Деректерқорын, мəліметтертипін, біркестелі жəне көпкестелі деректер қорын жасау Деректер қорымен жұмыс жасау ережелері


Access мәліметтер базасын басқару жүйесі (Access МББЖ)



бет2/4
Дата18.05.2022
өлшемі117.75 Kb.
#456948
1   2   3   4
Access мәліметтер базасын басқару жүйесі (Access МББЖ)
Access мәліметтер базасын басқару жүйесі (Access МББЖ) -Microsoft Office құрамына енетін қолданбалы программа.
Әрбір мәліметтер базасы дискіде mdb кеңейтілуі бойынша файл түрінде сақгалынады. Access МББЖ іске қосқанда мәліметгер базасының объектілерімен (құрауыштарымен) жұмыс істейтін меню (командалық пернелері) пайда болады (4.1.3.1.-сурет). Access'тің объектілері: кестелер, сұраныстар, формалар, басьглымдар (отчеты), беттер, макростар және модульдер.




Кестелер. Кесте – мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер қоймасы. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады. Өрістер - кестедегі бағандар (столбцы), жазбалар - кестенің жолдары (строки). Access'те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Өрістің негізгі қасиеттері - оның типі мен өлшемі.
Өріс типі (Тип поля; field type) - берілген мәліметтер жиыны ушін орындалуы мүмкін операциялар тобын анықтайтын, яғни оларды ұқсастыратын атау. Мәтіндік (текстік), MEMO өрісі, сандық, мерзімдік (даталық), ақшалык, есептегіш (счетчик), логикалық, OLE объектілі өрісі
Жазбаны ерекшелеу аймағы - кесте жолын ерекшелеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.
Өрісті ерекшелеу аймағы - өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел ерекшелеу мүмкіндігін береді.
Кестенің бір өрісінен екінші өрісіне өту үшін <Таb> пернесін, ал алдыңгы өріске кері оралу үшін + ТаЪ> пернелерін, ал бір жазбадан келесі жазбаға бару кезінде бағыттауыш сызығы бар пернелер пайдаланылады.
Кестедегі жазбалардың саны қатты дискінің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің санының шегі - 255. Мәліметтер базасында кесте бірнеше болуы мүмкін. Әр түрлі сұрактар бойынша мәліметгерді әр түрлі кестеде сақтау қажет. Кестемен жұмыс істеу үшін оны ашу керек. Ең соңында, жұмыс барысында енгізілген өзгерістерді алдын-ала сақтап жабу қажет.
Кестелермен екі режимде жұмыс істеуге болады: кесте және конструктор. Кесте режимінен конструктор режиміне және кері өту үшін саймандар панелінен сәйкес , - Түр (Вид) батырмасын шерту керек немесе меню жолынан Түр (Вид) →Конструктор (Түр (Вид) →Кесте режимі) командасын таңдау қажет.
Кілт (ключ) - файлдағы (кестедегі) жазбаны идентификациялау (анықтау) жэне онымен тез қатынас құру үшін пайдаланылатын таңбалар жиыны. Кілттік өріс (Ключевое noлe) файл кілті ( ) орналасатын оның жазбасындағы өріс. Кестелерді кілттер бойынша байланыстырады. Кілт бір немесе бірнеше өрістерден тұруы мүмкін.
МБ' ның барлық объектілерін қайтадан енгізбей басқа МБ' нан импорттауга, яғни көшіруге болады. Егер бұрынғы МБ'да кестелер байланыста болған болса, онда жаңа базада да сондай байланыста болады.
Кесте режимінде көбінесе мәліметтерді қарап шығады, қосады және өзгеріс енгізеді. Сондай-ақ, кестеге багандар қосуга немесе өшіруге, кестенің сыртқы түрін (бағандардың енін, олардың орналасу ретін және қаріптің түсін және т.б.) өзгертуге бо-лады. Орфографияны тексеріп мәліметтерді кесте түрінде баспаға беруге және жазбаларды сұрыптауга (сорттауга), сүзгіден (фильтрден) өткізуге болады.
Кестенің конструктор режимінде жаңа кесте құруға немесе бұрын құрылған кестенің өрісін өзгертуге болады. Конструктор – мәліметтер базасы объектілерінің қасиетгерін анықтау режимі.
Кесте құру үшін Мәліметтер базасының терезесінен (6.1-сурет) Кестелер (Таблицы) → Қүру (Создать) немесе меню жолы-нан Кірістіру (Вставка) → Кесте (Таблица) командаларыньщ бірін тандау керек (сондай-ақ, саймандар панелінен - жаңа объект батырмасы қолданылады). Ашылган Жаңа кесте диалогтық терезесінен кесте құрудың келесі тәсілдерінің бірі тандалады:

  • Кесте режимі (кестені қолдан құру).

  • Конструктор.

  • Кесте шебері (кестені автоматгы түрде құру).

  • Кестені импорттау.

  • Кестелермен байланыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет