Бакелитті байланыстырушы материал. Бұл материалдарды бакелит негізінде және әр түрлі желімді композициялармен қосып дайындайды. Бұл материал серпімді, соққыға төзімді, беткейі тегіс. Материалды наждакты және шынылы қағаздар дайындағанда қолданылады. Кемшілігі: түрпілік дәнекербір-бірімен байланысуы төмен болып табылады. Вулканитті байланыстырғыш материалды каучукты күкіртпен қоспасы негізінде дәнекерленіп, олардың құрамына түрпілік ұнтақтарды қосып дайындайды. Бұл байлам жоғарғы тығыздылыққа және серпімділікке ие. Вулканитті байлам негізінде дайындалған аспап тегістегіш қызмет атқарып қана қоймай, жалтыртқыш қызмет те атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |