«Деректер базасының жүйесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет4/5
Дата14.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#135149
1   2   3   4   5

Деректердің физикалық форматы

Егер деректерді көрсетудің сыртқы немесе логикалық деңгейін стандарттауға болатын болса, онда деректердің ішкі көрінісі деректер базасын басқару жүйесі құрастырушысының жеке ісі болып қалар еді. Бірақ әртүрлі ДББЖ пайдаланатын автоматтандырылған жүйелердің ақпараттық өзара қатынасының қажеттілігі арнайы құралдарды – ақпаратты қабылдайтын, жүйенің ДББЖ пайдаланатын формаға ақпаратты беретін, ДББЖ анықталатын, форма бойынша сақталатын ақпаратты ауыстыруды орындайтын конвертерлер құруға әкелді. Деректер базасын басқару жүйесімен анықталатын ақпаратты сақтау формасын деректердің физикалық форматы деп атайды.



Деректердің физикалық форматы деректердің физикалық файлын және индексті файлды ұйымдастыру ретінде анықталуы мүмкін.

Қазіргі уақытта деректер базасын басқару жүйесіне қойылатын талап әртүрлі физикалық форматтағы ақпараттарды өңдеу мүмкіндігіне талаптар болып табылады.



Қазіргі ДББЖ қолданылатын физикалық кәсіпорынның тәсілдері

Қазіргі деректер базасын басқару жүйесінде ақпарат тұрақты форматтағы жазбалардың реттелген файлы түрінде ұйымдастырылады. Файлдарды ұйымдастырудың негізгі кемшілігі операциялық жүйе деңгейінде жойылады.

Қазіргі деректер базасын басқару жүйесінде ақпаратты іздеу тізбектей және индексті-түзу әдістермен жүзеге асады, сонымен қатар екінші әдіс индексті файлда екілік іздеуді пайдаланумен орындалады.

Файл модификациясы кезінде деректер базасын басқару жүйесінің іс-әрекетін қарастырайық. Жазба қосу кезінде файл соңына жаңа элемент қосу жүргізіледі. Егер модификацияланатын файл индекстерді пайдаланбаса, бірақ белгілі бір өріс мәндері бойынша реттелген болса, онда жазбаны қосу процесі файл жазбаларының физикалық қайта реттелуімен аяқталуы керек.

Жазбаны алып тастау екі сатыда жүзеге асады – ең алдымен жазбаның логикалық жойылуы жүргізіледі; физикалық жою файлды «қысудан» тұрады, яғни жою үшін белгіленген жазбаларды алып тастау (сонда файлдың қайта жазылуы жүзеге асады). Логикалық жойылған жазбалар қайта қалпына келтірілуі мүмкін; жазбалардың физикалық жойылуы орындалғаннан кейін олардың ақпараты қайта қалпына келтірілмейді.

Бақылау сұрақтары


  1. Сақтау схемасы дегеніміз не?

  2. Деректерді физикалық сақтаудың қандай әдістері бар?

  3. Деректерді физикалық сақтау әдістеріне сипаттама беріңіз.

  4. ДБ ақпаратты іздеудің қандай әдістері бар?

  5. ДБ ақпаратты іздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.

  6. Деректердің физикалық форматы дегеніміз не?

  7. Қазіргі ДББЖ қолданылатын физикалық ұйымдастырудың қандай әдістері бар? Оларға сипаттама беріңіз.

Әдебиет: (1)
Дәріс №11. CASE - технология

Дәріс жоспары

  1. Case – технология.

  2. Case – әдістер.

Дәрістің қысқаша мазмұны

1. CASE-технология

CASE-технология ДБ құру кезінде компьютерлерді пайдалануға негізделген сипттау әдістерінің жүйесі болып табылады. Computer-Aided Software/System (CASE-технология) – автоматтандырудың өзара байланысқан кешендерін қолдайтын программалық қамтаманың ең қиын жүйесінің анализдеу әдістемесі, жобасы, құрылуы мен қайталану жиынтығы. CASE – жүйелік аналитиктер, құрастырушылар мен программистерге арналған құрал.

CASE-технология жүйелік анализ әдістемесіне негізделеді. Жүйелік анализ қиын процестер мен объектілерді зерттеудің жалпы принциптерін құрастыратын ғылыми пән болып табылады. Оның негізгі мақсаты – құрастырудың бастапқы сатыларында назар аудары. CASE-технология ортасында жүйелік анализ жобалауды программалаудан бөліп қарастыруға арналған. CASE-технологияға сәйкес құрастыруда архитектура құрылымы мен оның одан кейінгі өндірілуі бөліп қарастырылады, сондықтан жүйелік анализ құрылымдық жүйелік анализ немесе құрылымдық анализ деп аталады. Маңызды принциптер бөлу (декомпозиция) және иерархиялық реттеу болып табылады.

Олар келесі принциптермен толықтырылады.


  1. қажет емес элементтерді бақылаумен қажетсіз детальдардан абстрактілеу принципі.

  2. ұйымдастыру принципі.

  3. концептуалды жалпылама принципі (құрылымдық анализ – құрылымдық программалау – құрылымдық тестілеу). Осыдан құрылымдық анализ әдістемесі – деңгейдің көп санымен иерархиялық құрылымға детализация арқылы жалпы көрінісінен зерттеу әдісі.

  4. қайшылықсыз (непротиворечивости) принципі – элементтердің тұрақтылығы мен сәйкестігі.

  5. Деректердің логикалық және физикалық тәуелсіздігінің принципі.

  6. соңғы пайдаланушының кіру (программалаусыз) принципі.

Бұл технология программалық CASE-әдістерді өндіру негізіне салынған.

Суреттеудің формальды құралы жүйе, ER-диаграммалар (ERD), деректер жиынының диаграммасы (DFD), іс-әрекеттің көшу диаграммасы (STD), процесс спецификациясы болып табылады.

Процесті сипаттауда екі жағдай болуы мүмкін.


  1. Қиын процестер.

  2. Қарапайым процестер.

А. Қиын процестер.

ER-диаграммалар. CASE-модельдер жүйесінің ең бірінші тараған түрі Ченнің ER-моделі болып табылады. Мұнда тек оның көптүрлілігі – Баркер моделін көрсетеміз. Онда аты, жиынтық дәрежесі (мысалы, 1:М), байланыстың болуы (–––-) немесе болмауы (...........) көрсетіледі.

DF-диаграммалар. Диаграммалар енгізу-шығару процестерін көрсеті үшін қолданылады. Басында SADT әдістемесі пайдаланылды, одан кейін DFD схемасына көшті. Нотацияның екі негізгі түрлілігі пайдаланылады: Иордан-Демарко мен Гейн-Сарсон. Екеуінің арасындағы айырмашылық онша жоқ және сондықтан Гейн-Сарсон нотациясын пайдаланамыз. Нотацияда атымен жабдықталған символдар пайдаланылады.

Қойма (хранилище) - жадыда сақталатын деректер.

Сыртқы қатынас – бұл деректердің бастауы немесе қабылдаушысы.

DFD декомпозиции негізінде құрылады, және жоғарғы деңгейдегі модельді контексті диаграмма деп атайды. Кез келген нақты жобада ол жалғыз. Мұндай модельдер басқару объектісін (БО) сипаттайды, ал жүйенің басқару бөлігін сипаттау үшін нақты уақыт кеңейтілімі қолданылады: аталған белгілеулер пунктирлі сызықтар немесе нүктелермен белгіленеді. Басқару потоктарының негізгі типтері Т-поток (триггер), А-поток (поток өшкенге дейін процесс үзіліссіз), E/D-поток (аналог «қосу» және «өшіру» екі кнопкаларымен өшіріледі) болып табылады.

Диаграммаларды пайдалануды көрсету үшін ең бірінші процестің сөздік сипатын келтірейік.

1 мысал. Тапсырыс бойынша тауарды бөлу процесінің сөздік моделі.

Фирмамен алынған тапсырыстар кіру бақылауына ұшырайды және сұрыпталады.

Егер тапсырыс фирманың тауарлар номенклатурасына сай келмесе немесе дұрыс емес безендендірілсе, онда ол тапсырыс беруші келісімімен шартты бұзады.

Егер тапсырыс алынса, онда қоймадағы тауарлар түрі анықталады.

Егер тауар бар болса, онда тапсырыс беруші төлейтін шоты жазылады, одан кейін тауар тапсырыс берушіге жіберіледі.

Егер тапсырыс қоймадағы тауарлармен қамтамасыз етілмесе, онда фирмадан өндірушіге тапсырыс жіберіліп, төлем және өндірушіден тауарды алу жүзеге асады. Осыдан тапсырыс берушімен алдында қарастырылған схема бойынша жұмыс жүргізіледі.



Гейн-Сарсонның контексттік диаграммасы енгізу және шығару потоктарын көруге мүмкіндік береді. Қарастырып отырған процестің детальды диаграммасы жалпы жағдайда әрбір 1-3 процестерден бөлшектеліп қарастырылуы мүмкін.

Модельдеудің мәтіндік әдістері деректер словарі деген атауға ие болды. Оның фрагменті Бэкус-Наура (БНФ) формасында көрсетілді.

ST-диаграммалар. Ол есепті шешу және өңдеу үшін пайдаланылады. «Жағдай» түсінігі енгізіледі. Жағдайдың өзгеру процесі кестемен көрсетілуі мүмкін.

Ағымды жағдай

Шарт

Іс-әрекет

Келесі жағдайы

Бастапқы жағдай

Әрдайым белсендіріледі







КҮТІМ

Тапсырыс

Тапсырысты алу

ӨҢДЕУ

ӨҢДЕУ

Тапсырыс номенклатураға сай емес

Тапсырыстан бас тарту

КҮТІМ

ӨҢДЕУ

Тапсырыс қоймадағы тауарлармен қамтамасыз етілген

Тапсырысты өндіру

КҮТІМ

ӨҢДЕУ

Тапсырыс қоймадағы тауарлармен қамтамасыз етілмеген

Тауарға тапсырыс беру

КҮТІМ

немесе матрицамен.



Шарт

Жағдай




Тапсырыс

Тапсырыс номенклатураға сай емес

Тапсырыс қоймадағы тауарлармен қамтамасыз етілген

Тапсырыс қоймадағы тауарлармен қамтамасыз етілмеген

Бастапқы жағдай

Әрдайым белсендіріледі













КҮТІМ




Тапсырысты алу










ӨҢДЕУ

ӨҢДЕУ







Тапсырыстан бас тарту







КҮТІМ

ӨҢДЕУ










Тапсырысты өндіру




КҮТІМ

ӨҢДЕУ













Тауарға тапсырыс беру

КҮТІМ

Қарастырылған аппарат масштабты процестер үшін пайдаланылады. Қарапайым процестер үшін ол әлдеқайта жеңілдетілген.

Б. Қарапайым процестер

Бұл жағдайда жүйелік негіз номер, процесс аты, енгізу мен шығару деректерінің тізімі және процесс денесі (сипаттау, алгоритм) бар процесс спецификациясы болып табылады. Денені құрылымдық тілмен, визуалды тілмен, формальды компьютерлік тілмен сипаттауға болады. Процесс спецификациясының мынадай түрі болуы мүмкін:



ВХОД=ЗАКАЗ

ВЫХОД=ЗАКАЗ АННУЛИРОВАН

ВЫХОД=ЗАКАЗ ПРИНЯТ

СПЕЦ. ПРОЦЕСС 1

ВЫПОЛНИТЬ ПОЛУЧИТЬ ЗАКАЗ

ДО_ТЕХ_ПОР_ПОКА ЗАКАЗ_ОТСОРТИРОВАН

КОНЕЦ_ВЫПОЛНИТЬ

ВЫПОЛНИТЬ установить флаг ЗАКАЗ АННУЛИРОВАН, если он не соответствует номенклатуре

ВЫПОЛНИТЬ установить флаг ЗАКАЗ АННУЛИРОВАН, если он неверно оформлен

ВЫПОЛНИТЬ установить флаг ЗАКАЗ ПРИНЯТ, если он соответствует номенклатуре

КОНЕЦ_ВЫПОЛНИТЬ

КОНЕЦ СПЕЦИФИКАЦИИ ПРОЦЕССА 1.

Осындай шарттар визуалды тілде де болуы мүмкін. Бұны Flow-формалар көрсетеді. Олар жоғарыда көрсетілген әр түрлі толтырулармен тікбұрышты береді.

Шешім кестесі көбінесе Егер ..., ОНДА схемасы бойынша беріледі және шешім тоғайы (Сi - шарт) түрінде көрсетілуі мүмкін.

Flow-формаларының көптүрлілілігі Несси-Шнейдер диаграммасы болып табылады.

CASE-технологиялар бірнеше белгілер бойынша классификациялануы мүмкін.

Software Engineerig (SE) және Information Engineerig (IE) шкалалары бойынша. Бірінші шкала программалық қамтаманы жобалауға арналған, екіншісі – жаңа, қолданудың кең облысы (тек программалық қамтаманы ғана жобалау емес).



2. CASE-әдістер

CASE-технология CASE-әдістермен пайдаланылады. Олардың тек қана мүмкіндіктерін сипаттайық.

CASE-әдістердің интегралданған пакеті 4 негізгі компонеттерден тұрады.


  1. бүкіл жоба туралы ақпаратты орталықтан сақтау әдістері.

  2. сақтауға арналған мәліметті енгізу әдістері.

  3. анализдеу, жобалау және құрастыру әдістері.

  4. енгізу әдістері.

CASE-технология үшін (қысқаша - CASE) графикалық диаграмманың төрт негізгі типі сәйкес келеді:

  1. функционалды жобалау (DFD);

  2. Деректерді модельдеу (ERD);

  3. іс-әрекетті модельдеу (STD);

  4. құрылымдық диаграммалар (карталар) – модельдар арасындағы қатынас және ішкі-модульдік құрылым.

CASE-әдістерді (ең бірінші Oracle фирмасының және жеке кәсіпорындардың) категориялар және функционалды белгілері бойынша классификациялауға болады.

  1. Категория бойынша. Интеграция деңгейін ерекшелейді: қоосымша программалар (tools); пакеттер(toolkit); инструментальды әдістер (workbench, АРМ).

  2. Функционалды белгі бойынша.

Анализдеу және жобалау үшін CASE-аналитикті (бірінші генерациялаудың жалғыз отандық әдістерінің бірі), Application Development Workbench, Easy CASE System Designer пайдалануға болады.

ДБ жобалау ERWin (Oracle фирмасы) пайдаланған кезде жеңілдетіледі, ол деректердің логикалық модельдеуін жүргізуге мүмкіндік береді.

Программалау (кодогенерациялау) - DECACE (Borland).

Реинжиниринг (анализ, корректировка, бар жүйенің реинжинирингі) - SuperStructure (Computer Data System).

Жобаны басқару (жобалау, бақылау, әсер ету) - Project Workbench (Applied Business Technology).

Oracle ортасында ДБ жобалауды автоматтандыру жүйесінің біреуін қарастырайық (Cooperative Development Environment - CDE), оларға CASE*Dictionary, CASE*Designer, CASE*Generator кіреді.

CASE*Dictionary – ақпаратты сақтау ортасы (ДБ жобасын). CASE*Designer – графиктік модельдеу әдістерінің көмегімен сыртқы интерфейс арқылы жүйеде процестер мен Деректерді модельдеу әдістері. CASE*Designer толығымен CASE*Dictionary интегралданған. CASE*Generator - CASE*Designer ақпаратты негізінде автоматты түрде программалық кодтың модульдерін генерациялайды (менюді, формаларды, отчеттарды). CASE*Generator қосымшалар схемасында DLL-сценариилерді де (кестелерді, индекстерді) генерациялайды.

Oracle7 ашық архитектурамен жобаланған, сондықтан басқа компаниялар толықтыратын әдістер құрастыра бастады:

Application Development Workbench (көптеген платформаларды жүйелер құру) – KnowledgeWare компаниясы;

Easy CASE System Designer (Oracle қоса, бір немесе бірнеше ДББЖ арналған қосымшалар схемасын генерациялауға мүмкіндік беретін жобалаудың графиктік инструментальды әдістері) - Evergreen CASE Tools компаниясы;

ERWin/ERX (MS Windows үшін ДБ жобалау әдістері) - Logic Works компаниясы;

ADW – процестер мен деректерді анализдеуге, жобалауға, модельдеуге және қосымшаларды автоматты түрде генерациялауға арналған интегралданған жиынтық.



Бақылау сұрақтары

  1. Case – технология дегеніміз не?

  2. CASE-технологиямен сәйкес құрастыруда қандай принциптер ерекшеленеді?

  3. Процестерді сипаттауда қандай жағдайлар болуы мүмкін? Оларға сипаттама беріңіз.

  4. Case – әдістер дегеніміз не?

  5. Case – әдістер құрамына қандай компоненттер кіреді?

  6. Қандай Case – әдістер бар?

Әдебиет: (1)
Дәріс №12, 13. Бөлшектелген деректер базасы

Дәріс жоспары

  1. ДБ классификациясы: орталықтандырылған, бөлшектелген.

  2. ДБ архитектурасы: файл-сервер, клиент-сервер.

  3. ДБ қойылатын жаңа талаптар.

  4. БДБ құрамы мен жұмысы.

  5. "Клиент-сервер" архитектурасы ".

Дәрістің қысқаша мазмұны

Деректер базасының классификациясы

Деректерді өңдеу технологиясы бойынша деректер базасы орталықтандырылған және бөлшектелінген болып бөлінеді.



Орталықтандырылған деректер базасы бір есептеу жүйесінің жадысында сақталады. Егер бұл есептеу жүйесі ЭЕМ желісінің компоненті болып табылса, онда осы қорға кіру мүмкін. Деректер базасын пайдаланудың мұндай әдісі ДК жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады.

Бөлшектелінген деректер базасы қиылысатын немесе бірінің бөлігін бірі қайталайтын, әр түрлі ЭЕМ-де сақталатын есептеу желісінің бірнешеуінен тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу бөлшектелінген деректер базасын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асады.

Деректерге кіру әдісі бойынша деректер базасы деректер базасына жергілікті кірумен және деректер базасына желілік кірумен анықталады.

Желілік кірумен орталықтандырылған деректер базасының жүйесі мынадай жүйелердің әр түрлі архитектураларын қамтамасыз етеді:


  • файл-сервер;

  • клиент-сервер.

Файл-сервер. Желілік кіру кезінде ДБ жүйесінің архитектурасы желі машинасынан біреуін орталық (файлдар сервері) ретінде алуды жоспарлайды. Ондай машинада бірге пайдаланылатын орталықтандырылған ДБ сақталады. Желінің барлық басқа машиналары жұмыс станциялары функциясын орындайды. Деректер базасының файлдары сұраныстарын жұмыс станцияларына жібереді, онда негізінен өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Файл-сервер концепциясын 1-суретте шартты түрде суреттелген.

Клиент-сервер. Бұл концепцияда орталықтандырылған деректер базасын сақтаудан басқа орталық машина (деректер базасының сервері) деректерді өңдеудің негізгі көлемін орындауды қамтамасыз ету керек. Деректерге сұраныс беру іздеуді және серверден деректерді алуды тудырады. Табылған деректер (файлдар емес) желі бойынша серверден клиентке жіберіледі. Клиент-сервер архитектурасының спецификасы SQL сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Клиент-сервер концепциясы 2-суретте суреттелген.

1-сурет. Файл-сервер концепциясы



1-сурет. Клиент-сервер концепциясы



ДБ қойылатын жаңа талаптар

80-ші жылдардың аяғында ДБ үшін жұмыстың жаңа шарттары пайда болды: ақпараттың үлкен көлемі көптеген жерлерде туындайды (мысалы, көтерме-бөлшек сауда, полиграфиялық және басқа өндірістер); деректердің үлкен санының басы орталық болуы мүмкін, бірақ бұл деректерге перифериямен бірге тез кіру желісі қажет (бір графикпен істейтін географиялық бөлінген өндіріс). Сонымен қатар деректер орталықпен сұралуы мүмкін. Жылдам сұраныстарда пайдаланылатын деректердің үлкен көлемі бар (авиа – және темір жол билеттерін сату).

Орталықтандырылған ДБ жаңа талаптарды қанағаттандыра алмады.

Деректердің берудің тез таралатын желілері, ДК сыртқы жады көлемінің жылдам ұлғаюы 80-ші жылдарда оның арзандау кезінде бөлшектелген ДБ (БДБ) кең ендіруге көмектесті.

БДБ артықтылықтарына мыналар жатады:


  1. БДБ құрылымының кәсіпорын құрылымына сәйкестігі;

  2. жергілікті ДБ-мен тығыз байланысты болуы;

  3. тораптарды орталықтандырудың кең мүмкіндігі;

  4. ақпаратқа тәуелсіз кіру, деректерді беру құнының төмендеуі (деректерді тығыздау және концентрациялау негізінде);

  5. жоғары жүйелік сипаттамалар;

  6. іс-әрекетті модульді өндіру, аппараттық құрылғылардың көптігі, программалау объекті-қалыптамалы жүйені пайдалану;

  7. файлдарды олардың белсенділігіне сәйкес бөлу мүмкіндігі;

  8. стандарт интерфейс арқылы жергілікті ДБ тәуелсіз құру.

Сонымен қатар БДБ өте қиын құрылымы бар. Бұл қосымша мәселелердің туындауына әкеледі (Деректердің уақыт бойынша сәйкес келмеуі, жаңарту және сұраныс процестерінің сәйкеспеуі, телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану, қосымша қосылған жергілікті ДБ жұмыс істеу есебі).

Күрделі мәселелер бірдей, көбінесе реляциялық деректер базасымен біртекті (гомогенді) жергілікті ДБ БДБ ортасында интеграциялау кезінде туындайды.

Егер жергілікті ДБ деректердің әртүрлі модельдерін пайдалану арқылы құрылса (біртекті емес, гетерогенді БДБ), мәселелер әлдеқайда қиындай түседі.

Бөлшектелген деректер базасы (БДБ) – логикалық интегралданған және территориялық бөлінген ДБ, ақпаратты құру, енгізу және өңдеуге арналған жүйе.

Бұл ақпарат деректерді беру желісі арқылы байланысқан әртүрлі ЭЕМ-де сақталатындығын білдіреді.

БДБ құрамы мен жұмысы

Схемада желілік ДББЖ анықтайтын пайдаланушылық, ауқымды (концептуалды) фрагментарлы (логикалық) және бөлшектелген (жергіліктенген) деректерді көрсету деңгейлерін ерекшелейді..

БДБ сақталатын деректердің жалпы жиыны (кестелер жүйесі) 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1.

Бұл ауқымды деңгей орталықтандырылған ДБ концептуалды моделі сияқты әдістермен де жобалау кезінде анықталады.

Ауқымды деңгейдің барлық деректері нақты пайдаланушыға берілуі мүмкін емес. Толық деректер (пайдаланушылық, сыртқы деңгей) басты кәсіпорынның 1 торабында бар. 2, 3 тораптарды деректер толық емес. 3 торапта олардың түрі 2 кестеде көрсетілгендей болады.

Кесте 2.


Пайдаланушылық деңгей фрагменттерден тұрады (мысалы, A, B, C, 1, 2, 3 жолдары немесе 1 кесте бағаны).

Горизонтальды және вертикальды фрагменттеуді (бөлшектеу) ерекшелейді.

Горизонтальды фрагменттеу тораптар бойынша бөлумен байланысты. Горизонтальды фрагменттеу жабылмайды.

Вертикальды фрагменттеу есептер бойынша деректерді топтастырумен байланысты.

Фрагменттеу көбінесе тораптарды ақпаратты қайталауды (дубль) болжамайды. Сонымен қатар бөлшектелген деңгейдің торабы бойынша (локализация) фрагменттерді орналастыру кезінде тораптарда БДБ бір бөлігінің көшірмесі болуы мүмкін.

Мысалы, 1 кестедегі мысал үшін жергіліктендіру (локализация) 3-кестеде көрсетілгендей түрде болуы мүмкін.
Кесте 3.

Деректерді жергіліктендіру


Кесте атауы

Фрагменттер

Тораптар бойынша фрагменттерді бөлу

Қызметшілер

1
2
3

1
1,2
1,3

Завод

a
a
a

1,2.3
1,2,3
1,2,3

Шикізат

A
B
C

1
2
3

"Завод" кестесі үшін қайталану (дублирование), ал «Шикізат» кестесі үшін – бөлшектеу (расчленение) жүзеге асып тұрғаны анық.

Фрагментті физикалық өндіру (логикалық) сақталынатын фрагмент деп аталады.

БДБ желі желілік операциялық жүйені құрады (мысалы, Windows NT, Novell NetWare). Желіде пайдалануға арналған ДББЖ ретінде BTrieve, Oracle, Interbase, Sybase, Informix атауға болады.

Деректерді сақтаудың төрт стратегиясы болуы мүмкін: орталықтандырылған (клиент/сервер архитектурасымен жиі қамтамасыз), бөлшектеу (фрагментация), қайталау (дублирование), аралас.

Сақтау стратегиясының салыстырмалы сипаттамасы 4 кестеде келтірілген.

Кесте 4.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет