Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет43/46
Дата14.07.2022
өлшемі1.33 Mb.
#459691
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд

Бақылау сұрақтары

  1. Алюминий және оның қорытпалары

  2. Жез дегеніміз не?

  3. Қола дегеніміз не?

  4. Магний қорытпалары



Дәріс 14. Метал емес материалдар.
Металл емес полимерлі материалдарга — органикалық синтезделген материалдар: полимерлер, полиэтилен және полипропилен, резенке мен каучук, силикатты шынылар сияқты материалдар жатады.
Полимерлік материалдардың классификациясы. Полимерлер пластмассаның негізі болып табылады. Полимерлер деп біршама жоғары молекулалык массалары (молекулалык салмағы) 10 мыңнан кем емес, молекулалары атомдардың бірыңғай топтарынан звено түрінде пайда болптміі заттарды атайды. Әрбір звено бастапқы төмен молекулалык зат - мономердің молекулаларының өзгеруі болып табылады. Звенолар полимерлерді алу процесінде біртіндеп бір-бірімен қосылып, үзын сызықты тізбекті молекулалар жасай отырып түзіледі.
Полимердің атауындағы сөз түбірі бастапқы затты (полиэтилен, полистирол және басқа) немесе атомдар тобының сипатын (полиамид және баска) білдіреді. Егер макромолекулалар әртүрлі атом звеноларына бірігетін болса, онда полимер өскін полимер деп аталады. Өскін полимерлену балқыған денедегі қоспаларға тән қорытпалардағы легірлеу тақылеттес және материалдардың қасиеттерін өзгертеді.
Молекулалар арасындағы байланыстын түрлеріне қарай полимерлер термопластикалық жэне термореактивтік болып бөлінеді.
Термопластикалық полимерлер деп қыздырған кезде бірнеше рет жұмсара алатын және салкындағанда қасиеттерін өзгертпей катая алатын полимерлерді атайды. Бүл полимерлердің молекулаларының арасында Ван-дер-Ваальстің әлсіз күштері әсер етеді және онда химиялык байланыс болмайды.
Термореактивтік полимерлер деп қыздырған кезде (сондай-ақ басқа да себептермен) сызықты молекулалар арасында химиялык байланыстар пайда болған шақта балқымайтын қатты және бұзылмайтын затка айналатын полимерді атайды. Сызықты молекулалардың химиялық байланыстармен қосылуын қатаю деп атайды. Қатаюға дейін термореактивтік полимер қыздырған кезде термопластикалық полимер сияқты жұмсарады. Қатайғаннан кейін ол қатты және балқымайтын күйде қалады. Енді молекулалар арасында берік химиялық байланыстар болады.
Толтырғышты 40-70% (массасы бойынша) мөлшері механикалық қасиеттерін арттыру, құнын арзандатту және басқа касиеттерін өзгерту үшін қосады. Толтырғыштар дегеніміз - ұнтақ (ағаш үны, күйе, слюда, SiO2, тальк, TiO2 , графит), талшық (мақта-мата, шыны, асбест, полимер), табақша (қағаз, әртүрлі талшықтардан жасалған кездемелер, ағаш шпоны) түріндегі органикалык немесе органикалық емес заттар.
Стабилизаторлар - ескірмеу үшін бірнеше процент мөлшерінде еңгізілетін әртүрлі органикалық заттар, ол заттың қасиеттерін тұрақтандырып, пайдалану мерзімін ұзартады. Ескірту дегеніміз - пластмасса қасиеттерінің қоршаган ортаның әсерінен қайта қалпына келмейтіндей болып өзгеруі. Ескірудің негізіне полимер молекулаларының кұрылысының өзгеруі жатады.
Пластификаторларды заттың морт сыңғыштығын азайту және формасын жақсарту үшін 10-20% мөлшерінде қосады. Пластификаторлар деп молекулааралық өзара ықпалды азайтатын және полимерлермен жақсы үйлесеетіи заттарды атайды. Пластификаторлар ретінде эфирлер жиі қолданылады, ал кейбір кездерде иілгіш молекулалары бар полимерлер де пайдалынады.
Қатайтқыштарды полимерлік молекулалардың химиялык байланыстарын біріктіру үшін бірнеше процент мөлшеріне реактопластқа қосады. Нәтижесінде кеңістіктік молекулалық тор пайда болады (тор көзді құрылым), ал қатайтқыштың молекулалары бұл тордың бір бөлігіне айналады. Қатайтқыштар ретінде күкірт (каучуктерде), органикалық тотықтар және басқа қосылыстар қолданылады.
Арнаулы қоспалар - майлар, бояулар, статистикалық заттарды азайтуға, жанғыштығын бәсендетуге, көгеріп безеңденуден қорғауға жұмсалатын қоспалар, қатаюды тездеткіш және баяулатқыштар және басқалар, олар белгілі бір қасиеттерді өзгерту немесе күшейту үшін қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет