Дәріс № Тақырыбы: Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы Жоспары



бет2/4
Дата23.10.2023
өлшемі24.16 Kb.
#481470
1   2   3   4
№ 3 Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуы

Диск лақтыру — жеңіл атлетиканың түрі, белгіленген шеңбердің ішінен лақтырғаннан кейін арнайы шектелген аумақтың ішіне түседі. Жарысқа қатысушылар диаметрі 2.5 метр дөңгелек ішінен диск лақырады. лақтыру қашықтығы деп дөңгелектің сыртқы радиусынан диск түскен жерге дейінгі қашықты айтады. Ерлер пайдаланатын диск салмағы — 2 кг, ал әйелдердік — 1 кг (Жастар үшін -1.5 кг, Жасөспірімдер -1.75 кг) [3;45].
Найза лақтыру, жеңіл атлетиканың тәртібі; ағаш немесе темір найзаны ұзындыққа екпінмен лақтыру. Спортшы екпінмен секіргеннен кейін (10-12 қадам) найзаны лақтырады, лақтырылған құрал ұшымен жерге қадалуы керек. Найзаның ұзындығы ерлер жарысында 260 см, ал әйелдер жарысында – 220 см тең болады [3;47].
Ядро серпу.  Ядроның массасы: ерлер қолданатын ядро массасы – 7 кг 257 г, әйелдер қолданатын ядроның массасы 4 кг. Ядроны шеңберде тұрып, итеріп серпіп лақтырады. Шеңбердің бұрыш мөлшері – 60 ᵒ. Ядроны бір орында тұрып та, адымдап та лақтырады. Ядро серпілетін шеңбердің диаметрі 2 м 13,5 см болады [3;47].
Кіші доп лақтыру. Кішкене доп лақтыру- мектеп оқушылары үшін аса пайдалы жаттығу түрі. Доп лақтыру - жүгіру, секіру, бір орында лақтыру арқылы орындалады. Лақтырудың кез – келген түрі үлкен қашықтыққа өткізіледі. Лақтыру адамның жылдамдығын, қабілеттілігін, дамытады. Мектеп бағдарламасында доп және гранат лақтыру қарастырылады. Доптың салмағы 150 г. [1;99].
Граната лақтыру. Салмағы ерлерде 700г, әйелдерде 500г. Граната түсетін жерге 10м коридор сызылады, коридордан шығып кетсе, есептелмейді. Коридордың ені 5см ақ сызықпен көрсетілген. Жүгіру жолдың ұзындығы 30, ені 4м. [3;46].


ХХ ғасырдың ең жүйрік қос қазағы
Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосановтан кейін әлемдік деңгейде бәйге алған қазақ жүйрігі болған жоқ. Нақты дерекке сүйенсек, Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқов 100 метрді 10,2 секундта артқа тастап, Еуропадағы ең таңдаулы желаяқтың бірі атанса, содан бері 55 жылда бұл қашықтықта екеуінен озған алаш баласы болмапты.
Ғұсман ағамыз қазақ жастарынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол кісі 1960 жылғы Рим олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО-АҚШ бәсекесінің жеңімпазы, Кеңес одағының ведомствоаралық чемпионатының алтын жүлдегері, КСРО рекордшысы, Украина мен Молдавияның бірнеше дүркін чемпионы. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды.
Ғ. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан ―Қосанов Мемориалық атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов Мемориалы 24-25 маусым күні Алматыда өтеді. Мәртебелі бұл жарысты Жеңіл атлетика федерациясы осымен 27-ші рет ұйымдастырғалы отыр. Ғұсман Қосанов мемориалына қатысуға 11 мемлекеттің спортшылары өз келісімдерін берді.
Әмин Тұяқов - 1962 жылғы КСРО чемпионатында тұңғыш рет КСРО чемпионы атанған қазақ желаяғы. 200 метр қашықтыққа жүгіруден 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Ә.Тұяқов 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4 метр, 200х4 метр эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды.
Ә.Тұяқов Еуропа кубогының жеңімпазы (1965 жылы), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1966 жылы), 50-ге тарта ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әрі жүлдегері болды. 1965 жылы оған КСРО спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы атағы берілді және жеңіл атлетика саласында қазақ халқының даңқын әлемге аспандатқан желаяқ «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет