6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):
Сұйық дәрiлiк түрлердiң кеңiнен қолданылуын немен түсiндiруге болады?
Сұйық дәрiлiк түрлер қолданылуы бойынша қалай жiктеледi?
Сұйық дәрiлiк түрлердiң дисперстiк жүйе типтерiне байланысты жiктелуi.
Қолданылатын ерiткiштiң табиғатына қарай сұйық дәрiлiк түрлер қалай жiктеледi?
Дистилденген суға МФ бойынша қандай талаптар қойылады?
Дистилденген суларды сақтау мерзiмдерi қандай бұйрықпен нормаланады?
Сулы ерiтiндiлердiң технологиялық сатыларына сипаттама берiңiздер?
Дәрiлiк заттардың еруiн жылдамдату үшiн қандай шаралар қолдануға болады?
КҰК дегенiмiз не? Оны қандай жағдайда қолданады?
Сулы ерiтiндiлердiң сақталу мерзiмiнiң қысқа болуы неге байланысты және оларды ұзарту мүмкiндiгi бар ма?
11.Микстуралар технологиясында құрғақ дәрiлiк заттарды пайдаланумен салыстырғанда
концентрлі ерітінділерді қолданудың қандай артықшылығы бар?
12.Микстура технологиясында қолданылатын концентрлi ерiтiндiлердi сұйылту немесе
қойылту қажеттiлiгiн неге негiздеуге болады?
13.Микстуралар технологиясында суды, концентрлi ерiтiндiлердi, экстракциялық
препараттарды өлшеу ретiн неге негiздеуге болады?
14.Құрамында мөлшерi 3%-дан көп болатын құрғақ дәрiлiк заттары бар микстураларды
дайындау кезiнде КҰК пайдалану қажеттiлiгiн немен түсiндiруге болады?
15.Егер ерiткiш ретiнде хош иiстi су қолданылатын микстуралар технологиясында
концентрлi ерiтiндiлердi не үшiн қолданбайды?
16. Микстураларға тұндырмаларды, сұйық экстракттарды, шырындарды, жаңа галендiк және
басқа сұйық препараттарды енгiзу тәртiбi қандай?
17.Микстураның жалпы көлемiн қалай анықтайды?
Дәріс № 3
1. Тақырыбы: Бейсу ерітінділер. Бейсу ерітінділер технологиясы.
2. Мақсаты: студенттер дәрілік және қосымша заттардың физика – химиялық қасиеттеріне және нормативті құжаттардың талаптарына сай бейсу ерітінділерді теория жүзінде дайындауды және сапасын бағалауды меңгеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |