Бақылау сұрақтары:
Өндірістік бөлмелерде талап етілетін микроклиматтық көрсеткіштері?
Жылу бөлу көздерінен қорғану
Ауа бассейінін жақсарту іс-шаралары
Жұмыс аумағындағы ауаның құрамындағы зиянды заттарды мөлшерлеу
Жұмыс аумағындағы ауаның ластану себебі мен сипаты
Қоршаған ортаның ауасын жақсарту
Микроклиматтың тиімді көрсеткіштері
Дәріс 14. Үймереттер мен ғимараттарды найзағайдан қорғау
Жоспар:
Статикалық электр разрядтарының пайда болуы. Өндірісітік жағдайлардағы статистикалық электр разрядтарының қауіптілігі.
Статикалық электрден қорғау шаралары. Электр өрістерінің әсерінен қорғау.
Үймереттер мен ғимараттарды найзағайдан қорғау құрылғыларының категориялары.
Найзағай тартқыштар конструкциялары. Найзағай тартқыштарды қорғау аймақтарын анықтау.
Жай тартқыш — адамдарды, үйлерді, өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылығындағы құрылыстарды, әр түрлі ғимараттарды, т.б. нысандарды найзағайдың тікелей соққысынан қорғауға арналған құрылғы. Электр энергиясын жеткізу желісінде жай тартқыш ретінде қорғағыш тростар пайдаланылады. Жай тартқыштың маңызды сипаттамасының бірі — оның қорғайтын алқабы конус ішіндегі аймақты найзағайдан сенімді түрде қорғайды. Жай тартқыштың саны артқан сайын оның объектілерді найзағайдан қорғау қабілеті де өсе түседі.. Үйлерді қорғауға арналған жай тартқыш жерге қосылған тік стержень түрінде құрастырылады әрі ол үйден биіктеу болады. Бір діңгекті жай тартқыш төбелік бұрышы 45
Ғимараттардың найзағайдан қорғанысы. Апаттардың және зақымданудың себептері. Төтенше жағдайларды зерттеу және есепке алу. Бағалы заттар мен адамдарды эвакуациялау.
Ғимараттарды, қондырғыларды найзағайдың тікелей соққысынан қорғайтын құрылғылар 3 топқа бөлінеді:
а) арнайы найзағайдан қорғаныс ретінде А дәрежелі ғимараттарға арналған
б) стерженьді не тросс түрінде болатын Б,В,Г, дәрежелі ғимараттарға арналған
в) найзағай жиі болатын аумақтарда орналасқан, Д дәрежелі өндіріс ғимараттар. Ғимараттардың төбесіне металл торлар жабылады. Торлар міндетті түрде ғимараттардың металлконструкциясымен байланыста, яғни, жерленуі керек.
Найзағайға қарсы құрылғылар стерженді және тросты болып екі типте орындалып: найзағай қабылдағыштан, ток өткізгіштен және ағаштан не болмаса бетоннан жасалған тіреуден тұрады.
Су – жоғары жылуды өзіне сіңдіру қасиетіне байланысты тотықтандырғыш концентрациясын азайтады. Кемшіліктер: ток өткізгіштігі, судың тығыздығы жоғары болғандықтан органикалық сұйықтықтарды сөндіре алмайды, қысқы мерзімде су қатып тайғақ музға айналады.
Су құбырлары бар қалаларда өртке қарсы арнайы су құбырлары бар:
- сыртқы, барлық барлық ірі кәсіпорындарда бар. Бұл су құбырлары ғимараттың периметрі бойынша орналасқан, әр 100 м сайын жер асты, не болмаса жер үстінгидранттары (құдықтар, люктер) орналасқан.
- ішкі, ғимарттардың ішінде. Бұл су құбырлары ғимарат коридорында белгіленген ара қашықтықта, төменде орналасқан арнайы крандармен жабдықталған су құбырлары.
Ғимарттарда су, арнайы автоматикалық өрт сөндіргіштерінде пайдаланылады: а) спринкерлік б) дренчерлік.
Спринкерлік кранның басы тез жанатын пластиктен жасалған, ол арнайы температурада балқып 9- 12 м.кв. жерге су шаша алады.
Дренчерлік бүкіл ғимаратқа су шаша алатын кран. Бұл кран өрт болатынын хабарлайтын құрылғы көмегімен іске қосылады.
Өрт болатынын хабарлайтын құрылғы әр түрлі - түтіндік, жылулық жарықтық болып келеді.
Көмірқышқыл – араластыру қасиеті бар, яғни оттектің және жақсы диэлектрик болғандықтан электр қондырғыларды сөндіруге қолданады.
Өрт сөндіргіштер: ОУ -2,8,5,,32,40 ( 2,8 ...40 - өрт сөндіргіштің көлемі).
Көпіршіктіктер ауамеханикалық және химиялық болады. Ауа механикалық көпіршіктіктер арнайы генератордан п.б. Мұндай өрт сөндіргіштермен электрқондырғыларды сөндіруге болмайды. Өрт сөндіргіштер: ОХП-10, ОПВ-5,10.
Металлдар мен хлорид қоспасынан жасалған порошоктар да өртті сөндіреді. Бұлар өте жақсы диэлетриктер - өрті тез арада сөндіріп қондырғыларды коррозияға ұшыратпайды. Авияцияда кең көлемде қолданылады. Өрт сөндіргіштер: ПСБ -3, ПФ, П-1А.
Голлоидо – көмір сутектері, бұл сұйықтық, жақсы диэлектрик тотықтандырғыш концентрациясын төмендетеді; 60 C0 қатпайды; ингибитор, яғни өрт процессін тез таралуына жол бермейді. Бірақ олар өте қымбат болады. Өрт сөндіргіштер: 111В2, 13В1, 4НД. СЖБ.
Жиі, қоспаларды көмірқышқылдармен араластырып жасайды. Бұл қоспалар арзан және жоғарыда айтылған барлық қасиеттерге ие.
в) адамдарды өрт болған кезде қауіпсіз эвакуациялау.
Эвакуациялық шығу жолдары деп - сыртқы шығатын шығу жолдары немесе баспалдақ торына апаратын ( ол жол сыртқа шығатын жолдар болуы тиіс) жолдарды айтамыз. Жұмыс орны мен шығу есігінің ара қашықтығы 60 м аспауы қажет.Барлық ғимараттарда міндетті түрде эвакуация жолдары, шығу есіктерінің көлемі есептеліп СНИП (ҚНЖЕ) бойынша салыстырылады.
Апаттардың және зақымданудың себептері. Төтенше жағдайларды зерттеу және есепке алу. Бағалы заттар мен адамдарды эвакуациялау. Еңбек процессі «адам-орта-машина (еңбек құралы)» жүйесі жиынтығының бар болуымен және өзара әрекеттесуімен сипатталынады. Сонымен екі мақсат қойылады: біреуі белгілі нәтижеге жету, екіншісі адам өміріне және денсаулығына керексіз салдарын (зияндықтарын) (өрт, апат, зілзала, зақымданулар және ауру) болдырмау.
Қажетсіз оқиғалар пайда болудың ықтималдылығын қауіп деп атайды. Потенциалдық (жасырын) және нақты қауіп болады. Потенциалды қауіпті іске асыру үшін белгілі жағдайлар немесе себептер болу керек.
Қауіп жабдықта және материалдарда жиналған энергияның бақылаусыз, адамда және қоршаған ортада тікелей шықанның нәтижесінде пайда болады.
Адамдардың қате ойлап (білім тұрып дұрыс емес жасау) істері, жабдықтардың ақаулары меністен шығуы, сондай-ақ қоршаған ортаның есептелмеген әсерлері қауіптің пайда болудың талапкерлері мен құрамды буындары болып табылады.
Адамдардың қате және ойланбаған істері тәртібінің жеткіліксіздігі, жұмысқа дайын еместігі, сол пайдаланған техниканың құрылымын және потенциалдық қауіпті технологияны білмегенінің салдарынан қауіп пайда болады.
Техниканың ақаулары мен істен шығуы оынң төмен сенімділігімен немесе адамдардың қате немесе дұрыс емес әрекеттерінен болады.
Есептелмеген (күтпеген немесе жіберілетін шектерден асатын) әсерлер адам үшін жұмыс ортасы жағдайының жеткіліксіздігімен, оның техникалық жабдыққа зияндығымен байланысты болады.
Зақымданулар мен төтенше жағдайлардың себептері келесіге жіктеледі:
а) ұйымдастырушылық – нұсқау мен оқытуды болмауы немесе қанағатсыз өткізілуі: жұмыс пен демалысының қанағаттандырмайтын режімі, арнайы киімдер, жеке қорғаныстық құралдары және т.б. жұмыс жағдайына сәйкессіздігі немесе ақаулықтары;
б) техникалық – энергетикалық және көлік жүйелерінің (қауіпсіздік болктауы және басқа құралдарының болмауы) құрылымдық жеткіліксіздігі, технологиялық процестердің жетіспеушілігі, шектейтін және сақтайтын қондырғылардың болмауы, қол және ауыспалы механикалық аспаптың ақаулығы;
в) санитарлық – гигиеналық жайсыз метеорологиялық жағдайлар, дұрыс жарық бермеу, діріл мен шуылдың жоғары деңгейі, қоршаған ортаның ластануы және т.б.;
г) психофизиологиялық – ұжымдағы қанағатсыз психологиялық жағдайы, алкогольдік мастануы, адамның еңбек жағдайларына анатомофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің сәйкессіздігі болады.
Зақымданудың және кәсіби ауруларды талдаудың тәсілдерін статистикалық және монографикалық әдістерді пайдалана отырып өткізеді.
Өндірістік зақымдануды және кәсіби ауруларды талдау статистикалық және монографикалық әдістерді пайдалана отырып өткізіледі.
Статистикалық әдіс болған төтенше жағдайларды, кәсіби уланған және ауырғандарды тіркеген құжаттар (Н-1 форма бойынша актілер, жұмысқа жарамсыздық қағаздары) бойынша зақымданудың себептерін зерттеуде негізделген.
Зақымдану деңгейін бағалау үшін зақымданудың жиілігі мен ауыртпашылығының салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерін пайдаланады.
Жиілік коэффициентін мына формула бойынша анықтайды Кz= , мұнда п – есептік уақытта болған төтенше жағдайлардың жалпы саны; Р – сол есептік уақытта жұмыс істеушілердің ортатізімдік саны.
Өндірісте болған төтенше жағдайлардың біреуіне келетін, уақытша жұмысқа жарамсыздығының орта ұзақтығын белгілейтін зақымдану ауыртпашылығының коэффициенті Кт= , мұнда Т – есептік уақытта (жарты жыл, бір жыл) есептеуге жататын барлық төтенше жағдайлар бойынша уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерінің қосынды саны.
Аталған зақымдану коэффициенттерін анықтауға ауыр жарақат (мүгедек) және өлімдер болған жағдайлар жатпайды.
Статистикалық әдістің түрлері топтық және топографиялық болады.
Зақымдануды зерттеудің топтық әдісі зақымдардың ауыршылығына қарамастан төтенше жағдайлардың қайталауында негізделген. Жасалған зерттеулердің мәліметтері жағдайлар бойынша бірдей болған, сондай-ақ зақымданулардың сипаты бойынша қайталанған төтенше жағдайларды табу мақсатында топтарға таратылады. Бұл кәсіпті, оның жұмыс түрін анықтауға, өндірістік жабдық түрінің ақауларын табуға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.
Топографиялық әдіс төтенше жағдайлардың болған орнындағы себептерін зерттеуден тұрады. Барлық төтенше жағдайлар жұмыстың өндірістік жоспарында шартты белгілермен жүйелі жазылады, нәтижесінде жарақат болған орындарды: нақты зерттеуді талап ететін өндірістік учаскелерді көруге және алдын алу шараларын қабылдауға болады.Өндірістік зақымданудың монографиялық әдісі өзіне болған жағдайдың барлығын: еңбек және технологиялық процесстер, жұмыс орны, негізгі және қосымша жабдықтар, қорғанудың жеке құралдары, өндірістік орынның жалпы жағдайын және т.б. кешендеп зерттеуді талап етеді. Белгілі өндірістік учаскені монографиялық талдаған кезде, сондай-ақ зерттеудің техникалық әдісін (аспаптарды, құрылыс құралымдарын, машиналарды, механизмдерді сараптау, өндірістік ортаны ьақылау және т.б.) қабылдайды. Сонымен тек болған ТЖ себебі ғана емес, жұмысшыларға зиянды әсер ететін зияндықтар мен қауіптер де табыла бастайды.
Апат пен зақымданулар пайда болатын қауіптер. Өндірістік қауіптерді, оның зияндылығын талдай отырып, қауіптің ықтималдық сипатын атап кетуге болады. Қажетсіз жағдай болмады, бірақ болуы мүмкін, және ол алдымен шығындарға (материалдық, адам – апат, өлімдер, зақымдануларға) әкеледі. Қауіпсіздікті іске асырудың немесе оның санды бағалаудың шарты тәуекел болып табылады. R= , мұнда п – жарақатталған немесе қайтыс болғандардың саны, адам.; N – қауіпті аумақта болған адамдардың жалпы саны.
Қазіргі техникалық құралдарының жоғары энергетикалық қуатының әсер ету ықтималдығы жылына/10-6 –10-8 1 болу керек.
Тәуекелдің жеке және әлеуметтік (топтық) түрі болады. Мамандардың пікірі бойынша қауіпті бағалау ретінде тәуекелді пайдалану дәстүрлі көрсеткіштерге қарағанда дұрыс болады.
Өлім шығынының орта қауіпін есептеудің негізі топтық тәуекел болып табылады, ол келесі түрде анықталады: Rсоц = N•К, мұнда N-апаттың жалпы саны (авариялар); К-год –1-өлім жағдайларының жиілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |