Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет4/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
5.Лекциялық кешен

Шөлдер. Шөлдер аймағының өте созылыңқы екендігіне байланысты шөлдіктердің ендіктегі ауысуларын көруге болады: солтүстік далаланған, астықтұқымдасты, жартылай бұталы (ауданы 57,3 млн гектар)ортадағы нағыз жартылай бұталы және оңтүстік жартылай бұталы және бұталы (ауданы 61,8 млн гектар).
Таулар массивтерінің шеттерінде өсімдіктер жабындарының ерекше бірегей типтерін кездестіруге болады. Эфемеройдты-астық тұқымдасты, жартылай бұташалармол эфемеройдты астықтұқымдасты, жартылай бұташалы және эфемеройдтф бұталы, солармен қатар Батыс Тянь-Шянь және Қаратаудың оңтүстігін қоршаған жазықтықта ерекше қуаңшылық типті өсімдіктер жабыны –жартылай бұталы – эфемеройдты қауымы таралған. Олардың әдебиеттегі атауы жартылай саванна, саванна және т.б барлық тау етектеріндегі өсімдіктер жабынындағы типтерінің ауданы -2,7 млн гектар.
Өсімдіктердің шөлдердегі типтерінде 120 формация бар. Қазіргі кезге дейін 300 шамасында шөлдер қауымдары сипатталған соңғы мәліметтер бойынша шөлдерде өсімдіктер қауымдарының 400-ге жуық типтері бар екендігі туралы айтылады.
Өсімдіктердің қазіргі жағдайы және олардың биологиялық алуантірлілігінің әлсіреуі шөлдердің әртүрлі тармақтарында бір деңгейде жүрмейді. Негізінен жусанды солтүстік шөлдері өте жақсы жайылымдықтар болғандықтан, қыстаулардың ауыл селолардың айналасында, ошақтық шектен тыс мал жайылуы байқалады.
Қазақстанда, әсіресе оңтүстік шөлдерде шектен тыс мал жаюға қосымша өсімдік жабындарының бұзылуы әртүрлі техногендік (мұнай, газ өндіру, шөп шабу және т.б)факторларға байланысты
Тау етектеріндегі өсімдіктер жабындарының бұзылуы айтарлықтай жүруде. Соның нәтижесінде өзіндік ерекшелігі бар қазақстандық эфемеройдтыжусандар шөлдері жойылып кетті деуге болады. Бұл, негізінен, суарылатын егін шаруашылығы және шектен тыс мал жайылатын аудандар, сондықтан халықтар көбірек шоғырланған.
Ормандар .Ормандар массиві, негізінен, Алтай, Тянь-Шянь тауларында және кейбір жеке массивтер Солтүстік Қазақстанда жазықтықты және ұсақ шоқыларда таралған.
Қазақстандағы ормандардың жалпы ауданы- 2456,8 мың гектар. Орманмен толық жабылған территория- 10503,6 мың гектар. Орманмен нақты жабылңан жерлер құрамында:сесеуіл -5 млн гектар, қарағай- 963 мың гектар, қайың- 900 мың гектар, самырсын-384 мың гектар, көктерек- 296,8 мың гектар , балқарағай- 175 мың гектар, шыршалар – 168,2 мың гектар. Ормандардың 13337,4 мың гектары ұзақ уақыт пайдалануға берілген
Орманды дала аймағының түзушілер, негізінен, қотыр қайың (betula pendula roth- береза бородовчатая-), үлкен қайың ( betula rubescens L. берзе пушистая) көктерек(populus tremula L. - осина ), тал (salix-ива) аралас.
Дала аймағының ормандары жер рельефінің сай жерлерінде қайың және көктерек, ал құмды борлы алқаптарда кәдімгі қарағай өседі.
Шөл аймағының ормандарын құрайтын - негізінен қара сексеуіл (haloxylon appulum -саксауыл безлистный) және ақ сексеуіл (haloxyon persicum bunge et boyss et busheсаксауыл персидски). ол сексеуілден құралған ормандар ауданы 10 млн гектардан 5 млн гектарға дейін азайды.
Тораңғыдан , тораңғылардан, жидеден құраған тоғайлы ормандар өзендер бойында тар алқапта өседі. Олардың едәуір массивтері дегредацияға ұшыраған.
Қазақстан тауларындағы ормандарға келетін болсақ, Алтай, Солт. Тянь-Шянь, Жоңғар Алатауы ормандары едәуір биологиялық алуантүрлілікпен сипатталады. Алтай тауының төменгі алқаптарында жапырақтар ормандар (betula- қайың, көктерек(populus tremula L.-осина), өседі. Сібір самырсыны молырақ таралаған. жеке учаскелерде самырсын қарағайы (pinus sibirica ledeb-сосна кедровая). Сібір балқарағайы (larix sibirica ledeb-лестница сибирская) араларында өседі, аз болса Сібір шыршасы да ( picea odovata ledeb-ель сибирская) кездеседі.
Солт.Тянь-Шянь және жоңғар Алатауындағы ормандар да биологиялық алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл таулардың төменгі белдеулерінде Сеиенов үйеңкісінен (acer semenovi regel et herd- клен семенова) фрагменттерін көруге болады. Жоғарырақ сивес алмасы, жоңғар доланасы және көктерек өседі.
Таулардың ортаңғы белдеуінд Шренка шыршасы (picea scherkiana fusch. et C.A Mey - ель шренка) ормандар және шалғындықтар жоғарырақ аршаларға (қара арша-juniperus Сібір аршасы J.sibirika)және Альпы шығанақтарына ауысады.
Дегредация барысында ормандардың шекаралары өзгеріп ауысады.
Батыс Тянь-Шянь ормандарында Түркістан аршасы (juniperus turcestanica- можжевельник туркестанская) сауыр аршасы (juniperus semig robus regel- можжевельник полушавельный), зеравшан аршасы (Seravchanica kom- можжевельник зеравшански) кеңінен таралған.
Бұл регионның солт. жағында оңт. салыстырғанда жағдай нашар. Соған байланысты солт. жағында жылу сүйгіш түрлер: жаңғақ, бадан,миндаль және т.б. кездеспейді. жаңғақ, тере, және қайың ормандар дегредацияға ұшыраған.
Қазақстандағы шалғындық аудандар шамамен 6 млн гектардай. Өнімді суарма шабындық - 2,2 млн гектар, оның ішінде су жайылған жерлер мөлшері - 1,3 млн гектар, оның ішінде су деңгейінің төмендеуі, топырақ кебуі және сортандауы шабындық өсімдіктердің дегредацисының өсімдіктің азаюына пішен шабатын алқаптың жайылымдыққа ауысуына және биологиялық алуантүрліліктің әлсіреуіне әкеледі.
Шабындықтың ерекше өзгерістерін Іле, Сырдария, Шу өзендерінің төменгі алқаптарына және жайылымдарында көруге болады. Бұл жерлерде жоғары өнімді қамыстар дегредацияға ұшырады.
Өзен суларының тартылуына байланысты көп жерлерде шабындықтар дегредацияға ұшырап жойылуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет