Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері



бет16/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Документ (2)

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, пациентке майды таңдап алыңыз.

  3. Майдың жарамдылығын (атын, сақталу мерзімін) тексеріңіз, тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

  4. Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз. Емшара жүргізуге пациенттің келісімін алыңыз.

  5. Пациентке емшараны жүргізу үшін қолайлы қалып беріңіз.

  6. Майды сылайтын тері аймағын қараңыз.

  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  8. Пациенттің терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  9. Апликатормен қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

10.Теріге тағайындалған майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, тері арқылы сіңіп кеткенше сылаңыз.

11.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



12.Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Ескерту:

  • дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;

  • егер де май теріні қатты тітіркендірмесе, онда пациент өздігінен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;

  • майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін пациентке қолын жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет