Белсенді күте отыра өзара бір-бірін жою.
Өзара бір-бірін жою тәсілдерін қарастырайық.
Үзілулерге тыйым салу. Оның мәні- прцесс критикалық
облысқа кірген кезде барлық
үзулерге тыйым салу. Бұл әдістің кемшілігі мынада: егер процестің жұмысы бұзылса,
онла ол
үзілуге қойылған тыйымның күшін жоя алмайды.
Блоктау айнымалылары. Блоктау айнымалысы деген түсінік енгізіледі,
яғни егер осы
айнымалының мәні, айталық, 1-ге тең болса, онда ресурсты басқа процесс қолданып жатыр да, ал
екінші процесс жаңағы айнымалының мәні 0 болғанша дейін күту режиміне өтеді (блоктанады).
Блоктану айнымалының тәсілі. Бұндағы проблема, баспа процесіндегідей, бірінші процесс 0-
ді оқын алған соң, екінші процесс
процессорды қолдануға алып, ол да 0-ді оқып ала алады.
Блокталған процесс блоктау айнымалысы өзгерген-өзгермегенін ылғи тексере отыра Белсенді күту
режимінде болады.
Қатаң кезектеп келу.
Бұл моделде процестер айнымалыларды қолдана отыра қатаң кезек бойынша орындала
алады.
Әдістің кемшіліктері:
Блокталған процесс айнымалының өзгерген-өзгермегенін тексере отыра, ылғи циклда
болады.
Критикалық облыс сыртындағы процесс басқа процестерді
блоктай алады деген
ушінші шартқа қайшы келеді.
Белсенді күту алгоритмдері бар (Петерсон алгоритмі, TSL командасы),
бірақ олардың
барлығына ортақ кемшілік бар- айнымалының өзгеруін тексеру цикліне процессордың уақыты
мақсатсыз жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: