Дәріс – 1 Кіріспе. Метеорологиядағы жаhандық және аймақтық өзгерулерге жалпы шолу


Дәріс – 2 Қазақстанның климаты экологиялық мәселелерді қалыптастыратын орта ретінде



бет2/9
Дата03.02.2023
өлшемі124 Kb.
#469126
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 2023 (1)

Дәріс – 2
Қазақстанның климаты экологиялық мәселелерді қалыптастыратын орта ретінде

Қазақстан республикасының алып жатқан жер көлемі қаншалықты кең болса, ондағы солтүстіктен оңтүстікке қарай және шығыстан батысқа қарай климаты да соншалықты өзгешеленеді.


Қазақстан территориясы, таулы аймақтарды санамағанда, ауа температурасының жоғарылығымен және жауын – шашынының аз түсуімен сипатталады. Осыған байланысты бүкіл территория бойынша буланушылық мөлшері түскен жауын – шашыннан екі – үш есе асып түседі. Таулы аймақтар үшін әлсіз жел мен тымырықтардың болуы ластаушы заттардың сейілуін қиындатады.
Соңғы 55 жыл ішінде Қазақстандағы ауа температурасы 1,5 0С-ға жоғарылады. Оның негізгі себебі Қазақстанның материк ортасында орналасуы. Өнеркәсіптің дамуы, автотранспорттың артуы салдарынан атмосферада парниктік газдардың мөлшері үнемі артуда. Сонымен қатар синоптикалық ерекшеліктерді де атаса болады. Біздің регионға 70-ші жылдардан бері батыстық тасымалданудың қайталанушылығы артуда, яғни жылы және ылғалды ауа массаларының келуі артуда. Салқын кезеңде Оңтүстік циклондардың шығуы да азаюда, яғни боранды күндер саны да азаюда. Аймақтық климаттың өзгеруі табиғи ортаға, адамзат әрекетінің барлық салаларына теріс әсерін тигізуде.
Жер тарихының геологиялық кезеңдерінде климаттың өзгеріп отырғандығы сөзсіз. Оны дәлелдейтін көптеген факторлар бар: флорамен фауна қалдықтары, ежелгі өсімдіктердің сақталып қалған шаң-тозаңдары, миллиондаған жылдар бойы жиналған шөгінді қабаттары мен жел, сумен мүжілген тау жыныстары. Қазіргі таңда палеонтологияда геологиялық дәуірді нақты есептеп табатын көптеген жаңа тәсілдер қолданады. Жер климатының глобальді өзгерістері көптеген себептерден туындайды. Бірақ әлі күнге дейін ғалымдардың бірегей тұжырымдары жоқ. Яғни тұжырымдар гипотеза түрінде беріледі. Негізінен климатқа ықпал ететін табиғи факторларды бірнеше топқа бөлуге болады: астрономиялық, геофизикалық, метеорологиялық факторлар:
• астрономиялық факторлар тобы Күннің сәулеленуін, Жердің Күн жүйесіндегі орны мен қозғалысын, оның айналу осінің орбита жазығына көлбеуін және айналу жылдамдығын қамтиды. Мұның бәрі Жердің қозғалысына күн жүйесіндегі өзге денелердің ықпал етуіне байланысты болатын климат жасаушы сыртқы факторлар: инсоляция мен гравитациялық ықпалды (судың тасуы мен қайтуын және Жердің өз орбитасы мен өз осінің шеңберіндегі қозғалысында ауытқулар туғызушы) да осылар айқындайды.
• геофизикалық факторлар тобы Жердің планета ретіндегі қасиеттеріне: оның көлемі мен массасына, ішкі жылу көздеріне, өзіндік магнит және гравитациялық өрістеріне, жер бетінің ерекшеліктеріне және оның атмосферамен өзара ықпал - әсеріне байланысты.
• метеорологиялық факторлар тобы атмосфера мен гидросфераның негізгі сипаттамаларын (материктер мен мұхиттардың орналасуы, көлемдері мен пішіндерінің өзгеруі, мұхит ағыстарының ауытқулары т.б. құбылыстар), олардың массасы мен химиялық құрамын, бұлттылық және т.с. сияқты өзгерістерді қамтиды.
Ғылыми-техникалық прогресс, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, қауіпті жағдайлардың пайда болуына себепкер болуда.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері — аймақтың техногенді шөлейтгенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғатгьң генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатар төндіретін табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алуы, әрі улы қалдыктардың жинақталып, айналаға, қоршаған ортаға зор зияньн тигізуде. Ал осы аталғандардың барлығы да жергілікті жердің тұрақталған ауа райының өзгеруіне бірден – бір себеп.
Алдағы тақырыптарда (дәрістерде) Қазақстанның климатының өзгерулеріне өз әсерін тигізбей қоймайтын, әрі экологиялық мәселелердің де бірі болып табылатын негізгі факторларды қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет