Химиялық құрамы.
Echinops ritro өсімдігіндегі негізгі алкалойд - эхинопсин, оның мөлшері шикізатта 1 %-дан кем болмауы керек.
Эхинопсин тірі өсімдікке тән алғашқы алкалойдтан пайда болады, ал ол алғашқы алкалойдтар амин және гидроксиль топтарының болуымен сипатталады.
Алкалойдтардан басқа Echinops ritro жемістерінде 26-28% майлар болады.
Дәрілік шикізаты.
Жемістерінің піскен шоқпар бастарын бастырып жинайды. Тұқымшалары ұзарған кері жұмыртқа тәрізді, ұзындығы - 7-9 мм, жоғарғы жағының ені 2 мм шамасында, түктенген түктері қоңыр жатыңқы. Жинаған кезде пісіп-жетілмеген жемістерінің мөлшері 10%-дан аспауы керек.
Пайдаланылуы.
Echinops ritro эхинопсин нитратын өндіруге пайдаланылады. Эхинопсин нитраты (Echinopsini nitrus) стрихнин сияқты жалынның рефлекторлық қозуын және қаңқа бұлшық еттері жұмысын арттырады.
7. Изохинолинді алкалойдтар.
Сутектендірілген формасында изохинолинді сақина көптеген алкалойдтардың негізі болып саналады.
Изохинолинді алкалойдтар тобы біртекті емес. Сутектену дәрежесіне байланысты, қосымша сақиналарына және басқа да ерекшеліктеріне байланысты изохинолинді алкалойдтар бірнеше топ тармақтарына бөлінеді:
- тетрагидроизохинолинді;
- бензилизохинолинді;
- морфинді;
- бисбензилизохинолинді;
- протопинді;
- протоберберинді;
- бензофенантридинді;
- амариллисті;
- эметинді.
Изохинолинді алкалойдтардың ерекшеліктері бір өсімдіктің өзінде әртүрлі типті кұрылымы бар алкалойдтар кездесуі мүмкін.
Изохинолинді алкалойдтар тобына жататын алкалойдтар әртүрлі өсімдіктерде кездеседі. Мысалы: 1) Glaucium flavum (Papaveraceae), Thalictrum minus L., T. foetidum L. (Ranunculaceae), Berberis vulgaris L. (Berberidaceae), Chelidonium majus L. (Papaveraceae), Macleaya microcarpa (Papaveraceae), Stephania glabra (Menispermaceae), Ungernia victoris Vved, U. sewertzwii (Amaryllidaceae), Cephaelis jpecacuanha Willd (Rubiaceae). Осы өсімдіктердің ішінен толығырақ Chelidonium majus L. өсімдігінің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Chelidonium majus L. - Papaveraceae тұқымдасынан. Чистотел большой, қазақша аты - сүйелшөп.
Үлкен сүйелшөп - көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі -30-100 см. Өсімдіктің барлық мүшелерінде қызыл-коңыр түсті сүтті шырыны болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, төменгі жағы көкшіл-сүр, төменгі жапырақтары - сағақты, сабақтағы жапырақтар - сағақсыз, жапырақтар тақтасы жалпақ эллипс тәрізді.
Гүлдері шатыр тәрізді гүлшоғына жиналған. Тостағанша екі жапырақшадан, күлте 4 ашық сары жапырақтан тұрады. Аталығы өте көп, аналығы ұзарған бір ұялы жатыннан ұзындығы 5 см шамасында бұршаққынға ұқсаған қорапшада дамиды.
ТМД елдерінің Европалық бөлігінде (Солтүстік регионнан басқа), Кавказда, сирек Сібірде және Алыс Шығыста кеңінен таралған.
Қазақстанда арамшөп ретінде шөл және жартылай шөл аймақтардан басқа барлық региондарда кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалойдтар болады. Олардың мөлшері шөбінде 2% шамасында, ал тамырларында 4%-ға дейін болуы мүмкін.
Алкалойдтардың құрамы өте күрделі, өздерінің структурасына қарай олар изохинолин туындыларының әртүрлі тип тармақтарына жатады.
1) протоберберин алкалойды (берберин, контизин және т.б.):
2) протопин алкалойдтары (протопин, аллокриптопин):
3) бензофенантридин алкалойдтары (хелидонин, хелеритрин, сангвикарин және т.б.).
Алкалойдтар сүйелшөпте бос күйінде және байланысқан күйінде хелидон қышқылымен болуы мүмкін. Сүйелшөпте алкалойдтардан басқа сапониндер, флавоноидтар, аскорбин қышқылы (170 мг/100 г), каротинойдтар (20 мг/100 г) және органикалық қышқылдар - алма, лимон және янтарь болады.
Достарыңызбен бөлісу: |