Басылымдар. Басылым – мәліметтерді базадан пайдаланушының талабына сай бейпеде баспаға шығару тәсілі. Басылымды Конструктор көмегімен басынан аяғына дейін өз қалауымызша құруға, немесе жасалынған дайын нұсқаларын (автоотчеттерді) пайдалануга, және де Шеберарқылы да басылымды құруга болады.
Беттер. Microsoft Access веб-беттердің әр түрлі типін құруға мүмкіндік береді. Мәліметтерді бірден мәліметтер базасында өңдеу үшін мәліметтерге қатынау беттері қолданылады. Мәліметтерге қатынау беттері - Access көмегімен жасалынған мәліметтер базасына тікелей қосылған веб-беттер. Мәліметтерге қатынау беттері арқылы мәліметтер базасында сақталған мәліметтерді қарап шыгуға, қосуға, өзгертуте және өндеуге болады.
Макростар мен модульдер. Макрос - жиі орындапатын есептерді автоматтандыру үшін құрылатын макрокомандалар жиынтығы (бір не бірнеше макрокомандалардан тұруы мүмкін). Мысалы, «Шығу» (Quit) - Access'тен шығу, «Сақтау» (Save) - Ас-cess'Te объектіні сақтау, «Баспа» (Printout) - ағымдағы объектіні баспаға шығару, «БарлықЖазбаныКөрсету» (ShowAllRecords) - активті объектінің фильтрін алып тастау (яғни барлық жазба-ларын көрсету) тәрізді және т.б. макрокомандалар.
Модульдер - бір программалық блокта сақталған, қосымша программаларға арналған Visual Basic тіліндегі сипаттамалар мен процедуралар жиынтығы.
https://youtu.be/fgDI2Gge6Hs -видеоны қарау ссылкасы.
Тапсырмалар:
Дәрісті көшіру.