Блок – схема компьютерге программалар жасау практикасында
кеңінен қолданылатын
алгоритмдерді жазудың графикалық тәсілі, басқаша айтқанда,
алгоритмнің логикалық
құрылымын график түрінде бейнелейтін тіл десек болады. Есепті шешу алгоритмнің блок –
схемасын құрған кезде есепті шығару процесі кезеңдерге бөлінеді.
Әрбір кезең есептелетін операцияның сипатына байланысты белгілі конфигурациясы бар бір
геометриялық
фигурамен (блокпен) белгіленеді. Мысалы, жұмыр (сопақ), параллелограмм,
тіктөртбұрыш,
ромб т.с.с.
Блок деп аталатын мұндай фигуралардың ішіне кезеңдердің мазмұны жазылады. Есептелу
процесінің бағыты блоктарды қосатын стрелкалармен көрсетіледі. Осы аталғандардың бәрі блок-
схема тілінің алфавитін құрайды және олардың мағынасы алдын ала келісілген келісім бойынша
беріледі.
Төмендегі
1-кестеде
стандартты блок-схема тілінің алфавиті берілген.
Әрбір блок-схеманың
басы
және
соңы
деп аталатын блоктары болады.
Басы, соңы
блоктарынан басқа блоктың бір ену және бір-екі шығу сызықтары болады.
Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі
блоктар енгізу мен баспаға шығару және информацияларды өңдеу әрекеттерін білдіреді, ал
қосымша блоктар блок-схеманы түсіндіру және байланыстарды таңбалау үшін пайдаланылады.
Блоктардың анықтайтын әрекеттері, яғни түсініктер блокты
бейнелейтін геометриялық
фигураның ішіне жазылады.
Деректерді енгізу блогы есептеу есептерін шешуде айнымалылардың сандық мәндерін
компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады.
Деректерді өңдеу блогы (есептеу блогы) қандай да бір формула бойынша
айнымалылының мәнін есептеу процесін білдіреді. Мұнда есептелген
шамалар оларға сәйкес
айнымалылар жаңа мәндер қабылдағанша сақталады.
Бұл блокта формуланың сол жағында тұрған айнымалылар оның оң жағына да қатыса
алады, бұл дегеніміз айнымалылының
жаңа мәнін
бұрын есептелген ескі мәнінен шығарып
алудың қажеттігін көрсетеді.
Шартты тексеру блогы есептелу процесінің барысы тікелей кейбір шартқа тәуелді
болатын есептелу процесінде анықталатын тармақталу алгоритмін бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: