Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Дәріс №8 Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарын дамытудың қазіргімәселелері



бет8/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Дәріс №8
Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарын дамытудың қазіргімәселелері
1. Дене тәрбиесінің қазіргі проблемалары мен оларды тиімді шешудің жолдары.
2. Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық және облыстық спорт федерацияларын ашу. Ұлттық спорттың негізгі түрлерінен БЖС мектептерін ашу.
3. Ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар ережелерін жетілдіру проблемалары.
4. Қазақтың халық ойындарын оқу-тәрбие жұмысы мен спорт дайындықтары барысында пайдалану жолдары.
5. Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының Бүкіл әлемдік ұлттық спорт түрлерінің фестивалі бағдарламасына ендірілуі.
1988 жылы 1 қаңтарда ҚазССР Оқу министрлігінің кәсіптік одақтардың, спорт комитеттері мен ведомоствалардың жүйесінде 624 балалармен жасӛспірімдер спорт мектебі жұмыс істеп, онда 305 мыңнан астам бала оқыды. Республикада талай жылдан бері қысқы спорт түрлері артта қалып келген болатын. Республиканың спорт ұйымдары осындай артта қалушылықты болдырмау шараларын жасады. Соның нәтижесінде қысқы спорттың 5 түрі бойынша 1984 жылы еліміздің құрама командасына Қазақстанның 28 спортшысы енгізілді. 1981 жылы Красноярск қаласында ӛткізілген СССР халықтарының қысқы спартакиадасында Қазақстанның құрама коллективі одақтас республикалар арасында жалпы командалық 2 орынға ие болды. 1982 жылы майында құрамында қазақстандық Қ.Уалиев, В.Хрищатый және Ю.Голодов бар совет альпинистері планетамыздағы ең биік шың Эверестке шығып, СССР-дің Мемлекеттік жалауын қалады. 1983 жылдың жазында Бүкілқазақстандық 16 спартакиада жарысы ӛткізіліп, оған 3 млн-нан астам физкультурашылар мен спортшылар қатысты. Спорттың 30-ға жуық түрі бойынша финалдық жарыстар Алматыда, Ақтӛбеде, Жамбылда. Қапшағайда, Қаратауда және т.б қалаларда ӛткізілді. Бұл жарыстар СССР халықтарының 8 спартакиадасына негізгі дайындық болды. Республиека спортшылары бұл жарыста да табысқа жетті. 1984 жылы Қазақстанның таңдаулы спортшылары ЛосАнджелеста ӛткізілетін 23 –Олимпиадалық ойындарда ӛз спорт шеберлігін кӛрсету мақсатында олимпиадалық спорттың кӛптеген түрі бойынша еліміздің құрама командасы қатарына енгізілген еді. Алайда американдық ӛкімет орындарының реакцияшыл саясаты салдарынан совет атлеттерінің бұл жарысқа қатысуына мүмкіндігі болмады. Социалистік елдер мен Азия, Африка, Европа және Латын Америкасының кӛптеген мемлекеттерінің аса күшті атлеттері бас қосқан ірі халықаралық «Достық1984» турнирі «Спорт-достық- беибітшілік» девизімен ӛтті. Бұл жарысқа Қазақстаннан 38 спортшы қатысып, олар 18 алтын, 9 күміс және 4 қола медальға ие болды. ҚазССР –інде спорттық шеберлікті арттыратын және спорт жарыстарын ӛткізетін кӛптеген жүйелер жұмыс істейді. Балалармен жасӛспірімдердің спорт мектептері және жоғарғы спорт шеберлігі мектептері ойдағыдай жұмыс істеуде. Қазақстандағы физкультура қозғалысының мамандар даярлайтын тиісті базалары бар. Жоғары білімді кадрлар Қазақ физкультура институтынд, республиканың педагогика институттарында дене тәрбиесі факультеттерінде даярланды. Арнайы орта білімді мамандарды Шымкент Ермак және Қарағанды физкультура техникумдары оқытып шықты. Осы оқу орындарының түлектері дене тәрбиесінің оқытушыларын, спорт методистерін физкультура қозғалысын ұйымдастырушыларды, спорт түрлерінің жаттықтырушыларын жылма-жыл толықтырып отырды. КПСС ОК-і мен СССР Министрлік Советінің «Физкультура мен спорттың бұқаралығын одан әрі арттыру туралы» 1981 жылы 11 сентябрде жарияланған қаулысы физкультура қозғалысындағы жаңа маңызды кезеңді ашып берді. Қаулыда дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту, республика тұрғындарының сан алуан саласында спорттық шеберлікті арттыру және бүкіл ден тәрбиесі жүйесін жақсарту кӛзделген. Қазақстан спортшыларының физкультура қозғалысындағы бұқаралығы мен шеберлігі жылма жыл артып келеді. 1988 жылы 1 январына дейін еліміздің чемпионаттарында республиканың 36 кластық команда қатысты, оның 8-і жоғары топта болды. Халықаралық кластағы бірқатар саңлақтары тәрбиелініп шықты. Олардың орнын талантты жастар легі алмастыруда. Қазақстандағы физкультура қозғалысы республика еңбекшілерінің сан-салалы ӛмірі мен тұрмысына енген маңызды қоғамдық құбылысқа айналды. Оның проблемалары республикалық газеттер мен журналдарда жарияланып, радио мен телевизия арқылы беріліп тұрды. 1959 жылы 1 қаңтардан бастап қазақ және орыс тілдерінде республикалық «Спорт» газеті шыға бастады. Спорт әдебиеттерін шығаруға «Қазақстан», «Жалын» баспалары зор кӛңіл бӛліп келеді. 1975-1980 жылдары Қазақстан физкультурашылар қатары 2 еседей кӛбейіп, 1987 жылы 1 қаңтарында 5 миллионнан астам адамға жетті. Олар ӛнеркәсіп орындарындағы, мекемелердегі, құрылыстардағы совхоздардағы , колхоздардағы оқу орындарымен мектептердегі 14419 физкультура коллективіне біріккен. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт 1941 жылы Қазақстанда спорт жылы, дене тәрбиесі қозғалысының даму жылы болуы тиіс еді. Спорт маусымы республикада шаңғы жарысы мен ұлттық спорт түрі таяқ жүгірту бойынша біріншілікті жеңумен басталды. Осы жылдың кӛктемінде ВЛКСМ ОК шешімі бойынша республикада бүкілодақтық сыртқы комсомолдардың жарысы мен ГТО кешенінің нормативі бойынша одақтық емес жарыстар ӛткізілді. 184000 астам дене шынықтырушылар қатысқан бұл жарыстардың барысында Қазақстанның бүкіл облыстарында жүздеген спорт және ойын алаңдары, гимнастикалық қалашықтар мен басқа да спорт ғимараттары салынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет