Дәріс 1 Операциялық жүйелердің (ОЖ) концептуальды негіздері. Тарихы. Қызметі. Жүйелік шақырулар. Операциялық жүйелер құрылымы



Pdf көрінісі
бет4/56
Дата04.12.2023
өлшемі1.8 Mb.
#485405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
толық лекция

 
1.4. ОЖ-лердің құрылымы
1.4.1.Монолитті жүйе. 
Жүйелік құрылымы: 
1. Талап етілген сервистік процедураларды шақыратын басты бағдарлама. 
2. Жүйелік шақыруларды жүзеге асыратын сервистік процедуралар жинағы. 
3. Сервистік процедураларға қызмет көрсететін утилиттар жинағы. 
Бұл моделде әрбір жүйелік шақыруға арналған бір сервистік процедура (мысалы, файлдан 
оқу) болады. Утилиттар бірнеше сервистік процедураларға (мысалы, файлдан оқып, оған жазу 
үшін дискімен жұмыс істеу утилитасы қажет) қажет болып табылатын функцияларды орындайды. 
Шақыруларды өңдеу сатылары: 

Шақыру қабылданады 

Қолданушы режимінен ядро режиміне көшу орындалады 

Қандай жүйелік шақыру орындалуы керек екендігін анықтау үшін ОЖ шақырудың 
параметрлерін тексереді. 

Бұдан кейін ОЖ процедураларға сілтемелер бар кестеге қарап сәйкесінше 
процедураны шақырады. 
1.4.2. ОЖ-нің көндеңгейлі құрылымы. 
Алдағы өткен әдістің жалпылауы ОЖ-ні деңгейлер иерархиялары ретінде ұйымдастыру 
болады. Деңгейлерді ОЖ-нің функциялар тобы құрайды-файлдық жүйе, процестер мен 
құрылғыларды басқару және т.б. Әрбір деңгей өзінің тікелей көршісі- жоғарғы немесе төменгі 
деңгеймен қарым-қатынасқа түсе алады. Қолданбалы бағдарламалар немесе ОЖ-нің өз модульдері 
шарт-сұранымдарды жоғары төменге осы деңгейлер бойынша береді. 
Артықшылығы: 

Жоғарғы өнімділігі 
Кемшіліктері: 



Ядро кодының үлкендігі, бұдан келіп қателердің көптігі 

Ядро көмекші процестерден жаман қорғалған 
UNIX көпдеңгейлі моделін іске асыру мысалы. 
 
1.4.4.Микроядролық архитектура (клиент-сервер моделі). 
Бұл модель алдыңғы екі модельдің арасындағы модель болып табылады. Қазіргі кезде ОЖ 
дамуында минималды микроядро қалдыра отыра, есептерді (бұл жерде есп қандай да 
компьютерлік тапсырма, бағдарлама) ядродан қолданушылық процестерге беру жағына ауысу 
тенденциясы байқалады. 
Бұл модельде екі түсінік енгізіледі: 
1. Серверлік процесс (сұраныстарды өңдейтін) 
2. Клиенттік процесс (сұраныстарды жіберетін) 
Ядроның қызметі- клиенттер мен серверлер арасындағы байланысты басқару ғана болады. 
Артықшылықтары: 

Ядро және бөлек ішкі жүйелердің кодының аздығы, бұдан келіп қателердің аздығы. 

Ядро көмекші процестерден жақсырақ қорғалған. 

Таратылған жүйеде қолдануға жеңіл бейімделеді. 
Кемшіліктері: 

Өнімділіктің азаюы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет