Дәрігер жшс президенті Шәкәрім атындағы Оспанов К. С. Шарманов Е. А. Му ректоры м а



бет3/4
Дата23.04.2023
өлшемі132.5 Kb.
#472606
1   2   3   4
Стандарт

4 Қабылдау ережелері
4.1 Қабылдау ережелері, МСТ 9792 бойынша жасалады.
4.2 Қолданылатын шикізат пен материалдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, кіріс бақылауында белгіленген талаптарға сәйкес және оларды растайтын құжаттарға сәйкес, сонымен қатар сәйкестік сертификаттарға, ветеринарлық куәліктерге сәйкес жүзеге асырылады.
4.3 Микробиологиялық көрсеткіштерді, уытты элементтерді, антибиотиктерді, пестицидтері, нитрозаминдерді және радионуклидтерді бақылау периодтылығын Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-індет қызметі органдарымен бекітіледі, бірақ 3 айда бір реттен кем емес.
Salmonella түрінің бактерияларының бар болуын 10 күнде бір реттен кем емес, Staphylococcus aureus –бір айда бір реттен кем емес.
Өнім құрамының гистологиялық сәйкестендіруі тұтынушылар және бақылау органдарымен келіспеушілік болған жағдайда.
4.4 Піскен шұжықтың органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері дайындаушы-кәсіпорынмен әр партиясы анықталады.
МУ ШЖҚРМК СТ 3992-1917-27-2017

4.5 Өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сертификаттау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес бақыланады.


4.6 Микробиологиялық талдау кезінде қауіпсіздікке талаптар – санитарлық ережелерге сәйкес.
4.7 Көрсеткіштердің ең болмағанда біреуі бойынша қанағаттандырмайтын сынау нәтижелері алынған кезде, сол бойынша сол партиядан алынған екі еселі үлгілер санымен қайталама сынау жүргізеді. Қайталама сынаудың нәтижесі соңғы болып табылады және барлық партияға таралады.
4.8 Бақылаушы ұйымдар өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне бақылауды өз құзіреттілігінің шегінде жүргізеді.
4.9 Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бағалауда туындаған келіспеушілік даулары Қазақстан Республикасының заң шығарушы бекіткен тәртіпте шешіледі.


5 Бақылау әдістері
5.1 Бақылауды өткізу үшін сынамаларды таңдау Р МСТ 51447, МСТ 26929 бойынша жүргізіледі.
5.2 Органолептикалық көрсеткіштерді бағалау МСТ 9959 бойынша жүргізіледі. Дайын өнім нысанын тексеру көзбен шолу бақылауы арқылы жүргізіледі.
5.3 Дайын өнім батонының өлшемін тексеруді темір сызғышпен (300 мм, бөлу құны 1 мм, өлшеу қателігі ±0,1) МСТ 427 бойынша жүргізеді.
Дайын өнімнің бірліктерінің масса неттосын бақылау өлшеу диапазоны 0,1-ден 10 кг-ға дейін рұқсат етілетін қателік +2,5-тен +5 г-ға дейін болатын таразыда жүргізеді.
5.4 Ылғалдықтың салмақтық үлесін МСТ 9793, Р МСТ 51479 бойынша анықтайды.
5.5 Хлоридтердің салмақтық үлесін МСТ 9957, Р МСТ 51480 бойынша анықтайды.
5.6 Натрий нитритінің салмақтық үлесін МСТ 8558.1 және МСТ 29299 бойынша анықтайды.
5.7 Микробиологиялық зерттеулер үшін сынамаларды дайындау әдісі Р МСТ 51448 бойынша. Микробиологиялық зерттеулер жүргізудің жалпы ережелері Р МСТ 51446 бойьшша.Бактериологиялық талдау әдісі МЕМСТ 9958 бойынша.
5.8 Шамаланған колиформды бактериялар және Escherichia coli анықтау және есебі МЕМСТ 30726 және МЕМСТ Р 50454 бойынша.
5.9 Сальмонеллаларды анықтау МЕМСТ 30726 және МЕМСТ Р 50454 бойынша.
5.10 Уытты заттарды анықтауға сынамаларды дайындау ГОСТ 26929 бойынша жүргізіледі.
МУ ШЖҚРМК СТ 3992-1917-27-2017

- сыныпты МСТ 26927 бойынша;


- күшәнді МСТ 26930 бойынша немесе Р МСТ 51962;
- қорғасынды МСТ 26932 бойынша;
- кадмийді МСТ 26933 бойынша.
Уытты элементтерді анықтау МЕМСТ 30178, МЕМСТ 30538, МЕМСТ Р 51301 бойынша жүргізілуі мүмкін
5.11 Антибиотиктердің саны, пестицидтердің, радионуклидтердің, гормональді препараттардың құрамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-індет қызметі органдарымен бекітілген құжаттармен немесе бекітілген тәртіпте бекітілген басқа құжаттармен анықталады.
5.12 Өнімнің жуандылығының температурасын температуралық шкаласы 0°С -тан 150°С-қа дейінгі болатын шыны сұйықтық термометрмен анықтайды МЕМСТ 28498.
5.13 Ішек таяқшалар тобының бактериялар (колиформды бактериялар) санын табу және анықтау әдісі МЕМСТ 30518 бойынша.
5.14 Listeria monocy-togenes бактерияларын табу және анықтау әдісі МЕМСТ Р 51921 бойынша.
5.15 Ашытқылар және зең саңырауқұлақтарды анықтау МЕМСТ 10444.12
5.16 Мезфильді аэробты және факльтативті – анаэробты микроағзалар санын анақтау МЕМСТ 10444.15




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет