Дәріс № Тақырыбы: Банк ұғымы


-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi



бет4/8
Дата29.09.2022
өлшемі31.6 Kb.
#461553
1   2   3   4   5   6   7   8
БП - Лекция 1 каз

1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі – Корпорация) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясының болуымен айқындалады.
3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.


5- бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым
Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.


Жоғарыда аталғаннан жалпы қорытынды шығарамыз:
Біріншіден, коммерциялық банк кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылады. Коммерциялық банк коммерциялық ұйым ретінде анықталады, яғни заңда белгіленген тәртіппен тіркелген, жүйелі түрде пайда табуға бағытталған өз тәуекеліне байланысты қызметті дербес жүзеге асыратын ұйым.
Екіншіден, Банктің оны басқа кәсіпкерлік субъектілерден ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше белгісі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларын жүзеге асыру болып табылады.
Үшіншіден, коммерциялық банктің оны басқа несие ұйымдарынан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекшелігі - бұл тек банк операцияларын жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар банк операцияларының белгілі бір жиынтығы (салымдарды (депозиттерді) тарту, несие беру, есеп айырысу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет