Дәріс 1 кіріспе. Жеке даму биологиясының ҚЫСҚаша тарихы


Микрохирургия əдістері Г.Шпеман



бет3/18
Дата29.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#493360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дәріс жеке даму биологиясы 2023

Микрохирургия əдістері Г.Шпеман (1869-1941) мектебінің өкілдерімен ойлап табылған. Олар: жануарлардың жұмыртқаларының қабығын алып тастау, бір ұрықтың бөлігін екінші бір ұрыққа көшіру жəне т.б əдістерді енгізді. Бұл əдістер сонымен қатар ұрық бөліктерінің немесе оның кейбір клеткаларының бұзылу (мысалы, лазер сəулесінің көмегімен) салдарын зерттеу үшін қолданылады.
Трансплантация микрохирургияның бір түрі болып келеді, ұлпаның даму көзі жəне клетка миграциясы жолын анықтау үшін қолданылады. Бұл жағдайда ұрықтың бөлігі көшіріледі, мысалы, бөдене ұрығының бөлігі тауық ұрығына көшіріледі. Бөдене клеткаларының ядросының құрылымдық сипаты басқаша болғандықтан тауық ұрығының клеткаларының ядроларынан айырмашылығы көрініп тұрады.
Эксплантация ұрықтың аз ғана жерін алып тастап жəне оны жасанды ортада өсіру. Осы əдістің көмегімен ұрықтың белгілі бір бөлігінен ұлпаның даму негізі туралы жəне дамудың гистогенетикалық заңдылықтары туралы ақпарат алуға болады.
Ядроның трансплантациясы – особьтің генетикалық көшірмесін алу əдісі. Мысалы, шпорцалы бақа шөмішбалығы ішегінің эпителий клеткасының ядроларын өз ядросы жойылған жұмыртқаға көшіруі жаңа особьтің пайда болуына əкелген (Ж. Гердон тəжірибелері). Бұндай тəжірибелер жоғары омыртқалыларды клондауға негіз болып жəне атақты Долли қойының пайда болуына себеп болған. Ұқсас эмбриологиялық эксперименттер соматикалық клеткалардың ядроларында жаңа организмнің дамуына қажетті генетикалық ақпараттың толық жинағы бар екенін дəлелдеді.
Даму генетикасының ген мен белгі арасындағы байланыс механизмдерін биохимиялық, генетикалық жəне молекулалық əдістер арқылы зерттейді. Геннің қайда жəне қашан, қай ұлпаның клеткаларында жəне дамудың қандай сатысында əсер етуін анықтайды.
Эксперименттік эмбриологияның жаңа жетістіктері ретінде экстракорпоралды ұрықтандыру əдісін ойлап табу болды.
Пробиркада ұрықтанған ұрықты жатырға көшіру бедеу некені емдеу негізі болып табылады. 1973 ж. Л.Шеттлз (АҚШ) бедеу əйелдің жыныс безінен овуляциядан бұрын жұмыртқа клеткасын алып, оны күйеуінің сперматозоидымен ұрықтандырған. Осылай бедеулікті емдеу мақсатында адам ұрығын көшіру техникасына негіз салынды. Бірақ 1978 ж. ғана Ұлыбританияда 2,5 тəулік жасанды ортада өсірілген 8 бластомерлі сатысындағы адам ұрығын (Р.Эдварс жəне П.Стептау) бедеу əйелдің жатырына көшірудің нəтижесінде əлемде салмағы 2 700 г. болатын бірінші “пробиркалық” бала – Луиза Браун дүниеге келді.
омыртқалы жануарлардың онтогенезінде мынадай сатыларды ажыратады: ұрықалды (проэмбриональдық), бұл сатыға жыныс клеткаларының дамуы (гаметогенез) мен ұрықтану жатады; ұрықтық (эмбриональдық), бұл саты бөлшектену, гаструляция, органогенез жəне ұлпалар мен мүшелердің қызметінің қалыптасуына бөлінеді; ұрықтан кейінгі (постэмбриональдық) сатыға–жыныстық жетілуге-организмнің ересек жағдайы жəне оған қоса қартаю сатыларын жатқызамыз. Онтогенезді жеке кезеңдерге бөлудің салыстырмалы сипаты келесі мысалдардан айқын көрінеді: гаметогенез бен ұрықтану сатыларын көп жағдайда ұрықалды даму кезеңіне біріктіреді, ал бөлшектену мен гаструляция фазаларын алғашқы эмбриогенезге жатқызады. Шынында, гамета əлі ұрық емес, бірақ ұрықтанған жұмыртқа клеткасы (зигота) – бұл жалғыз клетка болса да, жаңа организм, нағыз онтогенездің бастапқы сатысы. Омыртқалылардың онтогенезінде бес кезеңді бөліп көрсетеді: 1) эмбриональдық (ұрықтық); 2) личинкалық; 3) метаморфоз; 4) ювенильдік (жыныстық жетілу кезеңі); 5) көбею кезеңі. Көрсетілген кезеңдер бір-бірінен анық ажыраған жəне омыртқалы жануарлардың барлық топтарында қайталанады. Тағы бір ерекше кезең–қартаю кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірақ табиғи жағдайда көптеген особьтар бұл кезеңге дейін тіршілік етпейді. Онтогенездегі бірқатар омыртқалы жануарлардың эмбриональдық дамуының ерекше бейімделушілігі-белгілі бір қысқа немесе ұзақ уақытқа дамуының тоқтауы - ол диапауза деп аталады. Факультативті жəне облигатты (міндетті түрдегі) диапауза болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет