3 Техникалық талаптар
3.1 Шұжық өнiмдерi осы стандарт талаптарына сәйкес болуы тиiс, белгiленген тәртiпте бекiтiлген ет өнеркәсiбi кәсiпорындарына арналған санитарлық және ветеринарлық мөлшерлер мен ережелердi сақтай отырып ҚР СТ 1081 сәйкес рецептуралар мен технологиялық нұсқаулықтар бойынша өңделуi керек.
Піскен шұжық тез бұзылатын өнімге жатады.
3.2 Сипаттамалары
3.2.1 Өнiм сапасын сипаттайтын органолептикалық көрсеткiштерi бойынша шұжық өнiмдерi 1 кестеде көрсетiлген талаптарға сай болуы тиiс.
1 кесте
Көрсеткіштер атауы
|
Сипаттамасы мен мөлшері
|
Сыртқы көрінісі
|
Белгiленген нормалардан аспайтын, қабықтары бұзылмаған, жабысқақ жерлері және дақ жоқ, таза құрғақ батон
|
Консистенциясы
|
Серпінді
|
Иісі және дәмі
|
Өнiмнiң осы түрiне тән, шамамен тұздылау, татымдылардың хош иiсi бар, бөтен иiс пен дәмсiз.
|
Қимадағы турама түрі
|
Біртекті, біркелкі араластырылған, сіңір және т.б бөтен қатты заттарсыз болу керек, тураманың түсі қою қызғылттан ашық қызғылтқа дейін.
|
Батон қалыпы, өлшемі және байлануы
|
Түзу түріндегі ұзындығы 15-20см болатын батон шетінде қапсырма бар батон.
|
МУ ШЖҚРМК СТ 3992-1917-27-2017
3.2.2 Өнiм сапасын сипаттайтын физика-химиялық көрсеткiштерi бойынша шұжық өнiмдерi 2 кестеде көрсетiлген талаптарға сай болуы тиiс
2 кесте
Көрсеткiштер атауы
|
Сипаттамасы мен мөлшерi
|
Ылғалдықтың салмақтық үлесі, % артық емес:
|
72
|
Ас тұзының салмақтық үлесі, %, артық емес
|
2,8
|
Натрий нитритінің салмақтық үлесі%, артык емес
|
0,005
|
3.2.3 Микробиологиялық көрсеткіштері бойынша шұжық 3 кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
3 кесте
Көрсеткiштер атауы
|
Сипатгамасы мен мөлшерi
|
1,0г өнiмде (колиформдар) — iшек таяқшалары тобындағы бактериялардың болуы
|
Рұқсат етілмейді
|
Патогендiк микроорганизмдердiң болуы, оның iшiнде25г өнімде сальмонеллалардың болуы
|
Рұқсат етілмейді
|
0,01г өнімде сульфитредуцирлейтiн клостридийдiң болуы
|
Рұқсат етілмейді
|
1,0 г өнiмде S.Aureas болуы
|
Рұқсат етілмейді
|
Көгеруi КТБ/г, көп емес
|
25
|
L.monocytogenes 25г өнiмде
|
Рұқсат етілмейді
|
МАФАнМм, КТБ/г, көп емес, 1,0 г өнiмде:
|
1х103
|
3.2.4 Уытты элементтер, микотоксиндер, пестицидтер және радионуклидтер мөлшері 4 кестеде көрсетілген нормадан аспау керек.
4 кесте
Көрсеткiштер атауы
|
Сипаттамасы мен нормасы
|
1
|
2
|
Уытты элементтер, мг/кг, артық емес:
|
Қорғасын
|
0,5
|
Кадмий
|
0,05
|
Күшән
|
0,1
|
Сынап
|
0,03
|
Микотоксиндер, мг/кг, көп емес
|
афлатоксин В1
|
0,005
|
нитрозамин
|
0,002
|
4 кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
Пестицидтер, мг/кг, көп емес:
|
Гексахлорциклогексан (альфа, бетта, гамма изомерлер)
|
0,5
|
ДДТ және оның метоболиттері
|
0,02
|
Сынап органикалық пестицидтер
|
жіберілмейді
|
2,4- Д қышқылы,оның тұздары, эфирлер
|
жіберілмейді
|
Радионуклидтер, кюри/кг, көп емес:
|
Цезий134, 137
|
2*10-10
|
Стронций 90
|
2*10-11
|
3.2.5 Шұжық өнiмдерiн сатуға жiбергенде өнім қабатының температурасы 0°С-тан төмен болмауы, 12°С-та жоғары болмауы тиiс.
3.2.6 Мынадай шұжық өнiмдерiн сатуға рұқсат етiлмейдi:
- бөтен дәмi мен иiсi болса;
- өнiмнiң бет қабаты бұлғанса;
- жарылған немесе сынған батондар болса;
- фарш қабықшадан шығып, батонның бiркелкілігі бұзылып тұрса;
- борпылдақ турама болса;
- батонда 2см-ден көп май ағуы байқалса;
- батонда 5см-ден асатын жапсырылған iз болса.
3.3 Шикізатқа қойылатын талаптар
3.3.1 Шұжық өнiмдерiн өндiру үшiн қолданылатын отандық және шет елден шығатын материалдар мен шикiзаттар нормативтiк құжаттар талаптарына және (немесе) өнiмдi жеткiзу келiсiм шартына сәйкес болуы және шұжық өнiмдерiн өндiрудiң белгiленген тәртiптерiмен қолдануға Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ветеринарлық қызметi мен мемлекеттiк санитарлык- iндет қызметi органдарымен рұқсат етiлуi керек.
3.3.2 Шұжық өнiмдерi технологиялық нұсқаулықтарга сәйкес өңделген ет шикiзатынан әзiрленуi керек.
3.3.3 Шұжық өнiмдерi өндiрген кезде тағам косындыларымен олардың қолдану тәртiбi белгiлеген талаптар мен мөлшерлерге сәйкес болуы керек
3.3.4 Әр шикізат партиясы қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжатпен қоса жүруі тиіс.
3.3.4 Шұжық өндіру үшін келесі шикізат қолданылады
- МЕМСТ 21 бойынша құмшекер;
- МЕМСТ 779 бойынша сиыр етiнiң жарты тушасы және төрттен бiр бөлiгi;
- МЕМСТ 2874 бойынша ауыз суы;
- МЕМСТ 4197 бойынша азотқышқылды натрий (натрий нитриті);
- МЕМСТ 4815 бойынша аскорбин қышқылы;
- МЕМСТ 19342 бойынша сиыр бауыры суыған, суытылған немесе тоңазытылған;
МУ ШЖҚРМК СТ 3992-1917-27-2017
- МЕМСТ 29048 бойынша мускат жаңғағы;
- ҚРСТ МСТ Р 51574 бойынша йодталған тұз;
- қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттама бойынша патиссон;
- қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттама бойынша сары май;
3.3.5 Бір реттен артық тоңазытылған ет пен бауырды піскен шұжық өндіру үшін қолдану рұқсат етілмейді.
3.4 Буып-түю
3.4.1 Піскен шұжық табиғи және (немесе) жасанды қабықшада бүтін батондар түрінде, көлденең байлауыштары бар немесе жоқ. Батонның ең қысқа ұзындығы 15 см-ден кіші болмау керек.
Жасанды қабықша болса, онда батонның шеттерін бір жақтан немесе екі жақтан металл скрепкалы (қапсырма) ілгекпен өндіріледі.
3.4.2 Піскен шұжық батондарын байлау үшін мыналар қолданылады:
-шпагат МЕМСТ 17308;
-зығыр жіптері МЕМСТ 14961;
-металл қапсырма істегі нормативтік құжаттамалар бойынша.
3.4.3 Шұжық өнімдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-індет қызметі органдарымен қолдануға рұқсат етілген тағам өнімдерін буып-түюге арналған басқа отандық және импорттық өндіріс материалдары қолдануы рұқсат етіледі.
3.4.4 Піскен шұжықты тағамдық өнімдерін буып-түюге арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-індет қызметі органдарымен қолдануға рұқсат етілген көпорамды ағаш тараға МЕМСТ
11354 бойынша, картон тараға МЕМСТ 13513 бойынша немесе басқа материалдардан жасалған орамаға буып-түйеді.
3.4.5 Жәшіктер таза, құрғақ, көгермеген және бөтен иіссіз болуы тиіс. Жәшік түбін және қабырғасын пергаментпен жабады МЕМСТ 1341 бойынша, ал пергаментастымен жапқанда оның бос шеттері шұжықты үстінен жабатындай болу керек МЕМСТ 1760.
Жәшік брутының жалпы салмағы 20 кг аспауы керек.
3.5 Таңбалау
3.5.1 Тұтынулық таңбалау
Бөлшек сауда жүйесі арқылы түсетін және сатылатын шұжық өнімдері ҚР СТ 1010 сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тұтынулық таңбалауы болуы тиіс. Басқа тілдегі қосымша таңбалау өндірушінің еркімен қойылады.
Ақпаратты өнімнің бір шетіне жабыстырылатын шұжық қабығына, ішбетке, бандерольге, өзі жапсырылатын заттаңбаға және (немесе) құлақшаға (клипсаға) және (немесе) тасымалдау ыдысына салынатын ішбетке жазады.
Өндіруші өзіне және тұтынушыға мүдделі басқа да ҚР СТ 1010 сәйкес және Қазақстан Республикасы зандарына қайшы келмейтін ақпаратты жазады.
МУ ШЖҚРМК СТ 3992-1917-27-2017
Тұтынулық таңбалауда келесі ақпарат болу керек:
-өнім атауы, сорты
-өндіруші атауы, заңды мекен жайы;
-өндірушінің тауарлық белгісі (бар болған жағдайда);
-нетто массасы;
-өнім құрамы;
-100 г өнімдегі тағамдық және энергетикалық құндылығы;
-жазба «Қазақстанда жасалған» немесе «Қазақстан Республикасында жасалған»;
-дайындалған сағаты және күні;
-сақтау шарттары;
-штрих код;
-осы стандарттың белгісі;
-сертификатталуы туралы мәліметтер.
3.5.2 Тасымалдау таңбалауы
«Тез бұзылатын жүк» ескерту белгісі бар жэне МСТ 14192 бойынша тасымалдау таңбалауы, және де өнімді сипаттайтын таңбалау 4.18.7 көрсетілгендей мөртабан, трафареттің көмегімен, немесе мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған заттаңбаны тасымалдау ыдысының сыртқы жағына жапсыру арқылы немесе ыдыстың ішіне заттаңба немесе ішбет-қағаз салу арқылы жасалады. Таңбалау тәсілі және енгізу құралдары буып-түйілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етпеу керек.
Жергілікті сатуға арналған өнімді көп айналыстағы ыдысқа салған кезде тұтынушының (тапсырыс беруші) келісімімен таңбаларды жазбауға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |