Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Дәріс № 17 Қазақтың ұлттық спорт түрлері, ойындарын дамытудың қазіргі мәселесі



бет19/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Дәріс № 17
Қазақтың ұлттық спорт түрлері, ойындарын дамытудың қазіргі мәселесі.

Дәріс жоспары:

  1. Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық және облыстық спорт федерацияларын ашу. Ұлттық спорттың негізгі түрлерінен БЖС мектептерін ашу.


  2. Республиканың спорт ұйымдарының қалыптасуы.


Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық және облыстық спорт федерацияларын ашу. Ұлттық спорттың негізгі түрлерінен БЖС мектептерін ашу.

Осыдан 20 жыл бұрын «ұлттық спорт» деген сөз тіпті қолданылса мардымсыз, бүгінгі таңда еліміздің ұлтжанды азаматтары ұлттық спорттың 26 түрін өмірге әкеліп, оның 16 түрінен федерациялар құрып отыр, оның құрамында миллионнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысуда. 2005 жылы еліміздің отан сүйгіш азаматтары, федерациялардың басын қосып Республикалық Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын құрып, ұлттық спорттың дамуына кең жол ашты.


Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық және облыстық спорт федерацияларын ашу. Ұлттық спорттың негізгі түрлерінен БЖС мектептерін ашу.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетімен бірге Ұлттық спорт түрлерінен ІІІ республикалық фестивалін өткізуге шешім қабылдаған еді. Фестивальді 4 кезеңмен: алдымен барлық ауылдық округтерде, екінші кезең аудандар мен қалаларда, үшінші кезең облыстардың орталықтары мен Алма­ты, Астана қалаларында, ал соңғы, ақтық жа­рысты облыс әкімдігінің өтініші бойынша Шығыс Қазақстан облысында өткізу жос­пар­ланған еді.


Шығыс Қазақстан облысы еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сол елдің белгілі азаматтары Нариманов Мэлс, Базарханов Тоқан, Алексей Плахута сынды азаматтардың ұсынысын қол­дап, облыста сол кезде жұмыс істеген әкім­дер В.Метте, Т.Абайділдиннің күшімен ат спорты мектебі ашылып, қала орталығын­да­ғы халыққа қолайлы жерден атшабар са­лын­ған еді. Олардың еңбектері еш болған жоқ, облыста ұлттық спорттың – қазақ күресі, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу секілді түрлері жақсы дамыды. Сондықтан да қойылған мақсат басқа облыстың өкілдеріне Өскеменнің жетістіктерін көрсету және қала халқына ұлтымыздың ғажайып өнерін насихаттау, қызықтыру болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет