9. Хиназолинді алкалойдтар.
Хиназолин туындылары алкалойдтардың кішкентай тобын құрайды. Олар мәңгі жасыл улы бұта Dichroa febrifuga Lour - дихроа противолихорадочный өсімдігінде бар екендігі анықталған. Ол өсімдік Оңтүстік-Шығыс Азияда тауда кездеседі.- Қытайда ол өсімдікті температураны түсіру үшін қолданады. Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің ішінде ол алкалойдтар Peganum harmala L. деген өсімдікте болады.
Perganum harmala L. - адыраспан (гармале обыкновенная). Адыраспан - Peganaceae тұқымдасынан.
Көпжылдық, көпсабақты шөптесін өсімдік өзіне тән ерекше иісі бар, өсімдіктің биіктігі - 40-50 (70) см. Тамыры көпбасты, күшті дамыған, топыраққа тереңірек енеді. Сабақтары бұтақтанған, иірленген, жалаңаш, қалың жапырақтанған. Жапырақтары - сағақсыз, кезек орналасқан, ұзындығы - 4-5 см, гүлдері көп, 1-3-тен сабақтарының, бұтақтарының ұшында орналасқан. Тостағаншасы түбіне дейін 5 тостағанша жапырақшаға бөлінген. Күлтесі 5 сары күлте жапырақшадан тұрады. Аталығы - 12-15. Жемісі - құрғақ, 3 ұялы қорапша, кесе-көлденеңі 1 см-ге дейін. Қорапшада 100-ге дейін майда қара-қоңыр үш қырлы тұқымдары болады.
Орта Азия Республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, Кавказда көп кездеседі. Жартылай шөлдерде, сазды және құмайт топырақтарда, тегіс жерлерде өседі, кейде тауға да көтеріледі. Арам шөп ретінде үйлердің жандарында, жайылымдарда кездеседі.
Химиялық құрамы.
Адыраспан шөбінде 1,5-3% шамасында алкалойдтар, оның ішінде 60%-ы пеганин (вазицин) және вазицинон болады. Тамыры және тұқымдары да алкалойдтарға бай (2-6%), оларда, негізінен, гармин алкалойдтары - гаргмин және гармалин.
Дәрілік шикізаты.
Шөбін ерте көктемде бутондану кезінде жинайды. Жинау сүректеніп кеткен төменгі жағынан емес, тамырларына зиян тигізбей жинайды. Кейбір ірі өсімдіктерде сабақтарының саны 100-ге дейін болуы мүмкін. Кептіру көлеңкеде жүргізіледі. Иісі және дәмі тексерілмейді (өсімдік улы).
Пайдаланылуы.
Адыраспан шөбінен гидрохлорид түрінде алкалойд пеганин алынады (Peganum hydrochloridum). Ол таблеткалар немесе инъекциялық ерітінді түрінде миопатия, миостения және іш қатқанда, ішектің атониясына қарсы антихолинэстераз дәрі есебінде қолданылады.
Адыраспанның тұқымдарындағы алкалойдтар эпидемиялық энцефалитке, қалтырауық салмен (паралич) ауырғанда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |