Химиялық құрамы.
Қастауышта алкалойдтардың бар екендігі XIX ғасырдың екінші жартысынан белгілі. XX ғасырда ғана ғалымдар оларды бөліп, олардың табиғатын анықтады. Алғаш 1906 жылы алкалойд эрготоксин бөліп алынды. Сосын 1918 жылы эрготамин және эрготаминин сияқты суда ерімейтін алкалойдтар алынды. 1935 жылы қастауыштан бірінші суда еритін алкалойд - эргометрин алынды.
Қазіргі кезде қастауышта стереоизомерлі индол алкалойдтарының жеті жұбы бар екендігі анықталды (1-кесте). Олардың ішінде әрбір солға айналатынына (физиологиялық жоғарғы белсенді алкалойд) оңға айналатын (белсенділігі төмен) стереоизомері сәйкес келеді. Солға айналатын физиологиялық белсенді изомерлер лизергин қышқылдарының туындылары, ал белсенділігі төмен оңға айналатын изомерлер - изолизергин қышқылдарының туындылары.
2 кесте
Қастауыштың эргоалкалойдтарының негізгі топтары
Топ
|
Солға айналатын стереоизмер
|
Оңға айналатын стереоизмер
|
Эрготамин
|
Эрготаминин, Эргозин
|
Эрготаминин, Эргозинин
|
Эргостин
|
Эргостин, Эргокрипстин
|
Эргоснинин, Эргокристинин
|
Эрготоксин
|
Эргокриптин, Эргокорнин
|
Эргокриптинин, Эргокорнинин
|
Эргометрин
|
Эргометрин
|
Эргометринин
|
Қастауыштағы эргоалкалойдтардың мөлшері қара бидайдың егілген регионына, ауданына байланысты өзгеріп отырады.
Алкалойдтардан басқа қастауышта әртүрлі аминдер (тирамин, гистамин және т.б.), алкиламиндер (триметиламин, метиламин және т.б.), амин қышқылдары (валин, лейцин және т.б.) және құрамында азоты бар (холин, бетанин, ацетилхолин және т.б.). Қастауыш қосылыстарда май өте мол болады (33-35%), сүт қышқылы, қант, белоктар, эргостерин (0,1%), сары және қызыл пигменттер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |