3. Дәріс тезистері:
Бейсу ерітінділер. Жіктелуі.
Ұшқыш еріткіштерде ерітінділер дайындау. Спиртті ерітінділер.
Ұшқыш емес еріткіштерде ерітінділер дайындау.
Бейсу ерітінділерінің технологиясын және сапасын жетілдіру.
Бейсу ерiтiндiлер. Жіктелуі. Бейсу ерiтiндiлер – дәрілік заттар бейсу еріткіштерде ерітіледі.Бейсу ерiтiндiлер сыртқа қолдануға арналған дәрiлiк түрлерге жатады: кiлегей қабаттарға жағуға, терi қабатын сүртуге, жууға, шаюға, ингаляция жасауға арналған ерiтiндiлер, құлаққа, мұрынға арналған тамшылар. Бейсу ерiтiндiлердiң технологиясында қолданылатын ерiткiштердi олардың физико-химиялық қасиеттерiне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу ерiткiштер деп бөледi. Ұшқыш ерiткiштерге этанол, эфир, хлороформ жатады. Дәрiхана iс-тәжiрибесiнде кеңiнен этанол қолданылады. Ұшқыш емес ерiткiш ретiнде глицерин, өсiмдiк майлары, вазелин майы, соңғы жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар қолданылады. Бейсу ерiтiндiлерiнiң технологиясы. Бейсу ерiтiндiлерiнiң технологиясы: ерiту, фильтрлеу, орамдау, безендiру сатыларынан тұрады. Әр сатының, ерiткiштердiң физико-химиялық қасиеттерiне байланысты өзiндiк ерекшелiктерi бар.
Ұшқыш еріткіштерде ерітінділер дайындау. Спиртті ерітінділер. Ұшқыш ерiткiште ерiтiндiлердi дайындау кезiнде ерiткiштiң көп мөлшерi булану есебiнен және ерiтiндiнiң концентрациясы ұлғаюына байланысты жоғалуы мүмкiн, сондықтан қыздыру, сүзу немесе фильтрлеу операциялары орындалмайды. Дәрiлiк заттардың этанолдағы ерiтiндiлерiн дайындау ССРО МФ және сұйық дәрiлiк түрлердi салмақ-көлемдiк әдiспен дайындау (ҚР ДСМ 15.12.05 ж. № 142 бұйрығының 21 тармағы, ҚР ДСМ 18.04.2000 ж. № 224 бұйрығы) нұсқауымен реттеледi. Технологиясының ерекшелiктерi: ерiтiндiнi тiкелей босататын құтыға дайындайды; құты құрғақ болуы керек, себебi су спирттi сұйылтып, басқа ерiткiшпен араласпайтын дәрiлiк заттардың ерiткiштiк қасиетiн төмендетедi; құтыға алдымен еритiн затты, содан соң ерiткiштi салады. Себебi мойны ылғалданған құтыға ылғал затты салу қиын, көп мөлшердегi, көлемдi дәрiлiк заттарды (ұнтақтарды) құтыға воронка арқылы салады; сусыз ерiтiндiлердi қажет болған жағдайда ғана құрғақ мақта тампоны арқылы воронканы шынымен жауып сүзедi. Спирттi сұйылтуға қажеттi есептеулер келесi тәсiлдермен жүргiзiледi: сұйылту теңдеуiмен, алкоголиметрлiк кестелер көмегiмен (ССРО МФ ХI басылымы, том 1, кестелер 2, 3, 4 және 5, 315-321 беттер), «Крест» ережесiмен.
Достарыңызбен бөлісу: |