Пісірудің жаңа тәсілдері.
Пісірудің жаңа тәсілдеріне мыналар жатады:
Пісіру ережелері. Колмен доғалық пісірудің негізгі параметрлеріне электрод диаметрі мен пісіру тогының күші, пісіру жылдамдығы жатады.
Пісіру тогының күші негізінен электрод диаметріне байланысты.
Электрод диаметрі пісірілетін металдың қалыңдығына сәйкес алынады, бұл сәйкестік төменде келтірілген.
Металдың қалыңдығы, мм 1-2, 3-5, 4-10, 12-24
Электрод диаметрі, мм 2-3, 3-4, 4-5, 5-6
Әдетте, қолмен пісіруде электрод диаметрі 5 мм-ден артық болмайды.
Диаметрі 3-6 мм болғанда мына формуламен есептеледі:
I=k·d
Пісіру жігі негізгі екі түрге бөлінеді: тоғыстырылған және бұрышталған болып. Бұлардың конструктивтік шешімі әртүрлі.
Тігінен немесе төбедегі жікті пісіруде әдетте электрод диаметрі 4 мм-ден аспайды және пісіру тогының шамасы төменгі жағдайда пісіруден 10-20 % кем етіп алынады.
Пісіру жігін орындау. Олардың кеңістікте қалай жайғасуы мен пісірудегі жалғастыру түрлеріне байланысты болады.
Кеңістікте орналасуына қарай тігістерді /сурет "а"/ төменгі, /сурет "б"/ тігінен, /сурет "в"/ горизонтальды және /сурет "г"/ төбе жігі деп бөледі. Ең қолайлысы төменгі жікпен пісіру, өйткені балқыған металл ағып кетпейді. Вертикальді және горизонтальді тігістердің, орындалуы қиынырақ, ал төбе тігісінің, орындалуы тіпті қиын. Бұрыштық және таврлы қосуларды қайық сияқты /сурет "д"/ жағдайға келтіріп орындау қажет.
13.1-сурет. Жіктердің кеңістіктікте орналасуы
Достарыңызбен бөлісу: |