Деректерқорын, мəліметтертипін, біркестелі жəне көпкестелі деректер қорын жасау Деректер қорымен жұмыс жасау ережелері



бет3/4
Дата18.05.2022
өлшемі117.75 Kb.
#456948
1   2   3   4
Формалар. Форма - кестеге мәліметтерді енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын мәліметтерді дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі. Форма арқылы мәліметтерді енгізуге, оларды өндеуге, жазбаларды қосуға және өшіруге болады. Өзара байланысқан бірнеше кестелермен бір уакытта жұмыс істеуге болатын форма құруға болады.
Форма құру үшін Мәліметтер базасының терезесінен (6.1-сурет) Формалар (Формы) → Қуру (Создатъ) немесе меню жолынан Кірістіру (Вставка) →Форма командаларының бірін таңдау керек (не - жаңа объект батырмасын). Ашылған Жаңа форма диалогтық терезесінен форма құрудың келесі тәсілдерінің бірі таңдалады:

  • Конструктор.

  • Форма шебері.

  • Автоформа: бағандық.

  • Автоформа: таспалық.

  • Автоформа: кестелік.

  • Автоформа: құрама кесте.

  • Автоформа: құрама диаграмма.

  • Диаграмма.

  • Құрама кесте.

Сұраныстар. Сұраныс - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгілі бір шарттарға байланысты таңдап алу тәрізді мәліметтерді өңдеу құралы. Сұраныс көмегімен бірнеше кестеден мәліметтерді қарап шығуға, анализ жасауға және өзгеріс енгізуге болады. Сондай-ақ, сұраныстар форма мен басылымдар үшін мәліметтер көзі ретінде қолданылады.
Access'тің көмегімен сұраныстардың бірнеше түрін құруға болады. Таңдамалау сұранысы - әр түрлі кестелерден және баска дайын сұраныстардан мэліметтерді таңдайды. Өзгерту сүранысы - мәліметтерді өзгертеді немесе жылжытады; осы типке Қосу сұранысы, Өшіру сұранысы және Жаңарту сұранысы жатады. Кесте құру сұранысы - тандамалау нәтижесін жеке кестеде сақтайды. Айқастырылған сұраныс мәліметтерді топтастыру үшін және оларды тұтас түрде ұсыну үшін арналган. Сұраныстарды өз бетімен немесе Сураныс шебері көмегімен құруға болады.
Сұраныстардагы өрнектердің элементтері мына операторлармен байланысқан болуы мүмкін:
арифметикалық: +, -, *, /, А (дәрежелеу);
салыстыру: <, <=, >, >—, =, о;
логикалық: And (жэне), Not (жоқ), Or (немесе);
Like - өрнектерде ауыстыру логикасы үшін қолданылады, яғни көрсетілген шаблонға ұқсас мәндердің тізімін береді;
In – мәндер тізімінде мәліметтер элементі бар болуын анықтау үшін; Between.. .And - аныкгалған интервалдан мәндерді тандау үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет