдайын, еңбекпен шұғылданушылардың табыс көздерін анықтау мақсатын да көздеді. Санақтың қорытындалары 1933 жылы аяқталып, 56 том болып басылып шыкты.



1939 жылғы санақ 16 сұрақтың негізінде өткізілді. Санақтың қысқаша қорытындылары 1940 жылы жарияланды, оның материаддарының толық қорытындыланып басылуына Ұлы Отан соғысының басталуы бөгет жасады.

Келесі халық санағы 1959 жылы өткізілді. Ол өзінің ұйымдастырушылық және методологиялық негізі жағынан 1939 жылы халық санағына жақын болды, солай бола тұрса да, бұлардың өзара айырмашылықтары бары байқалады. Қала мен село тұрғындарының санақ мерзімі бірдей, 8 күнде жүргізілді; халықтың қоғамдық топтарға бөлінуі анықталып, КСРО тұрғындарының білім дәрежесі толығырақ сипатталды. 1959 жылдың санақ бланкісіндегі сұрақтар жанұя басы кім екенін, оның тұрақты мекенжайын, адамдардың жынысын, жасын, некелік жағдайын, ұлтын, ана тілін, азаматтығын, білімін, оқу орнының атын (оқушылар үшін), жұмыс орнын, кәсібін, өмір сүру қаражатының көзін (көсіп етпейтіндер) және қоғамдық қандай топқа жататынын анықтады.



1959 жылғы санақтың материалдары 17 том бо­лып басылды. Оның бір томында КСРО бойынша жалпы деректер беріліп, басқаларында одақтық республикалардың материаддары топтастырылды. Баспадан шыққан материаддарда халықтың саны, ұллтық құрамы, қала мен село тұрғындары санының айырмашылығы, білім дәрежесі, қандай әлеуметтік топқа жататындығы, халықтың халық шаруашылығының салаларына қарай бөлінуі туралы мөліметтер бар.

1970 жылғы халық санағы 1959 жылғы санақ сұрақтарын қайталаса да, одан әлде қайда кеңірек бағдарламамен жүргізілді. Онда білім дәрежесінің деңгейі туралы мәліметі толығырақ анықталып, күнкөріс қаражаты туралы сұрақ жеке берілді. Алайда кейбір сұрақтар, мысалы, адамдардың жұмыс орны мен оқу орны туралы, жалпы халыққа бірдей берілмей, кейбіреулерге ғана ішінара (санақтың төртінші адамына), қойылды. Бұл санақтың қорытындылары 70-жылдардың бірінші жартысында жарияланды. 1979, 1989 жылдары КСРО халқының жаңа санақтары өткізідді. Олар негізінен, 1970 жылғы санақ сұрақтарын қайталады. Ал жаңалығы — адамдардың бір мекенде тұрақтану мерзімі туралы сұрақтың өзгертіліп, аналардың тауып, өсірген балаларының са­ны туралы қосымша сұрақтың қойылғаны. Сөйтіп, алғашқы санақ Қазақстан территория-сында Қазан төңкерісіне дейін 1897 жылы өткізілсе, Кеңес өкіметі дәуірінде 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 жөне 1989 жылдары жүргізідді.

Сонымен, халық санағы адамдардың саны мен оның құрамын бір белгілі уақытта көрсететін тиянақты дерек болып саналады. Алайда, осы санақтардың мәліметтері тарихшыны толық қанағаттандырмайды. Оның себебі бір санақ пен екінші санақтың арасында ұзақ мерзімнің орын алуы мен санақ бағдарламасы шеңберінің тарлығында. Сондықтан тарихшылар көп жағдайда күнбе күнгі демографиялық санақ пен халықтың ішінара зерттелген материалдарына жүгінеді. Күнбе-күнгі демографиялық санақта адамдардың тууы мен өлімі жүйелі түрде тіркеледі. Тіркеу адамның туған жерінде бір айдың ішінде, ал оның өлімі сол жердің жергілікті азамматгық хал-ахуал актілерін тіркеу бюросында (ЗАГС-те) немесе ауылдық жердің кеңесінде үш күн ішінде жүргізіледі. Бұл жұмыстың қорытындылары ай сайынғы шығарылып отырады.



Демографиялық санақта халықтың көші-қон (ми­грация) меселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Санақтың бүл түрінің мөліметтері қүнды дерек болып саналады. Көші-қон есебі КСРО-ның паспорт жүйесімен көшіп келгендерді есепке альш, басқа аудандарға қоныс аударғандарды есептен шығару арқылы жүргізілді. Бұл жұмысты жүргізу тәртібі осы уақытқа дейін сақталып отыр. Тарихшылар халықтьщ саны мен олардың кошіп-қонуы туралы дәл уақыты көрсетілген деректердің осыңдай көптеген түрін пайдаланады,

Қорыта айтқанда, санақ деректері қоғам өмірінің барлық қырынан: өндіргіш күштердің дамуынан, адамдардың әлеуметтік өмірінің өзгеруінен және т.б. — құнды мәліметтер береді. Қоғам өмірін сипаттайтьш санақ көрсеткіштері уақыт талабына сай үнемі жаңарып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет