Ұнтақтардың рецепте жазылу тәсілдері. Дозаланбаған ұнтақтар бiр тәсiлмен жазылады. Рецепте босатуға арналған дәрiлiк заттардың салмақтық мөлшерi көрсетiледi. Дозаланған ұнтақтар рецептте екi тәсiлмен жазылады:
а) Бөлiнген тәсiл. Рецептте әр дәрiлiк заттың ұнтақтың 1 дозасына есептелген мөлшерi жазылады, осындай дозадан дайындалатын ұнтақ саны көрсетiледi, мысалы:
б) Бөлiнетiн тәсiл. Рецептте дәрiлiк заттың барлық ұнтақ санына керектi мөлшерi жазылады және қанша дозаға бөлу саны көрсетiледi:
Ұнтақтар технологиясының сатылары. Ұнтақтар дайындау технологиясы келесi сатылардан тұрады: ұнтақтау; елеу; араластыру; дозалау (мөлшерлеу); орамдау және безендiру; сапасын бағалау.
Ұнтақтардың жеке технологиясы. Қарапайым ұнтақтардың технологиясы. Қарапайым ұнтақтарды дайындау технологиясы келесi сатылардан тұрады: ұнтақтау; дозалау; орамдау, безендiру. Қарапайым ұнтақтар технологиясында араластыру сатысы болмайды.
Күрделi ұнтақтардың технологиясы. Күрделi ұнтақтың құрамына заттар қоспа ретiнде және әртүрлi мөлшерде енуi мүмкiн, олар негiзiнен iшуге қолдануға белгiленедi. Жазылған заттардың физикалық қасиеттерiнiң ерекшелiктерi және олардың әртүрлi қиыстырылуы күрделi ұнтақтарды әртүрлi тәсiлдермен дайындауды қажет етедi.
Әр уақытта күрделi ұнтақтардың технологиясының жалпы ережелерiн сақтау қажет:
Ұнтақтардың сапасын бағалау. Ұнтақтардың сапасын бағалау технологиялық процестiң әртүрлi кезеңдерiнде жүргiзiледi:
- алдынғы кезеңде (сыйымдылығын, өлшемiн және т.б. тексеру);
- дайындау сатыларында (бiркелкiлiгiн, сусымалдығын, түсiнiң және иiсiнiң
ингредиенттерге сәйкестiгiн тексеру);
- дайын препараттың (органолептикалық бағалау, бөлшектiң өлшемiн
анықтау, салмағынан ауытқуын және т.б. анықтау);
- босатар кезде бағалау (орамдалуының, безендiрiлуiнiң сәйкестiгiн), қатысты
құжаттардың: жазбаша бақылау паспортының, рецепт көшiрмесiнiң және
т.б. дұрыс жазылуын тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |