Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Дәріс № 13 Дене шынықтыру мен спорттың дамуын жоспарлау мен болжау



бет15/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Дәріс № 13
Дене шынықтыру мен спорттың дамуын жоспарлау мен болжау.
Дәріс жоспары:
1. Дене тәрбиесі теориясы мен тәжірибесі мәселелерін зерттеу.
2. Тәрбие бағыттарының алғышарты - адамның дене және рухани бірлігі.
Бүгінгі қоғамда дене тәрбиесі ағза қызметін қалыпты ұстау үшін ғана емес, адамның жалпы мәдени деңгейін кӛтерудің негізі деп саналады, яғни қазіргі қоғамда адамның жанжақты дамуы сұраныс қана емес, қоғамдық дамудың шарты. Өз ағзасын сауықтыру немесе спорттық нәтижеге жету үшін ӛзін-ӛзі жетілдіруді мақсат еткен адам жан-жақты тәрбиенің бірлігі туралы ұмытпағаны жӛн. Өзара тығыз байланысты тәрбие бағыттарының алғышарты - адамның дене және рухани бірлігі болып табылады, адам рухы мен оның материалдық негізі –тәні, яғни денесінің ажырамас бірлігі ғана тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ете алады. Бұл жағдайда дене тәрбиесі тұлғаны қалыптастырушы, тәрбиелеуші тәсіл ретінде жетекші, тұғырлы қызмет атқарады. Себебі дене тәрбиесі тәсілдері арқылы тәрбиелік ықпал кешенді тұрғыда жүрізіледі. Мұндай ықпал нәтижесі адамның физиологиялық дамуына ғана емес, психологиялық процестерді реттей отырып, тиімді зерделік іс-әрекет негізінде адамның жан дүниесін байытып, рухани және дене саулығын қамтамасыз етеді. Ал рухы биік, денсаулығы жақсы тұлға жан-жақты тәрбие тәсілдерін жетік меңгереді. Дене тәрбиесі тұлғаның рухани-адамгершілік деңгейіне: мақсатқа жету жолындағы табандылық, ерік-жігерлілік, тӛзімділік, қоғамдық белсенділік, адамдармен тіл табыса білу қабілеті (әр түрлі топта, ұжымда бірлескен еңбек ету білігі), тез шешім қабылдай білуі мен бірыңғай тәртіпке үйренуі секілді тәрбиелік міндеттерді қалыптастыруда ықпалы зор. Мысалы: спорттық жарыс барысында сақталынатын бірыңғай тәртіп ережелері ойыншылардың мінез-құлқы мен адамгершілік-этикалық кӛзқарасын қалыптастырады. Сонымен қатар, дене тәрбиесінің салауатты ӛмір салтын сақтап, жеңіл қозғалыс, сұлу бітім, ептілік пен икемділікті қалыптастыруы бүгінгі заманның озық ойлы азаматына ең қажет қасиеттер болып саналады. Бір сӛзбен айтқанда, дене жаттығулары мен дене тәрбиесінің жан-жақты жеке тұлға қалыптастырудағы ықпалы зор. Дене тәрбиесі теориясы мен тәжірибесі мәселелерін зерттеу кезінде бастапқы және негізгі ұғымдарды дұрыс түсінуге ерекше мән берілуі қажет Бұл ұғымдарды нақты және анық белгілеу –дене тәрбиесі жүйесінің ең жас және толық зерттелмеген саласы. Күрделі мәселелердің мазмұнын түсіну және шешу үшін оның мәнін, мағынасын білуіміз қажет. Ұғымдарды меңгеру ойды нақтылауға, ӛзара қарым-қатынасты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары тӛмендегідей: «дене мәдениеті», «дене тәрбиесі», «дене дамуы», «дене дайындығы», «дене қызметі», «денені жетілдіру», «спорт», “дене тәрбиесі қызметі”, “дене тәрбиесі жүйесі”. Берілген ұғымдар ішінде «дене мәдениеті» тіркесі жан-жақты, кӛп мағыналы және жинақтаушы түсінік береді. Арнайы әдебиеттердерде бұл сӛздің оннан аса мағынасы берілген, оның ішінде бір-біріне ұқсамайтын мәндер де бар. Сондықтан кез келген ұғымның бастапқы мәнін (іргетасын) білу қажет. Бұл ұғымның мазмұнын алу үшін «мәдениет» сӛзін «табиғат» ұғымымен байланыстыра қарап кӛрелік. Табиғат құбылысына адам еркі мен күшінен тыс қоршаған ортадағы болған ӛзгерістерді жатқызсақ, мәдениет құбылысына адамның ӛз талап-тілектері мен сұранысына сәйкес жаңару іс-әрекеті мен нәтижесін есептеуге болады. Олай болса жалпы мәдениет бірлігі ретінде дене мәдениетіне адамның ӛз табиғи болмысы мен бітіміне оң ӛзгерістер енгізу тәсілдері мен оның нәтижесі жатқызылады. Бұл жалпы мәдениеттің адамды емес, оның ішкі жан дүниесін, қабілеті мен мүмкіндіктерін, сапалық жиынтық қасиеттерін ӛзгертуге бағытталған бӛлігі
Қорыта айтқанда, дене мәдениеті – қоғамның, адамдардың дене дайындығын жетілдіру үшін қажетті материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы, қоғам мен адамның жалпы мәдениетінің бӛлігі. Бұл анықтамада кӛрсеткеніміздей, дене мәдениеті тек материалдық қана емес, рухани құндылықтарға да негізделген.Тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыруды мақсат еткен педагог тұлғаның қозғалыс және саналық бірліктерінің негізі - адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік бастапқы мәліметтер бірлігін зерттеп тануы қажет. Жоғарыда берілген «дене мәдениеті» ұғымының кең кӛлемдегі мағынасымен қатар мазмұндық қолдану аясы тар түсінік те қатар қолданылады. Бұл түсінік негізінде дене мәдениеті адамның ӛз ағзасының саулығы мен қозғалыс аппаратын жүйелі ұйымдастыру мәдениетінің белгілі бір бӛлігі. Дене мәдениеті туралы сӛз қозғалған кезде кӛптеген адамдар осы мағынаны түсінеді. Ал бұл ұғым жинақтаушы болып есептелінбейді, дене тәрбиесі жүйесінің «дене шынықтыру», «спорт» сияқты мазмұндық бӛліктері ретінде қолданылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет