9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------21 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
Металдардың түрлері, қолданылуы.
Фарфор, құрамы, қолданылуы.
Қосалқы материалдар, қолданылуы.
Жасанды түрпілік материалдар.
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)
Тот баспайтын болат. Тот баспайтын болаттарға атмосферада, өзен және теңіз суларында тотығуға тұрақты болаттар жатады. Тот баспайтын болаттың коррозияға тұрақтылығына олардың физикалық химиялық жағдайына байланысты болады. Ото баспайтын болаттың стоматология тәжірібиесінің өндірісіне енуіне 1930 жылдардағы Д.Н.Цитриннің зерттеулері негіз болған.
Тот баспайтын болаттың құрамындағы хром құймаға тотығуға тұраұтылық береді, ал никель икемділік қасиет береді. Сондай-ақ құйманы 450-8500С температурада өңдесе хром көміртегімен химиялық байланысқа түседіде, хром карбиттерін түзеді, олардың молекулалары кристалды элементтердің шекаралық деңгейінде орналасады. Бұл сол жердегі хромның азаюына әкеледі де, кристаларалық тотығуының дамуына әкеліп соғады. Осыған байланысты хром карбидінің түзіліуінің алдын алу үшін құрамына титан енгізеді. Олар көміртегімен байланысып титан карбиттерін түзеді де, хром карбидтерінің түзілуін жойып, кристаларалық тотығудың алдын алады. Сонымен бірге болаттың аққыштығы мен ыстыққа тұрақтылығы арттыру үшін 2,5% кремний қосады.
Тот баспайтын болаттан дайын стандартты металл қауыздар және жасанды құйма тістер, ортодонтиялық сымдар шығарады. Тот баспайтын болаттан, негізінен, штампталып дайындалатын сауттар дайынгдайды. Бұл құймадан сауыттарды құйып дайындамайды, себебі, олардың құю кезіндегі отыруы көп, 3% -ға дейін жетеді. Тот баспайтың балқу температурасы 14500С.
Достарыңызбен бөлісу: |