Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер Жоспар



бет20/22
Дата20.10.2023
өлшемі0.87 Mb.
#481268
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
лекция ЕК

Найзағай кезіндегі әрекеттер
Найзағай-көзқаратпас жарқылы бар, күркіреген дыбыс шығаратын табиғи құбылыс.
Егер найзағай ойнап, ағашқа жай түссе, оның күл-талқаны шығып, тіпті қап-қара болып жанып кетуі де мүмкін.
Егер жай адамға түссе, ол адам әдетте қаза табады. Дүние жүзінде жыл сайын жай түскеннен 3000-ға жуық адам қаза табады. Жай қайда түседі? Жай ең бірінші жазық жердегі биік затқа түседі (ағаш, биік баған т.б).
Алдын алу шаралары
Экономикалық нысандар, құрылыстар және ғимараттарды жай түсуден қорғау үшін арнайы қондырғылар орнатылады.
Табиғат аясында демалысқа шығарда ауа райы болжамымен танысыңыздар. Егер найзағай туралы болжам болса, ешқайда шықпағаныңыз жөн.
Найзағай кезінде нендей әрекет ету керек.
Найзағай жарқылдап, күн күркіреп тұрған кез аса қауіпті. Егер ауылды жерде болсаңыз, есік-терезені желдеткішті жауып тастаңыз. Пеш жақпаңыз, себебі мұржадан шыққан жоғарғы температуралы газдың қарсылығы төмен. Телефонмен сөйлеспеңіз жай бағандардың арасында тартылған проводтарға түсуі мүмкін. Найзағай жарқылдап тұрған кезде жай қайтарғышқа, шатырдан су ағатын құбырға, антеннаға жақындамаңыз, терезе қасында тұрмаңыз, мүмкіндігінше телевизор, радионы сөндіріп, тұрмыстық электроприборларды ағытып тастаңыз. Егер орманда болсаңыз биік қарағай, емен сияқты ағаштардың түбіне тығылмаңыз. Су айдының, жағалаудың жанынан аулақ кетіңіз. Биік қыратты жерден ойпаңға кетіңіз. Ашық далада ұзыныңыздан сұлап жатушы болмаңыз. Ойпаңдау жерге түсіп, екі аяғыңызды құшақтап шоқиып отырыңыз. Спортпен айналысып жатсаңыз, найзағай ойнай бастаса дереу тоқтатыңыз. Мотоцикл велосипед сияқты металл заттардан аулағырақ кетіңіз.Егер автомобиль ішінде болсаңыз, одан шығып әуреленбей ақ қойыңыз. Есік-терезені тарс жауып, радио қабылдағыш антеннасын түсіріңіз.
Барлық қондырғылар мен объектілерде “химиялық, мұнайхимиялық өндірістерді және мұнай өңдеу өнеркәсібін статикалық электр қуатынан қорғау ережелерімен” қарастырылған талаптар орындалады.
Адамдардың қауіпсіздігі және ғимараттар мен жасақтардың сақталуы үшін, сонымен қатар жабдықтарды бұзылыстардан, өрттенуден және найзағайдың тура соққыларынан болатын жарылыстардан қорғау үшін “ғимараттар мен жасақтардың найзағайдан қорғанышын орналастыру мен жобалау бойынша нұсқаларға” сәйкес найзағайдан қорғаныш орнатылады:
- жерге қосатын сымдардың жалпы кедергілерін азйту үшін өндірістік құбырларды пайдалануға рұқсат етілмейді;
- ғимараттардың ішінде, сондай-ақ сыртында орналасқан резервуарлар, газ құбырлары, өнім құбырлары, қую-құйып алу қондырғылары, желдеткіш қондырғылар, барлық металл аппараттар статикалық электр қуатының разрядтары мен найзағайдың екінші пайда болуынан қорғалуы үшін жерсіңдіруші нұсқаға жалғануы керек;
- жеке орнатылған аппараттар мен резервуарлардың өз жерсіңдіргіштері болуы керек немес жалпы жерсіңдіруші нұсқаға жалғануы керек. Бірнеше аппараттар мен резервуарларды жерсіңдіруші өткізгішпен тізбектен қосуға болмайды;
- найзағайдан қорғау мен жерсіңдіруші қондырғылардың журналда жазылған және акт құрылған, қондырғының бастығымен бекітілген графиктер мен нұскауларға сәйкес мерзімі көрсетілуі қажет;
- мұнай мен тез тұтанғыш өнімдерді резервуарлар мен темір жол цистерналарына сорғалатып құюға болмайды.
Резервуарларды толтырғанда сұйықтың деңгейіне мән берілуі қажет. Өнім құйылатын құбыр резервуардағы өлі қалдық деңгейінен төмен болуы керек.
Найзагай ойнағанда мұнай мен тез тұтанғыш өнімдерді құюға, сонымен қатар олардан сынама алуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет