Марат Жыланбаев - марафоншылар арасында «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет енген әлемдегі жалғыз спортшы. Жер шарындағы ең ірі шөлдерді жүгіріп өту бойынша да онымен әзірге теңесетін марафоншы жоқ. Марат 1990-1991 жылдар арасында, анығырағы 365 күнде жалпы саны 226 классикалық марафонға қатынасқан. 1992 жылы Азия құрлығының ең ұзын шөлі Қарақұмды, 1993 жылы Африка құрлығының алпауыты Сахараны, осы жылдың өзінде Үлкен Виктория шөлін жалғыз өзі жүгіріп өтеді. 1994 жылы Америкадағы Невада шөлін бағындырып, жалпы саны жеті рет мойнына «Гиннестің рекордтар кітабының» арнайы алқасын тағынған.
Қорытындылай келе, еліміздегі жетекші спорт түрінің бірі – жеңіл атлетика. Бүгінде бұл спорт түрімен Қазақстанда 11 мыңнан астам адам шұғылданады. Бұл статистика спорт мектептерінде тіркелгендердің есебінен алынған. 2000-ға жуық спортшы Қазақстан чемпионаттарына қатысады. Дәл қазіргі таңда ұлттық штаттық командада 34 кәсіби спортшы бар. 2020 жылға дейін олардың санын 50 спортшыға дейін жеткізу жоспарда екен. Бұл спорт түрінің бұқаралық дамуына инфрақұрылым көп әсерін тигізері сөзсіз. Ал спортшылар үшін де спорт кешендерінің сапасы маңызды. Сондықтан еліміздің түкпір-түкпірінде спорт мектептері мен спорт кешендер салынуда.
Қазіргі кезде Семей қаласында халықаралық талаптарға сай келетін «Абай-Арена» атты спорт кешені салынып жатыр. 16 наурыз күні Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясында президент болып сайланған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов біздің қаламыздын мектеп оқуылары мен жеңіл атлеттер осы кешенде оқу-жаттығу жиынын өткізуге болатынын айтты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Жеңіл атлетика тарихы - https://k.k.wikipedia.org/wiki/ Жеңіл_атлетика
Новиков П. ҚР Жеңіл атлетика федерациясының Президентінің бастамасымен жарық көрген жинақ. – Алматы, 2008. - 56 б.
Төтенай Б. Дене тәрбиесі оқулығы. – Алматы, 2013.
Достарыңызбен бөлісу: |