Дәріс 1 Операциялық жүйелердің (ОЖ) концептуальды негіздері. Тарихы. Қызметі. Жүйелік шақырулар. Операциялық жүйелер құрылымы



Pdf көрінісі
бет1/56
Дата04.12.2023
өлшемі1.8 Mb.
#485405
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
толық лекция



ДӘРІС 1 
Операциялық жүйелердің (ОЖ) концептуальды негіздері. Тарихы. Қызметі. Жүйелік 
шақырулар. Операциялық жүйелер құрылымы.
Дәріс жоспары: 

ОЖ ұғымы. Негізгі функциялары 

ОЖ тарихы 

ОЖ классификациясы 

ОЖ қызметі 
Операциялық жүйе (ОЖ) – қолданушыға есептеу жүйесіндегі есептерді (процесс, мәселе, 
т.б.) тиімді шешу мүмкіндігін тудыру мақсатында жүйелік басқарушы программалардың 
қолданушы программаларын орындауды жоспарлау және есептеу машинасының барлық 
ресурстарын (программалар, деректер, аппаратура және т.б.) басқару үшін тағайындалған қажетті 
ақпараттық жинағымен бірлестіріліп реттелген тізбек.
Жалпы айтқанда ОЖ – белгілі бір дәстүрлерге, жабдықтар параметрлеріне, белгілі бір 
функцияларды орындайтын, сонымен қатар қызметтерді әртүрлі қолданбалы программалар 
арасында тарататын программалар көлеміне сүйенетін аса ауқымды ұғым. 
Жаңа ОЖ-лер келесі мәселелерді шешуі керек:
- оперативті жадыға қолданушы программаларды жүктеу және оларды орындау 
- ЕТ-ң аппараттық, программалық жабдықтарын жұмысқа дайындау 
- қолданушы мен ЕТ арасында жеңіл байланыс орнату
- ұзақуақытты жадылармен (магнитті диск, оптикалық, лазерлі дисктер, ленталар, т.б.) 
жұмысты ұйымдастыру және басқару - ұзақуақытты жадылардың бос кеңістіктерін 
басқарып, қолданушы деректерін орналастыру 
- Терминал, модем, баспа құрылғысы т.б. енгізу-шығару құрылғыларын стандартты 
қолданысқа беру 
- Қолданушы интерфейсін көрнекі және жеңіл жүргізу. 
- Бірнеше есепті параллеьді орындау (турасы, псевдопараллельді, егер машинада тек 
бір процессор болса 
- Компьютер ресурстарын есептер арасында орналастыру, бөлу 
- Есептерді бір бірімен байланыстыру 
- Қолданушы программаларын стандартты емес құрылғылармен байланыстыру 
- Машина аралық байланысты орнату және ресурстарды бөлу 
- Жүйелік ресурстарды, деректерді, қолданушы программаларын қорғау 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет