Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері



бет9/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

Бақылау сұрақтары:
1) Шаруашылық аралық жерге орналастыруға түсінік бер.
2). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісін ата?
3). Қазіргі кездегі шаруашылық аралық жерге орналастыру қандай іс-әрекеттерден тұрады?
4). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың экономикалық мәні неде?
5). Жер иелену және жер пайдалану жүйесіне анықтама бер.
Дәріс№4. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ЖЕР ПАЙДАЛАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Аграрлық реформаға байланысты бұрынғы мемлекеттік шаруашылықтар мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, әртүрлі шаруашылық серіктестіктерге, кооперативтерге ауысқан.


Жаңа агроқұрылымдардың жер пайдалануын ұйымдастыру үшін орналасқан жерімен, топырағымен, жер бедерімен, табиғи өсімдіктерімен, көлемімен және жинақылығымен (компактілігімен), гидрогеологиялық және басқа жағдайларымен ауылшаруашылық дақылдарын, көп жылдық жеміс-жидек өсімдіктерін және өндірістердің мал өсіруге жарамды, өнімді жер массивтері белгілі болады. Бұл жерлер ауыл шаруашылық технологияларын, механизмдерін пайдалануға және басқаруға ыңғайлы болуы керек. Жер пайдалануды ұйымдастыру шаруашылық орталықтарын және жолдарды орналастырумен тығыз байланысты.
Жолдар, ауылшаруашылық өнімдерін және керекті техниканы, материалдарды, өндіріс құралдарын тасуға ыңғайлы болуы керек.
Орналасқан аймағына, шаруашылықтың мамандығына, оның жер пайдалануының құрам бөлігі сәйкес болуы керек. Мысалы қой шаруашылығының жерінің құрамында шабындық пен жайылым көп, ал егіншілік шаруашылығында – егістік алқаптар көп болуға тиісті.
Жаңа жер пайдаланулар қайтадан құрылған шаруашылықтардың орнында пайда болған, сондықтан жерге орналастыру жұмыстары көп пайдаланушылардың қызығушылығына тиеді. Осыған байланысты олардың әр қайсысының территориясына ұйымдастыру бөлек шешілуге тиісті.
Алдын-ала жасалған ауданды жерге орналастыру схемасын негіздей отырып, бұндай шаруашылықтарда, шаруашылық аралық жерді үйлестіру жұмысын жүргізу тиімді.
Агроқұрылымдардың жер пайдалануларын ұйымдастырғанда шаруашылық аралық жерге үйлестірудің жалпы принциптеріне сүйену керек:

  1. тұрғындардың өмір сүру және еңбек ету жағдайларын әрқашан жақсарту;

  2. өндірістің тиімділігінің әрдайым көтерілуін, салалардың рентабельдігінің тұрақты болуын, жобаланатын шаралардың экономикалық және қоғамдық тиімділіктерінің биік болулығын қамтамасыз ететін;

  3. капиталдық бip уақыттың шығынның неғұрлым аз болуы және тез қайтарылуы;

  4. заңдық және нормативтік актілерді қатал орындауды.

Қабылданатын шешімдер ғылыми ic жүзіндегі жетістіліктерге және шаруашылық аралық жерге үйлестірудің жеке принциптеріне сүйенуі керек.
Тиімді ұйымдастырылған жер пайдаланулар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

  1. әр жер пайдалануды орналастырғанда осы территорияда орналасқан әр жер пайдаланушының қызығушылығын есепке алу;

  2. жер пайдаланудың мөлшерін зоналық жағдайға, мамандыққа, келешекте шығарылатын өнімнің көлеміне сәйкес келтіру

  3. әр шаруашылықтың мамандығына байланысты жерді тиімді пайдалану үшін жер пайдалану құрамына тиісті ауыл шаруашылық алқаптарының түрлері енгізіледі, ара қатынастары және мөлшерлері анықталады;

  1. экологиялық талаптардың сақталуы;

  2. жер пайдаланудың жинақылығының (компактілігінің), конфигурациясының және шекарасының өндірісті және территориясын ұйымдастыруда ыңғайлы болуын қамтамасыз ету;

  3. жер пайдалануда шаруашылық орталықтарының дұрыс орналасуы, олардың ауылшаруашылық алқаптарымен, өзара және сырттық экономикалық және әкімшіліктік орталықтармен ыңғайлы қатынасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет