Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері



бет43/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

1. Тақырыбы: Дәріхана жағдайында дайындалатын офтальмологиялық дәрілік түрлер.
2. Мақсаты: студенттер көзге арналған (тамшылар, басуға арналған ерітінділер, жағар майлар, суспензиялар, эмульсиялар) дәрілік түрлерді дайындаудың және олардың сапасын НҚ сай бағалаудың теориялық материалын игеруі керек.
3. Дәріс тезистері:

  1. Көзге арналған дәрілік түрлер. Оларға қойылатын талаптар.

  2. Көзге арналған дәрілік түрлерді тұрақтандыру, стерилдеу, камфортығын қамтамасыз ету, әсерін ұзарту.

  3. Көз тамшыларының жеке технологиясы.

  4. Көзге арналған жағар майлары.

  5. Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын бағалау.

  6. Көзге арналған дәрілік түрлердің технологиясын жетілдіру.

Көзге арналған дәрілік түрлер. Оларға қойылатын талаптар. Көздің кілегей қабағы ағзаның барлық кілегей қабықтарының ішіндегі ең сезімталдысы. Ол сыртқы тітіркендіргіштерді бірден сезеді - механикалық қоспалар, осмостық қысым, көз жасы сұйығының рН мәніне әсер етеді. Көз жасы сұйығы микроорганизмдерден қорғаныс барьері рөлін атқарады. Көз жасы сұйығында лизоцим болғандықтан ол бактерицидті әсер көрсетеді, бірақ патологиялық жағдайда көз жасы сұйығындағы лизоцим едәуір азаяды. Көзге арналған дәрілік түрлерге: көз тамшылары, көзге басуға арналған ерітінділер, көз жағар майлары, көзге арналған пленкалар жатады. Көз дәрілік түрлері қолдану тәсіліне байланысты ерекше топқа бөлінеді. Офтальмологиялық ерітінділерді дайындау процессі дәріхана жағдайында қиын және жұмысы көп. Көз тамшыларына, көзге басуға арналған ерітінділерге келесі талаптар қойылады: стерильділік, тұрақтылық, қарусыз көзбен көрінбейтін механикалық қоспалардың болмауы және изотондық.
Көзге арналған дәрілік түрлерді тұрақтандыру, стерилдеу, камфортығын қамтамасыз ету, әсерін ұзарту. Көз тамшыларының және басуға арналған ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету үшін, оларды асептикалық жағдайда дайындайды. Термостабильді ерітінділерді (атропин сульфаты, пилокарпин гидрохлориды, цинк сульфаты ерітінділерін) стерильдейді. Термолабильді дәрілік заттардың ерітінділері (резорцин, физостигмин, салицилат, бензилпенициллин натрий, кейбір көп компонентті жазылымдар) асептикалық жағдайда стерильдеусіз дайындалады. Микроорганизмдерді және олардың спораларын ұстап қалатын мембранды және терең қабатты фильтрлер көмегімен (стерильді фильтрлеу) стерилдейді. Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің қолдану кезінде стерилділігін сақтау үшін, олардың құрамына дәрігердің рұқсатымен консерванттар: мертиолат (0,005%), этанолмеркурий хлориды (0,06%), цетилпиридин хлориді (0,01%), хлорэтон (0,5%), нипагин (0,1%), левомицетин (0,15%), бензил спирті (0,9%) қосылады. Көзге арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Шаншуға арналған ерітінділердегідей, шартты түрде, тұрақтандыруды қажет ететін көзге арналған ерітінділерді үш топқа бөледі: әлсіз негізбен және күшті қышқылдан тұратын тұздар, күшті негізден және әлсіз қышқылдан түзілген тұздар, жеңіл тотығатын заттар. Құрамында бірінші топтың дәрілік заттары бар көз тамшылары мен көзге басуға арналған ерітінділерін тұрақтандыру үшін, хлор сутек қышқылын қолдану тиімсіз, себебі ол көздің кілегей қабығын тітіркендіреді. Хлор сутек қышқылының орнына дәрігердің көрсетуі бойынша 1,9-2% әлсіз бор қышқылы қолданылады. Бұл тұрақтандырғыш шыныдан бөлінетін сілтіні нейтралдайды және гидролиз, тотығу, күрделі эфир байланыстарының сабындану реакцияларын болдырмайды. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар: физостигмин салицилаты, дикаин, новокаин, мезатон, совкаин және цинк тұздары бар қышқылының 1,9-2% изотондық ерітіндісімен тұрақтандырады. Атропин сульфатының, эфедрин гидрохлоридінің, скополамин гидробромидінің, скополамин гидробромидінің ерітінділерін буферлі ерітінділерді (pH 6,5) қосып тұрақтандырады, ал дәріхана жағдайында натрий хлоридының изотонды ерітіндісінде дайындайды. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың сулы ерітінділерін 0,1 н. натрий гидрооксид ерітіндісімен тұрақтандырады. Жеңіл тотығатын дәрілік заттардың (сульфацил-натрий, аскорбин қышқылы, адреналин гидрохлориді) ерітінділерін тұрақтандыру үшін натрий сульфит, натрий метабисульфит, трилон Б және басқалар қолданылады. Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің комфорттығын қамтамасыз ету. Көптеген көз тамшылары инстилляциялау кезінде қолайсыз сезім, әдебиеттерде көрсетілгендей, дискомфортты құбылыстар, көзге арналған ерітінділердің осмостық қысымы және pH мәнінің көз жасы сұйығының мәндеріне сәйкес келмегенімен түсіндіріледі. Көз жасы сұйықтығының осмостық қысымы нормада, қан плазмасының және (0,9 %) натрий хлориды ерітіндісің осмостық қысымына сәйкес. Сондықтан көзге арналған ерітінділердің де осмостық қысымы сондай болуы керек. Көз тамшыларында механикалық қоспалардың болмауын қамтамасыз ету. Көзге арналған ерітінділердің механикалық қоспамен ластануы көздің кілегей қабығын қатты тітіркендіреді, механикалық қоспалардан көзге арналған ерітінділерді шаншуға арналған ерітінділердей (N 3) шыны фильтр, қағаз немесе мембранды фильтр, фильтрлер арқылы сүзеді. Көз тамшыларының және көзге арналған ерітінділердің әсерін ұзарту. Көз тамшыларының кемшілігі - құрамында арнайы қоспалары жоқ дәрілік заттардың сулы ерітінділерінің терапевтік әсері қысқа болады. Бұл, науқасқа және медициналық персоналға қолайсыз, сонымен қатар көзге қауіпті, оларды жиі инстилляциялау қажеттілігімен түсіндіріледі. Мысалы, пилокарпин гидрохлоридының сулы ерітіндісінің максимум гипотензивтік эффектісі, глаукомамен ауыратын науқастарда, 2 сағат аралығында байқалады, сондықтан көз тамшысы тәулігіне 6 ретке дейін инстилляциялауды қажет етеді. Осы кезде көз іші қысымының тез өзгеруі байқалады. Сулы ерітінділерді жиі инстилляциялау, құрамында лизоцим бар көз жасы сұйықтығын жуып, соның әсерінен инфекциялық процестің пайда болуына жағдай жасайды. Көз тамшыларының инстилляциялау жиілігін қысқарту және бірден көз ұлпаларымен жанасу уақытын ұзарту үшін, дәрілік заттардың әсерін ұзарту: көз тамшыларының құрамына тұтқыр еріткіштер, синтетикалық гидрофильді ЖМҚ, метицеллюлоза (0,5-2%), карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы (0,5-2%), поливинил (1,5%), полиглюкин және т.б. қосу арқылы жүргізеді. Бұл заттар көздің шырышты қабығын тітіркендірмейді, кей жағдайларда көздің мүйізді қабығының эрозиясының эпителизациясын тездетеді және де көптеген дәрілік заттармен, консерванттармен сыйымды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет