9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. -----------21 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
Балауыздардың құрамы
балауыздардың түрлері, қолданылуы.
табиғи түрпілік материалдар.
Ажыратқыш лактар
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)
Жоғарғы молекулярлы қосылыстардың жіктелуі.
Барлық заттардың молекулаларына кіретін амтомдардың санына байланысты олар төменгі молекулярлы және жоғарғы молекулярлы қосылыс деп молекуладағы атомдардың саны 1000, ал молекулярлы массасы 104-105 г/моль шамасындаболатын затты атайды.
Жоғарғы молекулярлы қосылыстар, өздерінің қасиеттеріне байланысты тән қағидаларына сай бірнеше түрлі болып жіктеледі. Мономерді тізбектерінің түріне байланысты 2 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа негізінде полимерлеу немесе жанама полимерлер жатады. Екінші ьтопқа полимерді поликонденсациялау процесі арқылы алынатын заттар жатады.
Жоғарғы молекулярлы қосылыс құрлысының кеңістікте орналасуы бойынша жіктелуі.
Сызықты полимерлер – мономерлі химиялыө байланыспаған жалғыз ілікті тізбектер. Оларға желати, табиғи каучук, целлюлоза жатады.
Тармақталған полимерлер. Мұндай құрлымға мұндай табиғи жоғарғы молекулярлы қосылыстар жатады: крахмал және гликоген.
Кеңістікті полимерлер –бұлар негізінен жанама полимерлерде орналасқан.
Сызықты полимерлер сонымен бірге тармақталған және тармақталмаған полимерлерде, органикалық еріткіштерде негізгі қасиеттерін өзгертпей тез ериді және суытқанда қатаяды.
Жоғарғы молекулярлы қосылыстар, сонымен бірге, органикалық емес және органикалық болып екіге бөлінеді.
Органикалық емес полимерлерге силикаттар жатады. Мысалы: кремний қышқылы және туындысы силоксандар.
Органикалық полимерлерге полиэтилен, полиметилакрилаттар жатады. Сондай-ақ, органикалық полимерлерге көп мөлшерде табиғижоғарғы молекулярлы қосылыстарбиополимерлер жатады.
Олигомерлер – полимерлеудің жартылай өнімдері. Бір макромолекулада мономердің тізбектерінің бірнеше түрлері болса,оны жанама полимер деп атайды.
Функционалды рөліне байланысты полимерлерді стоматологияда 3 түрге бөледі: базисті, клиникалық, көмекші.
Қыздырылған кездегі жағдайына байланысты пластмассаны термопластикалық және термореактивті деп екіге бөлінеді.
Термопластикалық полимерлер – қыздырғанда жұмсаратын, ал суытқанда құрамы өзгермей қатачятын полимерлерді атайды. Оларға полиметилметакрилат, полистирол, капрон, поливинилхлорид, полиэтилендер жатады.
Термореактивті полимерлер: 150-1700С температураға дейін қыздырған кезде екіншілік жұмсару қасиеті жоғалып, химиялық құрамы өзгеріске ұшырайтын полимерлер. Оларға бакелит, аминопласт, фенопласт т.б. жатады. Қазіргі кезде ортопедиялық стоматологияда акрилді пластмассалар қолданылады. Акрилді пластмасса, акрилді, метакрилді қышқылдардан және оның эфирлі туындыларынан күрделі химиялық жолмен алынады. Олар мономерден және полимерден тұрады.
Мономер түссіз, өткір, арнай иісі бар сұйықтық, қалыпты жағдайда ұшқыш, қайнау температурасы 100,30С, тез жанады. Ультракүлгін сәулелерінен полимеризацияланып шыны тәрізді затқа айналады. Сондықтан оны күкірт ыдысқа сақтайды.
Полимер – мономердің туындысы, ұнтақ зат түрінде болады. Химиялық атауы полиметилакрилат деп аталады. Полиметилакрилат химиялық спасы жағынан тұрақты зат, себебі олар қышқылда, негізде, бензинде ерімейді, тек ацетонда, хлорофильде ериді. Ауыз қуысының шырышты қабатында зиянды әсері жоқ.
Негізгі материалдарға қойылатын физико-химиялық – технологиялық талаптар.
протезге шайнау қысымы түскенде қаттылығы мен беріктілігі жоғарғы болуы керек.
жасанды тістер тығыз байланысуы керек.
протез дайындау кезінде, өзгеріске ұшырамауы тиіс.
сілекейде ерімеуі керек.
тамақ қабылдау кезінде ауыз қуысының температурасы өзгергенде көлемін өзгертпеуі керек.
эластикалық қасиетке ие болуы шарт.
Жақсы тегістеліп жалтырауы керек.
түсін өзгертпеуі керек.
ауыцз қуысының шырышты қыбытын тітіркендірмеуі керек.
Түсі ауыз қуысының шырышты қабат түсіне ұқсас болуы керек.
жағымсыз иісі мен дәмі, болмауы қажет.
дайындалу процесі оңайболуы керек.
сынған жағдайда қайта жөнделуі керек.
Протез негізіне арналған пластмассаларды, мысалы, мақсаты алмалы – салмалы пластиналы протездің базисін дайындау үшін қолданады. Фторакс құрамында фторы бар акрилді жанама полимерлер негізінде құралған ұнтақ – сұйықтық түріндегі, ыстықта қатаятын пластмассадан тұрады. Фторакстан жасалған протездің эластикалық және беріктілік қасиеті жоғары. Фторакс өзінің түсі мен жартылай мөлдірлігіне байланысты ауыз қуысы тіндерінің түсіне толық сәйкес келеді.
Дайындау әдісі: ұнтақ пен сұйықтықты 2:1 қатынасында фарфорлы немесе шыны ыдыста мұқият араластырады. Масса бір ыдыстың бетін тығыз жауып, 10-15 минуттай ұстаптұрады. Массаның пішіндеуге дайын болған кезі деп өзінің жабысқақтығын жоғалтып, ыдысқа, қолға жабыспайтын кезін айтады. Осыдан кеін массаны кюветаға салып, престің астында 10-15 минут қысып ұстап тұрады да, осыдан кейін кюветаны доғалы қысқыштарға қысып термиялық өңдеуден өткізеді.
Термиялық өңдеу. Фторакстың полимерленуін су моншасында жүргізеді және ол процесс мына кезеңдерден тұрады.
Су моншасының t0-сын бөлме t0-сынан бастап 45-500С –ға дейін көтеріп, 15-20 мин. Ұстайды. Содан кейін 45-50 мин. Аралығында суды қайнатуға дейін жеткізеді.
Су моншасының осы температусасында 30 мин аралығында ұстап тұрады.
Осыдан кейін кюветаны бөлме температурасына дейін суытады.
Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, алмалы салмалы протездердің жасанды тістерін жасау үшін қолданылатын акрилатты пластмасса. Ұнтағы эласторлармен (бутил акрилат каучугінің төменгі молекулярлы жанама полимері, аллилметилакрилат және ММА) күшейтілген полиметилакрилат. Сұйықтығы дифенилпропонол қосылған метилакрилат. Сұйықтығы дифенилпропонол қосылған метилакрилат. Сұйықтығы дифенилпропонол қосылған метилакрилат. Сұйықтығы дифенилпропонол қосылған метилметакрилат. Бакрил жоғарғы технологиялық қасиетке ие. Өндірісте беріктілігінің салдарынан әсіресе тегістеу және жылтырату кезінде құралдардың тез қажалып істен шығуына байланысты Бакрил шығарылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |