Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Жазба түпнұсқалар мен мұрағат материалдары Қазақстан Ресейге қосылған кезеңдегі ату спорты екі нұсқада дамығандығын куәләндырады



бет17/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Жазба түпнұсқалар мен мұрағат материалдары Қазақстан Ресейге қосылған кезеңдегі ату спорты екі нұсқада дамығандығын куәләндырады.

Бірінші нұсқасындағы ату-садақ ату.


Ал екінші нұсқасында – мылтықтан ату. Осы екі жағдайда да айтулы мерекелерде нысана ретінде былғарымен қапталған алтын табақ пен алтын шар қызмет етті.

Орыс әкімшілігі дене шынықтыру мен спорттың қазақ халқының өмірінде қандай елеулі рөл атқаратынын біле отырып, оны отарлау саясатының бағытында қолдануға қолдарынан келгенін істеп бақты. Спорттық жарыстар жекелеген саяси мәселелерді шешуге де қолайлы орын болып табылды.

Қазақстанда спорт пен ойындардың классикалық түрлерін тарату орталықтарының бірі – Семей қаласы болды. 1912 жылы мұнда «Нептун» спорт клубы құрылып, түрлі спорт түрлерін таратты. 1913 жылы «Ярыш» атты футбол командасы құрылып, болашақ қазақ жазушысы М.Әуезов оның құрамында ойнады.




Дәріс № 15
Қазақстандағы капиталистік қатынастар мен патриоттық феодалдық қатынастар кезеңіндегі дене шынықтыру және спорт
Дәрістің жоспары:
  1. Қазақстандағы капиталистік қатынастар мен патриоттық–феодалдық қатынастар кезеңіндегі дене шынықтыру және спорт


(ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Ұлы Қазан төңкерісіне дейін)


XVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан басталған Қазақстанның қосылуы ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана аяқталды. Кіші жүзден соң, Ресей қол астына қазақ халқының Орта жүз мен Ұлы Жүзі де қарай басталды. Қазақстанның Ресейге қосылуы ондағы өндіріс күштерінің дамуына тиімді ықпал етіп, ең алдымен капитализмнің және соның негізінде патриархты-феодалдық қатынастардың ыдырауына алып келді. Орыс капитализмінің Қазақстанға енуі, жаңа қалалар мен ауылдардың пайда болуы мен дамуы жергілікті орыс тұрғындарының санының артуына тиімді әсер етті. Орыс тұрғындарымен күнделікті өмірде араласуы қазақ халқының рухани мәдениетінің дами түсіуіне игі әсер еткендігіне көптеген тарихи қайнар көздер куәландыра түседі. Орыстың демократтық мәдениетінің уәкілдері, орыс ғалым-дары, және басқа да прогресшіл көңіл күйдегі ресми әкімшілік қызметін атқарған кейбір тұлғалар қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын үйрену бағытында жүйелі түрде жұмыс бастады. Олардың кітаптарды, очерктерді, жол жазбаларында қазақ халқының дене шынықтыруы мен спорты үлкен орын алады. Орыс авторлары қазақтың халық ойындары, ойын-сауықтары мен дене жаттықтыруы туралы ерекше бір жылылықпен жазды. Олардың халық өміріндегі үлкен мәні, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ролі туралы атып көрсетеді. Дене шынықтыру маңызды қоғамдық құбылыс ретінде еңбекші халықтар өмірінде үлкен орынға ие болады. Көптеген орыс авторларының пікірлері осындай еді.

Орыстың ұлы сыншысы Н.А.Добролюбовтың жеке басы ешкашан да Қазақстанда болған жоқ. Әйтсе де, ол орыс оқымыстыларының мәліметтері арқылы қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетіне, осы халықтың дене шынықтыруына аса қызығушылық білдірді. Н.А.Добролюбов қазақ пен башқұрт даларында кеңінен тараған спорт пен дене шынықтыру туралы осы саладағы орыс мамандарының аз зеріттеп жүргендеріне өкініш білдіре отырып, «ұлттық герман гимнастикасына» бас иетіндер үшін, Грециядағы үлгінің жоқтығынан біздің қырғыз бен башқұрт даларына келмеитіні өкінішті-ақ. Онда гимнастика гүлденіп келеді: кезеңдер бойынша күрес және сырықпен өрмелеу әрі жүргізуден өзіндік олимпиадалар өткізу қайталанып отырады; жеңіл шықандардың ерлігін Пиндарлары жырлайды, олардың құметіне түземдік барбитон мен флейта, сыбызғы мен қурайлар ән салады.


Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты арнаулы шаралармен бірге, орыс тұрғындарының салты мен дәстүрлерінің табиғи түрдегі жағымды әсері нәтижесінде, қалыпты адамның қалыпты өмірінде жат кейбір жарыстар мен ойындары жоққа шығаруға тура келді. Осындай әдетке арналған және үйреншікті, спорт түрі-найзаласу еді. Орыс адамдары жарыстың осы түрін алғаш көрген соң-ақ, денсаулыққа зиянды, әрі қатысқан ададарын мүгедек халге дейін жеткізетін сайыстың бұл түрінің мұнан әрі өмір сүруі мүмкін емес деп ұғарды. Сайысқа әр рудан мықты дайындалған әрі күшті жігіттер қатысты. Жеңілген деп, не өлген, немесе ат үстінен күшпен түсірілген адамды ғана есептеді. Жалғыз ғана жұбаныш –жеңімпаз ешкіммен ештеңе бөліспейтіндігі еді. Ал, сыйлықтар дәстүрлі тоғызға, яғни, басы түйе және одан төмен басқа мал мен заттарға дейін баратын. Кейбір түпнұсқаларда жарыстың осындай қауіпті түрлеріне әйелдердің қатысқаны көрсетілген. Қазақстандағы орыс әкімшілігі арқылы адам өміріне қауіпті жарыстың мұндай түріне ресми түрде тыйым салынды. Әрине, оған қарамастан сайыс Ұлы Қазан төңкерісіне дейін аса қарқынды емес күйде өмір сүре берді. Сайыстың өміршеңдігін оның үлкен спорт мерекелерінің, жылдық астардың міндетті элементі ретінде және де үстем тап өкілдерінің үлкен пайда көзі болғандығы деп түсіндіруге болады.
Жағымсыз дәстүрлердің спорт саласындағы түрлерінің бірі-жоғарыда айтылғандай, құлдардың спорттық жарыстардың жүлдесі ретінде қойылуы еді. Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде құлдық аталуы бірте-бірте жойылды. 1859 ж Орынбордың шекара комиссиясы құл иеленушілердің қол қоюы арқылы олардың өз құлдарын бостандыққа жіберу кепілдігіне ие болды. Осылайша, құлдықтың күні бітті. Бұл, өте прогресшіл факт еді. Әйтсе де, құлдарға ие болу, спорттық жарыстарды орын алып отырды. Бұл іс-алған міндеттерін бұзылғандық болып табылмас үшін, оларды «бәйгеге тігетін құл» деп аталды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында құлдарды жүлде ретінде бәйгеге тігу барған сайын сирей бастады. Мұндай жарыстар көбінесе Ұлы Жүз қазақтарында көбірек кездесіп отырды. Олардың жиі мәдени қатынас жасап отыратын қырғыз руларының әсері көп болды. Қырғыздар Ресейге кешірек қосылғандықтан, бұл салт әлі де гүлденіп тұрған кезі еді. Қырғыз манабы Жанатайдың асы туралы аңыздарда бірінші бәйге жүлдесіне 30-40 құл тігілгендігі туралы әңгімеленеді деп жазды Буров-Петров.(259) А.Талызин Жанғараши манап ат жарыстарында бәйге 60 құл тіккендігін хабарлайды және т.б. Уақыт өткен сайын Қазақстанда құлдарды бәйгеге тігу толығымен жойылды. Оның барлығы Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде, қазақ қоғамы дамуының салдарында жүзеге асты.
Орыс әкімшілігі Қазақстандағы жергілікті тұрғындар арасында европалық үлгідегі ат жарыстарын ең жетілдірілген және жақсы қабылданған дей отырып, ұйымдастыру мен өткізуге көп күш салды. Оның бастамасы 1850 ж. Бөкей ордасында мемлекеттік меншік министірі ат жарыстарын жылына үш рет және әр өткізген сайын «Орынбор земск атқорасын меңгерушісінің» тікелей бақылауы арқылы өткізуге жарлық берді. Ресми ақпараттар алғашқы жарыстарда жарыс жеңімпазы 30 шақырымды 48 минут 45секунтта еңсергенін көрсетеді. Кей авторлар қазақтар бұл жарыстарға жаратылған аттарын әкелмегендігін айтады, себебі мұнда жүлде тым аз болатын. Нағыз бәйге аттарын көпшілігі үлкен халықтық мерекелер үшін сақтап отырды, себебі ондағы жүлделер аса құнды болатын. Мұнан әрі қарай ат жарыстары көмбе мен мәренің ипподромдағы ат жарысын еске түсіретін айналуы бойынша ӛткізіле бастады. 1853 жылдан Бөкей ордасының ордабасында айналымы 20 шақырым, ұзындығы төрт шақырым жарыстар өткізіле бастады. Ең жақсы нәтиже сол жылдың 20-қыркүйегінде тіркелді, жеңімпаз 20 шақырымды 27 мин. 30 секунтта шауып келеді, 1 шақырымдағы орташа жылдамдығы 1 минут 22,5 секунт. Одан әрі ат жарыстарын өткізу айналмалар қоланыла бастады. Мысалы, 1881 ж. Сол хан ордасындағы ат жарыстарында 30 шақырымдық дисцанция (5 айналым) 45 минут 45 секунта еңсерілді. Мұндағы орташа жылдамдық 1 шақырымға 1 минут 37,5 секунд. Айналма ат жарыстары Қазақстанның басқа аудандарында да өткізіле бастады. Осындай әдіспен ат жарыстарын өткізу жергілікті тұрғындар арасында үлкен маңызға ие болды. Ол көрермендер көзі алдында өтіп жатқандықтан, қатысушылар мен кейбір қызығушылардың жат қылықтарын болдырмауға игі әсер етті.
Осы кезеңдегі жүргізілген арнайы іс-шараларға байланысты дене шынықтыру мен спорт жергілікті халықтар арасында жедел қарқынмен дами бастады. Спорттық жарыстар мен спорттық мерекелердің ішкі мазмұны жаңарып, жаңа түрде жүргізіліп отырды. Олар барған сайын қызықты бола түсті жаңа уақыт табы байқалды. Мысалы, иллюминациялы кештер мен фейерверктер спорттық мерекелердің соңын тіпті қыздыра түскендіктен, мұндай жаңалықтар қазақ даласындағы жаңалықтар ғана емес, Ресейден келгендер үшін де үлкен жаңалық еді. Олар қазақ көшпенділерін де, орыс шаруаларын да таң қалдырып, олардың тұрмысында, өмірінде ерекше із қалдырды. Осы кезеңдерде дене шынықтыру мен спорттың дамуына жәрмеңкелер үлкен әсер ете бастады. Қазақстанның Ресейге қосылғаннан бастап, алғашқы кезде сауда «айырбас ауласында», қамалдардың шекара сызықтары аумағында жүргізілді. ХІХ ғасырдың басында жәрмеңке арқылы жүргізілетін сауда түрлері пайда болды. Осылайша, 40-шы жылдарда атақты Қарқара жәрмеңкесінің негізі қаланды, ал сегіз жыл өткен соң Қазақстандағы ең ірі Қоянды жәрмеңкесі пайда болы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Түркістан өлкесінің аса ірі жәрмеңкесі Әулие-Ата жәрмеңкесі болды. Бұл жәрмеңкелерге Қазақстанның барлық аудандарынан келген қазақтар және Ресейдің орталық қалаларынан келген көпестер мен өндірушілер қатысты. Егер, алғашқы жәрмеңкелерде 5 мыңнан артық адам жиналса, ал келесі кезеңдерде бұл жәрмеңкелерге 50 мыңнан артық адам жиналыпты .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет