- Бұл гұлдік қабықшалары мен тозаңдары жоқ, жеміс қабықшалары мен ұрығы ішінара алынып тасталған буланған сұлы дәндері.
- Сұлы жармасы және одан алынған тағамдық концентраттар тек жоғары құндылыққа ғана емес, емдік қасиеттерге ие, өйткені асқорыту мүшелерінің тітіркенуін тудырмайтын, неғұрлым толық сіңірілетін тағамдар болып табылады. Ол адамдардың емдәмдіктамақтануында кеңінен қолданылады, әсіресе аурудан кейін әлсіреген, асқазан-ішек ауруларымен адамдар тамақтануында кең қолданылады. Бұл жармадан жасалған тағамдық концентраттар балалардың денсаулығын нығайту үшін өте маңызды.
- Басқа жармалармен салыстырғанда сұлы жармасында крахмал аз (65%), сондықтан сұлы жармасынан жасалған тағамдар энергетикалық жағынан аз құнды. Бірақ сұлы жармасында ақуыздардың толық құрамы және көп май (6% - дан 7% дейін), минералды заттар (2,3% дейін), В, В2, РР дәрумендері бар. Сұлы жармасының химиялық құрамының ерекшелігі онда шырышты (гумми) заттардың болуы болып табылады.
- Сұлы жармасының кемшіліктеріне жасұнық (2%) және пентозандар (жартылай жасушалар) (3%-дан 5% дейін) салыстырмалы көп болуыжатады, олардән қабықтарында шоғырланған. Сау адамда олар тек ішек жолына қолайлы әсер етеді.
Тары - Бұл гүлді үлдірден, жеміс, тұқым қабығынан және ұрықтан ажыратылған тары ядросы. Ажарланған дән бетібұдырлы, ұнтақпен жабылған, ұрық орнында кішігірім шұңқыры бар.
- Біздің елімізде тары ежелден оның үлкен энергетикалық құндылығы мен жеңіл сіңімділігі арқасында ең кең тараған және сүйікті жарма болды.
- Бірақ тарыныңақуыз құрамында лизин, метионин және триптофан сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары жетіспейді,бұл оның биологиялық құндылығын төмендетеді. Майлар (2% – дан 3% дейін) және каротиноидтар-пигменттер дәнге сары түс береді, оңай тотығады, сондықтан ұзақ сақталған тағамдық концентраттардың жағымсыз ащы дәмі бар.
- Тарының жақсы аспаздық қасиеттері бар: ол тез піседі, жақсы ісінеді, көлемі 6 – 7 есе өседі. Сапасы бойынша ең жақсыашық-сары, мөлдір, жұмыр дәндер болып табылады, одан сусымалы ботқалар алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |