Дәріс №1 Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар

бет4/4
Дата03.07.2023
өлшемі0.93 Mb.
#475509
1   2   3   4
№1 ОЖБӨЖ тақырыбы Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар

Құқықтық прецедент - болашақта туындауы мүмкін ұқсас дауларға негіз болып табылуы үшін оған мемлекет тарапынан міндеттілік сипат берілетін нақты бір іс бойынша қабылданған шешім.

Заңға сәйкес акт - заңға сәйкес және заң негізінде сол заңның орындалуы үшін немесе заңның мәнін айқындау, түсіндіру үшін қабылданған құқықтық актілердің бір түрі.

Заңға сәйкес акт - заңға сәйкес және заң негізінде сол заңның орындалуы үшін немесе заңның мәнін айқындау, түсіндіру үшін қабылданған құқықтық актілердің бір түрі.

Құқық жүйесі дегеніміз - нақты бір мемлекетте қалыптасқан құқықтық актілердің реттеу объектісіне байланысты топтастырылып, құқық саласынан, институтынан және нормасынан құралған жүйе.

Құқық саласы - сипатына қарай ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының үлкен тобы.

Құқық саласы - сипатына қарай ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының үлкен тобы.

Құқық салалары:

1. конституциялық құқық;

2. әкімшілік құқық;

3. азаматтық құқық;

4. қылмыстық құқық;

5. отбасы құқығы;

6. қаржылық құқық;

7. еңбек құқығы;

Құқық нормасы дегеніміз - қоғамдық қатынас қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін нақтылайтын, мемлекет тарапынан танылып, қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелері.

Құқық нормасы дегеніміз - қоғамдық қатынас қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін нақтылайтын, мемлекет тарапынан танылып, қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелері.

Құқық нормасы құрамы үш элементтен тұрады:

  • гипотеза;
  • диспозиция;
  • санкция;

Гипотеза норманың жүзеге асырылуы үшін қажет жағдайларды көрсетеді.
Диспозиция мемлекет қамтамасыз ететін құқықтар мен міндеттерді, яғни қажетті жүріс-тұрыстың мазмұнын көрсетеді.
Санкция диспозицияда көзделген жүріс-тұрыс ережелерін сақтамаған немесе бұзған жағдайда көзделетін жазалау шараларын қамтиды.

Мемлекет өз тарапынан қоғамдық қатынас қатысушыларынан заңдар мен заңға сәйкес актілердің мазмұнында көзделген талаптарды бұлжытпай орындауды талап етеді, мұндай талаптардың жиынтығын заңдылық деп атаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет