«Деректану теориясы»



бет51/85
Дата03.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#450508
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
derektan teor umkd

2.Баспасөз материялдарының деректік мәні, оларды деректанулық талдаудың принціптері.

Баспасөздің пайда болуы мен дамуы қоғамның практикалық талаптарынан туындайды. Оны әсіресе бүгінгі заманның мысалынан көруге болады. Егер қазан революциясына дейін баспасөз ақпараттың негізгі жене практикалық жүйесі ғана болып саналса, казіргі уақытта онымен бірге радио, теледидар, ақпараттық агенттіктердің барлығы ақпараттар беру институтының толық жүйесін қурайды. Олар ездерінің қоғамдық, саяси жөне әлеуметтік міндеттеріне байланысты жаппай ақпарат құралдары деп аталады. Олардың арасында баспасөз басты роль атқарады.

Баспасөздің жеке бөлініп қаралуы жазба деректердің осы оқулықта арнайы әңгіме болғандығынан емес. Өзінің ерекшелігіне байланысты мерзімді баспасөз зерттеу жұмыстарының дербес объектісі бола алады, ал радио мен теледидар материалдары ерекше деректанулық зерттеуді талап етеді. Сонымен бірге ра­дио 20-жылдардың аяғы 30-жылдардың басынан кең тарай бастаса, теледидардың мұндай сипаты 50-жыддардан басталады. Сондықтан баспасөз материалдары ел тарихының ұзақ уақытының деректері бола­ды. Баспасөз жаппай ақпарат құралдары дамуының құрамында әлеуметтік міндеттерін нөтижелі орындайтын қажетті қоғамдық организм ретінде комплексті түрде қаралады.

Баспасөздің мақсаты — қоғамдық талаптарды қанағаттандыруға көмектесу жөне адамдардың өмірі мен әрекеттері туралы соған сәйкес жан-жақты (өндірістік, әлеуметтік, отбасы-тұрмыстық, рухани т.б.) ақпараттар беру. Осының барлығы баспасөздің тақырыбы мен шындықты қамту шеңберінің сарқылмастығын көрсететіндігі деп санауға болады.

Кеңес өкіметінің газет, журналдары жұртшьшыққа идеологиялық ықпал жасап, әлеуметтік бейімдеу бағытын беруге пайдаланылды. Идеологиялык мақсатқа сәйкес "тәжірибелік" міндеттер үшін ақпараттар қатаң түрде сұрыпталып қана жарияланып тұрды. Алайда, коммунистік идеологияны насихаттаса да сол газет, журналдарда тарихшьшар үшін қажетті ақиқат материалдары, құнды фактілер көптеп кездеседі.

Баспасөз басқару мен тәрбие құралы ғана емес, сонымен бірге осы басшылықтың қорытьндысы тура­лы, халық бұқарасының көңіл-куйі мен ойларының да мәліметтерінің деректері болады.

Кеңес өкіметі заманында баспасөз таптық, партиялық принцип бағытыңда болумен қатар, оқырмаңдардың жасы мен білім ерекшеліктеріне және олардың кәсіби-әлеуметтік қүрылымына да байланы-сты болдьі

Осыған байланысты кеңес баспасөзін төмендегідей түрлерге (типтерге) болуге болады:



1). қоғамның бүқаралық барлық топтарына арналған жалпы саяси басылымдар;

2). белгілі әлеуметтік топтарға (жұмысшыларға, шаруаларға, интеллигенцияға) және қоғамдық ұйымдарға (комсомолға, кесіподақтарға) арналған ба­сылымдар,

3). әр түрлі салаларда еңбек ететін мамаңдар үшін кәсіби-өндірістік басылымдар:

4). белгілі аймақтарга арналған әкімшілік-территориялық басылымдар;

5). тұргындардың жас ерекшеліктеріне байланы­сты (балалар мен жастарға арналған) басылымдар.

Баспасөз өзінің әлеуметтік міндеттерін орыңдай отырып, оның ішінде ең алдымен ақпараттық міндеттерін, деректердің көптеген түрлерін сақтайды, бізге жеткізеді. Баспасөз беттерінде өкімет заңцары, іс қағаздары мен санақ құжаттары, мемуарлар және т.б. басылады.

Жоғарыда көрсетілгеңцей, бұл ақпараттық прессаның мағына құрьлымының да күрделілігін көрсетеді. Оның бір тобы жарияланатын материаддардан құрылса, екінші тобы баспасөздің өз деректерінің негізінде, өзіне тән формалар сипатында құрылады. Олармен жұмыс жүргізудің тәсілі әр түрлі болады: бірінші жағдайда көрсетілген құжаттардың түрлеріне деректанулық талдау өдісі қолданылса, екіншісіңде тарихшылардың журна­листикадан пайдаланатын тәсілі іске асырылады.

Баспасөз материалдарының бірінші тобынан, оның өзіне тән және ресми құжаттардың тарихи дерек ретіндегі маңыздыларын (заң текстері, үкімет ақпараттары, марапаттау туралы жарлықтар, конференциялар мен съездердің стенографиялық есептері мен хаттамалары), сол сияқты қоғамдық үйымдар, ұжымдар немесе бұқараның жеке өкілдері жасаған құжаттарын (құттықтаулар, оқиғалар туралы пікірлер, хаттар, үнлеулер, жиналыс қарарлары т.т.) бөліп алуға болады.



Мерзімді баспасөздің осы екі тобының материалдарын біріктіру — жай ғана мәселе емес. Олардың арасында тығыз байланыс бар. Әдетте қабылданған ресми матери­алдар баспасөз бетінде жариялауға негіз болады. Жарияланған нұсқау — құжаттарды (деректи-валар) халыққа баспасөз өз материалдарымен түсіндіреді, насихаттайды, олар туралы пікірлер береді. Сонымен, тәрбиелік, идеологиялық жөне ұйымдастырушылық мақсаттарға байланысты баспасөзде дерек түрлерінің бірігу процесі орын алады. Осындай органикалық бірігушілік процесінің негізінде тарихи деректің жаңа, дербес түрі қалыптасады.

Дерек ретінде баспасөздің ерекшелігі оның ерекше ақпараттық міндеттері мен құрылымының күрделілігінде емес, ол оның жанрларының әр түрлі болуында.

Оқиғаның баспасөз ақпаратында суреттелуінің шындыққа сөйкес баяндау сипатын шамамен тікелей және жанама түр деп екіге бөлуге болады, ал фактілік материалдар мен автордың комментариясының фактілерді қорытындьшау дәреже қатынасы фактографиялық жөне аналитикалық деп аталады.

Осыған байланысты мерзімдік баспасөз жанрларын шамамен: ақпараттық, аналитикалық және көркем публицистикалық деп үш топқа бөлуге болады. Баспасөздің ақпараттық жанры мақалаға, есеп беру құжатьша (отчетқа), репортажға, сұхбатқа (ин­тервьюге) негізделеді

Бұл топ варианттарының жалпы ерекшелігі оның құрамының күнделілігінде емес, бұнда оқиға мен факті туралы мәліметтердің дәл берілуінде. Бұл топтың ерекшелігі оқиға мен факті туралы берілген түсініктің осындай дәрежесімен анықталады.

Мақала дегеніміз — фактілердің баяндалуы, баға берілмеген кейбір мәліметтердің қысқаша жиынтығы. Есеп беру құжаты оқиғаның толық баяндалуымен объектінің егжей-тегжейлі жете көрсетілуімен (оқиғаға қатынасушылардың саны мен аты-жөні, сөйленген сөздердің мазмұнымен т.т.) сипатталады. Ақпараттың бұл жанры дипшоматиялық келіссөздердің, мемлекет басшылары немесе ресми адамдардың кездесуінің ең маңызды жақтарын қысқаша баяндау үшін пайдаланылады. Онда оқиға мен фактілерге егжей-тегжейлі баға берілмейді. Соған байланысты тарихшылардан тек қана сол фактінің дұрыстығының тексерілуі талап етіледі. Репортажда автордың оқиғаға қатынасы айқын білінеді. Оқиғаны суреттеу репортажыңца автор документаддық дәлелдік пен көрнектіліктің үйлесіміне сүйенеді. Репортаж материалын дерек ретінде пайдалануда тарихшы автордың жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударуға тиісті. Интервью (сұхбат) оқиғаға екі адамның, журна­лист пен оның әңгімелесушісінің, қатысуымен жүргізіледі. Бұл жанр оқиға туралы интервью берушіден алынған қосымша мәліметтерге кебірек сүйенеді. Бірақ фактілердің берілу дәлдігін байқау мен оларға журналистің қатынасын түсінуде қажетті болғандықтан, интервьюдің тексті мұхият талдау керек.

Аналитикалық жанрға корреспонденциялар, рецензиялар, шолулар мен мақалалар жатады. Бұл материалдардың негізгі мақсаты оқиғалар мен фактілерді хабарлау ғана емес, сонымен бірге сол мәселелерге бай­ланысты автордың ой-толғанысын да білдіру болады. Демек, фактінің суреттелуінен гөрі, автордың сол факті төңірегінде өзінше пікір білдіруі бірінші орынға қойылады. Бұл әсіресе мақала жанрына тән. Мақалада баяндалған проблеманың мәнін терең түсіндіруге байла­нысты фактілер автордың пікірімен мысал немесе дәлел ретінде беріледі.

Фактілер өмір тәжірибесі, білімдарлық және идеялық қөзқарастар негізінде пайдаланылатын болғандықтан, автордың ой таразасынан өтіп жазылған мақала күрделі деректанулық жұмысты талап етеді. Мақалаларда фактілер толық және неғұрлым шынайы көрсетіледі, сонымен бірге олардың мәні де түсіндіріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет