Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Дәріс №9 Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру



бет9/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Дәріс №9
Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру.
Дәріс жоспары:
1. Мұғалімдерді тәрбие жұмысына дене тәрбиесі құралдарымен даярлау.
2.Жоспардың мақсаты, басқару түрлері.

Оқушылардың тәрбие жұмысы – мұғалімнің кәсіби қызметінің ажырағысыз және құрамдас бӛлігі. Сондықтан жоғары педагогикалық тәлім-тәрбие негізгі міндеттерінің бірі болашақ мұғалімдерді оқу-тәрбие жұмысына даярлау болып табылады. Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің оқушылармен тәрбие жұмысына даярланудың маңызды құралы, тұтас педагогикалық процестің құрамдастарының бірі есебіндегі дене тәрбиесі болып табылады. Алайда, студенттердің кӛпшілігі дене тәрбиесін тек биологиялық тұрғыдан ғана қарастырып, оның қоғамдық маңыздылығын терең түсінбейді, ал шындығында, оқушының тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында айрықша орын алатын дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік қызметі де зор. Мұғалімдерді тәрбие жұмысына дене тәрбиесі құралдарымен даярлау қажеттілігі мен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарамақайшылықтың болуымен де байланысты, ӛйткені дене тәрбиесі мұғалімі оқушының апталық қозғалыс қажеттілігін (10-12сағат) аптасындағы 2 сабақ ішінде (2 сағат) қамтамасыз ете алмайды. Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерін оқушылардың дене тәрбие жұмысына дайындау тиімділігі тӛмендегідей педагогикалық шарттарды орындаған кезде қамтамасыз етілмекші: 1. Студенттердің дене тәрбиесі құралдарын оқушылармен тәрбие жұмысына пайдаланудағы білімдерін, шеберліктері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуі. 2. Дене тәрбиесі үдерісінің кәсіби бағытталуы. 3. Оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлерін, құралдары мен әдістерін қолданып, студенттердің жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іскер кӛзқарас таныту. 4. Студенттердің жүйелі дене жаттығуларына қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыру, бұларды ӛзін-ӛзі тән-денелік жағынан тәрбиелеуге қосу. 5. Оқушылармен тәрбие жұмысында дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жӛніндегі амалдық біліктерінің, икемділіктері мен дағдыларының қажетті деңгейінің болуы мен қалыптасуы. Берілген бағдарламаның жүзеге асырылуы, біздің ойымызша, оқушылардың дене тәрбиесі мұғалімінің кәсібіне бағдар ұстануын жақсартуға, жоғары оқу орындарына дарынды жастардың келіп түсуін қамтамасыз етуге, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша үздіксіз педагогикалық білім идеясын жүзеге асыру үшін алғышарттар құруға мүмкіндік береді.Тән-денелік ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің маңызды буыны есебінде, тұлғаның ішкі сенімі мен саналы еркі басым түсіп жататын бағыттылығын ескерген дұрыс. Міне, сондықтан да болашақ мамандардың жүйелі дене шынықтыру жаттығуларын қажетсінуі тән-денелік ӛзінӛзі тәрбиелеудің негізгі іргетасы болып табылады, оны түрліше: ішкі де, сыртқы да жағдаятлармен айқындайды. Бұлардың ішінде – дәлелдер, мүдделер, құндылық бағыттары, студенттердің дене тәрбиесінің деңгейі мен даярлығы, сондай-ақ ұжымның қоғамдық пікірі, оқушы тұлғасы, оқыту мазмұны, сабақ беру әдістемесі және тағы басқалары бар.Ӛзін-ӛзі жетілдіру үдерісі, дұрыс басшылықты қажет етеді, себебі анатомия, физиология, психология және әдістемелік турасынан жеткілікті білімі жоқ адамның ӛз бетімен жаттығуы денсаулығы мен мінез-құлқына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да жеткілікті түрде белсенді ұйымдық-әдістемелік тәсілдердің іздестірілуі мен пайдаланылуы қажет, бұлар студенттердің ӛз бетімен жетілуін, дербес жаттығуларға тұрақты дағдысын тәрбиелеуін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар сабақтарды жеке және шағын топтық әдістермен ӛткізуге кӛбірек мән берілді, ӛйткені сыныптың дене даярлығы түрліше 5-10 адамнан толған кезінде, жекелеген оқушылар немесе 2-3 адамдық топтар үшін, қатар орындалатын, үйлесімділік күрделігі мен салмақ кӛлемі жӛнінен ерекшеленетін бірнеше бағдарламаны іріктеу қажеттілігі туындайды.Сондай-ақ, оқушыларды олардың тек орындай алатын ғана емес, сонымен қоса, ұқсас баламаларын орындай отырып, ойдан құрастыратын және ӛз күшін тиімді жұмсай алатындай бұлардың жаттығулар қорын (гимнастикалық, жеңіл атлетикалық ойын) қалыптастыру жолымен берілген ӛз беттерімен орындау бейімділіктеріне үйретудің дидактикалық шеберлігі де қажет. Мысалы, секірген кезде секіргішті қолданып секіру икемділігі қалыптасады.Мектеп тәрбие жүйесінің маңызды міндеті баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы болып табылады. Сондықтан шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны тәрбиелеудің негізгі мәселелерінің бірі қозғалыс белсенділігінің қалыптасуы болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет