Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет31/46
Дата14.07.2022
өлшемі1.33 Mb.
#459691
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд

Бақылау сұрақтары:

  1. Металдарды кесумен өңдеу

  2. Кесу жылдамдығы

  3. Кесу берілісі

  4. Жоңқаның түрлері

  5. Метал кесетін станоктардың жіктелеуі



Дәріс № 10. Дәнекерлеу өндірісінің технологиясы және түрлері. Металдарды біріктіру.
Пісіру деп молекулааралық және атомаралық байланыс күштерін пайдаланып, қатты материалдарды жергілікті балқыту немесе пластикалық деформация жасау арқылы ажырамайтын жалғас алу процесін айтады. Осының нәтижесінде пісірілетін материалдар атомдарының арасында берік байланыс орнайды. Аталған күштердің өзара әрекеттесуі үшін жалғанатын металдардың атомдарының ара қашықтығы 10-8 см шамасында болуы керек, демек өзара қашықтығы металдардың кристалл торларының параметріне сәйкес болуы қажет.
Металдарды пісіру физикалық, техникалық жэне технологиялық белгілермен әртүрлі топтарға бөлінеді.
Металдарды пісіруді физикалық белгілерімен жіктеу. Физикалық белгілермен жіктеу пісіру жалғасын калыптастыруға қолданылатын энергия түріне байланысты жасалады. Осы бойынша пісіру процестері үш топқа бөлінеді:
- термиялық;
- термомеханикалык;
- механикалык.
Термиялыц топқа жылу энергиясын пайдаланып балкыту пісіру түрлері жатады: доғалы, электрон-сәулелі, электрқожды, плазмалы, термитті, газбен және күймалы.
Термомеханикалық топқа жылу энергиясын жэне қысым күшін пайдалану арқылы пісірілетін түрлері жатады. Бұл топқа түйістіріп пісіру, индукциялы-қысымды, диффузиялы, газды-баспалы, термокомпрессиялы, доға-басқалы, термитті-баспалы.
Механикалық топқа - механикалық энергия мен қысымды колданып орындалатын пісірудің түрлері жатады: салқындай, ультрадыбысты, жарылыспен, үйкеліспен және магнит-импульсті.
Металдарды пісірудің техникалық белгілерімен жіктелуі.
Техникалық белгілерге келесілер жатады:
- металды пісіру аумағында қорғау әдісі;
- пісіру процесінің үзіліссіз орындалу дәрежесі;
- процесті механикаландыру дәрежесі.
Металды атмосфера ауасынан қорғау әдісі бойынша пісірудің түрлері -ауада, вакуумда, әртүрлі қорғаушы газдарда, флюс астында, флюс үстімен, көбікте, аралас қорғаулармен.
Процестін үзіліссіздігіне байланысты пісіруді үзіліссіз және үзіліспен деп бөледі; механикаландыру дәрежесімен қолмен пісіру, механикаландырылған, автоматтандырылған (жартылайавтоматтандырылған) және автоматты түрлері болады.
Пісірудің негізгі түлерінің қысқаша сипаттамалары. Доғалы пісіру пісірудің кеңірек тараған және әмбебап түрі болып табылады. Балқытып пісіру тобына жатады. Негізгі және косынды металдардың балкуы пісірілетін металл мен электрод арасында жанатын электр доғасы арқылы орындалады. Балқыған негізгі және косынды металл (электрод немесе пісіру сымы) пісіру ваннасын қалыптастырады; нәтижесінде пісіру ваннасы металының кристалдануынан пісіру жігі қалыптасады.
Пісіру жігін тотығудан корғау үшін, доға жанғанда сүйық қож және газдар (мысалы СО2, сутегі, аргон) бөлетін қалың қаптамалы электродтар қолданылады. Көмір электродымен тәуелді және тәуелсіз доғада қосынды сым қолданып пісіру шектелуі, бүны көбінесе түсті металдан жасалған жүқа қабырғалы бұйымдарды пісіруге пайдаланады. Комір электродтарын көбінесе доғалы кесуге кеңірек колданады.
Флюс қабаты астында автоматты доғалы пісіру.
Пісірудің бұл түрі үлкен өндірістерде түзу және шеңбер жікті бөлшектерді жалғастыру үшін қолданылады. Электрод есебінде: жалаң пісіру сымы пайдаланылады.
Бұл процестің өнімділігі колмен доғалы пісірумен салыстырғанда 5-10 есе жоғары; пісіру жіктерінің сапасы да жоғары.

Сурет 19 – Қолмен және флюс қабаты астында автоматты доғалы пісіру


Қоргаушы газдарда пісіру.
Пісіру балқитын немесе балқымайтын (вольфрам) электродтарымен инертті газдар ағынында жүргізіледі.



Сурет 20 – Қорғаушы газдарда пісіру


Бұл тәсілді жоғары легірленген болаттан, титан, никель, алюминий және магний қорытпаларынан жасалған бөлшектерді пісіруге қолданады.


Коміртекті болаттарды пісіргенде біршама арзанырақ көмірқышқыл газын қолданады.
Электрқожды пісіру.
ІІісірудің бүл түрінде негізгі және қосынды металдардың балкуы, тұрақталған пісіру процесі кезінде, электр тоғы балқыған қождан өткенде бөлінетін жылу арқылы іске асады.
Электрқожды пісіру электрод түрімен, электродта тербеліс болуымен, электрод санымен және кейбір басқа да белгілерімен жіктеледі. Бүл тәсіл ауыр дайындамаларды жалғастыруға қолданылады (ауыр түғырлар, станиналар).
Газбен пісіру.
Пісірудің бүл түрі негізгі және қосынды металдарды жоғарытемпературалы газ - оттекті жалынымен балқытып жалғастыруға негізделген. Оттегінде жандыруға арналған жанар газ есебінде әртүрлі газдарды пайдаланады: сутегі, ацетилен, пропан-бутан коспасы, бензин буы, керосин буы, қалалық газ, табиғи газ, кокс, мүнай және басқа газдар.
Ацетилен-оттекті пісіру инжекторлы жанарғы жалынында өтеді. Қосынды металл есебінде пісірілетін болшек металының қүрамына жақын сым немесе сырықтар қолданылады.
Ацетилен-оттекті пісіруде жалғастардың сапасы электрдоғалы пісіргеннен төмен.
Түйістіріп пісіру
Түйістіріп кедергімен пісіру, әдетте қимасы аздау бөлшектерді жалғастыру үшін қолданылады. Болшектердің шеттерін гидравликалық баспамен қысып, содан кейін электр тоғын қосады.
Бүл жағдайда түйіскен металл пластикалық жағдайға дейін жеткізіледі.
Түйістіріп пісірудің басқа түрі - балқытып пісіру. Бүл әдісте түйісті алғашында біршама күшпен қысып, содан кейін тоқ қосылады. Нәтижесінде көп көлемде микро доға пайда болады да, ол металдарды балқытады.
Түйіс балқығаннан кейін гидравликалық баспамен кысылады.
Мүндай балқытып пісіруді қимасы үлкен бөлшектерді қосуға, бүданда басқа әртекті металдарды қосуға қолданады.
Түйістіріп пісірудін тағы бір түрі - нүктелі пісіру, ол бірнүктелі және көпнүктелі болып бөлінеді.
Түйістіріп пісіру әртүрлі электр тоғымен - түрақты, айнымалы т.б. түрлерімен орындалады.
Металдардың пісіру икемділігі туралы түсінік.
Пісіру өндірісінде пісіру икемділігі деп біртекті және әртекті металдардың (олардың қорытпаларының) берілген жүктемелерде, ортада, температура және басқа жағдайларда жүмыс атқара алатындай пісіру жалғасын калыптастыру қабілеттілігін айтады.
Балқытып пісіруде тек қана өзара жақсы еритін металдар ғана пісіріледі. Біртекті металдар, яғни болат болатпен шойын, шойынмен мыс, мыспен т.с.с, жақсы пісіріледі. Мыс және қорғасын озара ерімейді (қосылыспайды) және балқыған (сүйық) күйінде араласпайтын қабаттар қалыптастырады. Сондықтан мыс пен қорғасынды іс жүзінде пісіру мүмкін емес.
Темір қорғасынмен, алюминий висмутпен, темір магниймен т.с.с. қиын пісіріледі. Сондықтан мүндай жағдайда әртекті металдардың пісіру икемділігін қамтамасыз ету үшін, әдетте пісірілетін екі металмен де әзара жақсы еритін үшінші металды пайдаланады. Пісіру икемділігі негізгі метал касиетінен баска пісіру түрі мен ережесіне, қосынды металл және флюс құрамына, қорғаушы газ түріне байланысты. Мысалы, көміртекті болаттарды азот ортасында пісіруге болмайды, өйткені жік металы азотпен қанығып, нәтижесінде металдың ескіруі орын алады.
Керісінше мысты азотта пісіру қолайлы жағдайда өтеді, еткені балкыған мыс іс жүзінде азотқа бейтарап, әсерлеспейді.
Металдарды және олардың қорытпаларының пісіру икемділігін анықтау үшін іс жүзінде 150 әдіс қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет