Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет60/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
5.Лекциялық кешен

3. Орталық Қазақстан.
Бұл регионға Қарағанды облысы және бұрынғы Жезқазған облысы кіреді. Олар Орталық Қазақстан ұсақшоқылары территориясында орналасқан.
Бұл регионның флорасының әртүрлілігі жалпы ұсақ шоқының және Ерейментау, Ұлытау, Қарқаралы, Кент және т.б. биік емес таулардың кескіні анықтайды. Бұл регионның көп территориясында бұталы-астықтұқымдасты құрғақ далалар кездеседі.
Орталық Қазақстан өсімдіктері толық зерттелген деп айтуға болады. Өйткені КСРО Ғылым академиясы Ботаника институтының қызметкерлері көп жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 1975 жылы Орталық Қазақстан ұсақшоқыларының өсімдіктер тобының картасын толық жасады. Одан кейінірек Қазақ КСР Ғылым академиясы Ботаника институтының ғалымдары толық флористикалық зерттеулер жүргізді.
Бұл регион әртүрлі антропогендік және экологиялық факторлардың әсеріне душар болды. КСРО кезінде Орталық Қазақстан көмір, ауыр және түсті металдар өндіретін өндіріс орталығы болды. Оған көп жылдан бері жұмыс істеп тұрған Байқоңыр ғарыш айлағында және шығыс жағынан Семей полигонының әсерін айтуға болады. Осының барлығы бұл регионның өсімдіктер және жануарлар әлеміне экологиясына өзінің зиянын көп тигізді. Сондықтан бұл регионның тек кейбір өсімдіктер түрлері ғана емес, түгел табиғи кешендері қорғауды қажет етеді.
Бұл регионда ресурстары жағынан ең маңыздылары - Қарқаралы таулары, Ұлытау және өзендердің алқаптары.
Қарқаралы тауларында кәдімгі қарағай (Pinus silvestris -сосна обыкновенная) кездеседі. Бұл оның ареалының ең оңтүстік шекарасы, сирек те болса қарқаралы бөріқарақаты (Berberis karkaralensis - барбарис каркаралинский), Сібір бөріқарақаты (Berberis sibirica - барбарис сибирский), қызыл қайың (Betula kirghisorum - береза киргизское) және құртқашаш (Ігіs - касатник) кездеседі.
Ұлытауда жеткіліксіз зерттелген өсімдіктер түрлеріне Торғай бұйырғыны (Anasasis turgaica - ежовик тургайский), Ұлытау түймешетені (Tanecetum ulutavicum - пижма улытауская), салалы гүлкекіре (Centaurea bipinnatifidia - василек двоекоперистый) жатады. Ұлытауда және Жезқазған өңірінде ресми қабылданған бағалы өсімдік - құмдық салаубас (Helichrusum arenarium - цимин (бессмертник) песчаный) түгел жойылып кетті деуге болады. Антропогендік факторлар әсерінен жойылып бара жатқан түрлер қатарына Дмитриева (1974) мәліметі бойынша Шренк қызғалдағын (Tulipa schrenkii - тюлпан шренка), кіші сепкілгүлді (Fritillaria meleagroides - рябчик малый), татар шөпжиярын (Jxiolirion tataricum - иксиолирион татарский) жатқызуға болады, Бұл регионда перспективалы ауданда Сарысу өзені алқабын жатқызуға болады. Бұл жерде пайдалы өсімдіктер ішінде малазықтық 100, ал дәрілік 50 өсімдік түрі кездеседі. Оларға қосымша тағамдық, балды, сәндік және басқа да шаруашылық үшін бағалы өсімдіктер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет