Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері


Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарындағы дайындық жұмыстары



бет21/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

9.3 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарындағы дайындық жұмыстары.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын негіздеу үшін шаруашылықтың жерін мінездейтін құжаттар мен материалдар жиналуы керек: қазіргі кездегі қалыптасқан территориясының орналасуы; шаруашылық салаларының қазіргі кездегі жайы және әрі қарай дамуы жайындағы деректер. Барлық деректерді дайындық жұмыстары арқылы жинап алынады.
Камералдық дайындық жұмыстарына деректерді, құжаттарды жинау, жүйелеу және зерттеу жұмыстары жатады.
Мына құжаттар жиналады: пландық-картографиялық, жер-кадастрлық, зерттеу материалдары салалардың экономикалық жайы жайында деректер, шаруашылықтың орналасқан запасының агроклиматтық жағдайы жайында, шаруашылық әрқарай дамуы, территориясының орналасуы (организация) жайында перспективалық болжамдар, бұрынғы жасалған жобалар және т.б.
Пландық-картографиялық материалдар - жер иелігінің планы, әртүрлі зерттеу жұмыстарының сызбалары (топырақ, топырақ-эрозиялық, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық, т.б.)
Жер иелігінің (жер пайдаланудың) планы – жобалау жұмыстарының техникалық негізі.
Рельефі күрделі жерлерде пландар горизонтальдарымен болуы керек, егістіктер қартасы болуы керек.
Аудандық немесе шаруашылық жер-кадастрлық кітаптар арқылы: жер иелігі бекітілгені, көлемдері және сапасы жайында есепке алу жұмыстары, топырақты бонитировкалау және жерге экономикалық баға беру жайында материалдар жиналады.
Елді мекендегі халқының саны (оның ішінде жұмысқа жарайтын адамдар) жайында және үй қасындағы жерлер жайында анықтамалар жиналады.
Табиғат жағдайы жайында пландық картографиялық материалдарға қосымша әртүрлі зерттеу және ізденіс жұмыстарының материалдары жиналады (топырақ, геоботаникалық, орман-мелиорациялық, су шаруашылық және т.б.). Бұл зерттеу жұмыстарының жүргізілген уақыты, сапасы, олардың жобалауда жұмыстарына жарайтындылығы анықталады, және қосымша қандай зерттеу және ізденіс жұмыстарының керек екендігі анықталады.
Топырақ зерттеу материалдар бойынша топырақ жамылғысының (покров) физико-химиялық қасиетін горизонттардың қалыңдағын, механикалық құрамын, сортаңдылығың және сортаңдалануын, зерттейді топырақтың агроөндірістік группаларын және оларды пайдалану жайында рекомендациялар (ұсыныстарды) зерттейді.
Эрозиялы жерлер болса оларға, қосымша топырақ-эрозиялық зерттеулер жасалып, эрозияға шалыну қауіпі бар жерлердің көлемі анықталып, топырақ сақтау әрекеттері белгілеледі.
Геоботаникалық зерттеу материалдары арқылы шабындықтар мен жайылымдардың әр түрлерінің, сезондық жайымлымдардың өнімділіктері зерттеледі, олардың мал өсіруде қайсысын қай малға тиімді пайдалануы жайында рекомендациялар беріледі.
Жол зерттеу жұмыстарының материалдағы арқылы жолдардың (ортақ және ішкі) жүк тасымалдылығын, қозғалыстың қарқындылығын, жол жамылғысының түрін, жол ғимараттары жайында жолдарың мінездемелері беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет